Баяндама: Иновациялық технологиялар бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдылық қабілетін арттыру

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Иновациялық технологиялар бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдылық қабілетін арттыру
«Қазақстан жолы - 2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ »атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі:

  • Біріншіде, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ,орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерулері қажет, - деп көрсеткен болатын .
Білім негізі бастауыш сынапта қаланатыны белгілі жай. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі,оқуы және дамуы жайлы теория мен тәрбие таным мәселесінде қиылысады.Танымдық іс - әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Бастауыш сынып кезіндегі танымдылық, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орны және таным қызығушылығының қалыптасу ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер өте көп. Қазір балалардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді.
  • оқушының жаттығу жұмысы нәтижесінде деңгейлері көтеріледі,
  • пәнге деген қызығушылығы артады,
  • оқушының білім сапасы көтеріледі,
- логикалық ойлау мен шығармашылық іс- әрекетке қабілет артады.Білім берудің бастауыш сатысы - тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бұл кезеңде баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанмен, білуге құмар, барлығын көзімен көруді ұнатады. Осыған орай, бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр. Оқыту барысында дидактикалық ойындарды, дамыта оқыту, білім беруді ізгілендіру технологияларын қолданған дұрыс деп есептеймін. Қазіргі қүннің талабына сәйкес, бастауыш сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық компьютерлік технологияны пайдалану және оның тиімді әдісін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрлымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтіп отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре білуге, оны дамытуға толық жағдай жасайды. Осы орайда денсаулық сақтау технологиясының пайдасы баланың жасынан өз денсаулығын күту үшін қажет. Қандай жағдай болсын бала денсаулығы бірінші орында тұрады, баланың салауатты өмір жайлы білімін қалыптастыру және не зиянды екенін білдіріп отыру- біздің міндетіміз. Оқу - тәрбие жұмысында интерактивті әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, он бір бағыт бойынша оқушылардың дүниеге деген танымын қалыптастырамыз. Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру - балаға деген субъектілі көзқарас жасау. Жүргізілген іс - шараларды диагностикалауда негізгі бір бөлім баланың танымын анықтау болады. Танымдық қабілеті баланы бірінші сыныпқа келмей-ақ, дайындық тобында жеке басына арналған портфолиосында анықталып көрсетіледі. Бастауыш сынып оқушысының оқуға деген көзқарасының бір параметрі оның танымдық деңгейіне байланысты екені ғылымда көрсетілген. Бала жасынан әр нәрсеге ерекше көзқараста болады. Әр заттың сырын біліп, оны жан-жақты танығысы келеді, бұл табиғи заңдылық. Сондықтан, баланың танымдық қабілетін дамытып, оның дүниеге деген ой- сезімін қанағаттандыру арқылы, мектептегі оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қалыптастырамыз. Осы тұрғыда иновациялық технологияның әдіс - тәсілдері оқушы мен мұғалімге өте қажет. Оқыту барысында пәндер бойынша берілетін электрондық оқулықтардың пайдасы зор. Мысалы: ана тілі пәнінде жазушы шығармасының мазмұнын түсіндіру үшін шығарманың өзіндік танымын бала танымы мен көзқарасына сай үйлестіре жеткізу жолында ізденіс жасаймын. «Туған жер» тарауын қортындылаған кезде оқушының алған білімі берік сақталу үшін әр түрлі дидактикалық танымдық тапсырмалар беремін. Баланың танымдық күшін қалыптастырып дамыту барысында, баланың жанына, оның жүрегіне жылылық ұялату мақсатын алдыға қоямын, осы кезде Ш.Амонашвилидің ізгілендіру технологиясын пайдаланамын. Баланың тұған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру үшін мәселелік технологияға сүйеніп, бала қызығатындай мәселе туғызамыз. Туған ел,туған жер құдіретті, киелі мекен екенін ұғындырамын. Сабақтың өтілуі барысында Венн диаграммасын, Исерт әдісін, Шаталвтың тірек белгілері технологиясына сүйенемін. Берілген білімнің базалық деңгейінің барлық оқушыға мідеттілігі,тапсырманың саралануы оқушының күшіне ыңғайлануы арқылы, саралап оқыту технологиясы арқылы жүзеге асады. Сөз байлығы мол оқушыларға шығарма, өлең шығаруға қабілетті балаларға өлең шумағы, суретке икемділерге туған ауыл табиғатына сурет салуды тапсырамын, ал қалған балаларға табиғат көрінісін бейнелейтін суреттер жинауға тапсырма бердім. Туған ауыл, оның табиғатыжайлы «Үш анық» газетінің «Ақбота» айдарына шыққан оқушымын Аманжолов Дәуреннің өлеңдері оқып, ондағы Шар өзені жайлы не білеміз деген танымдық сұрақтар қойылады. Үнтаспадан туған жержайлы әндер тындалып, адам жүрегіне әсер ететін сөздеоге грамматикалық талдау жасалынды. Оқушының танымдық қабілеті дамымаса, оның шығармашылық қабілеті де болмайтыны белгілі. Ол үшін сабақ барысында «Ой қозғау» стратегиясын,с өзжұмбақ, анаграмма, мақал- мәтел, жұмбақ, ребус, жаңылтпаштарды пайдалану арқылы баланың ойлауын, тілін, сөздік қорын молайту қажет. Әр кезде оқушыға сенім артып, шамасын бақылай отырып,тапсырма берілсе, орындамайтын бала болмайды. Педагогикалық талапқа сәйкес өзіндік танымдық қабілетін оқу процесінде дұрыс көрсете алмаса, баланың психикасына, жағдайына қарап, түзету жұмысын жасаймын. Жаңа технологияның мұғалімдерге берері өте көп. Сабақты бағалау кезеңінде оқушы білімін ретинг жүйесі бойынша бағалауды пайдаландым.
р/с Оқушының тегі Өткенді пысықтау Таным сұрақтары Таным тапсырма Әңгіме құрау Топтастыру Ұпай саны

5 ұпай 3 ұпай 5 ұпай 3 ұпай 3 ұпай

















Жалпы бастауыш сыныпта дүниетану сабағы өте қызықты сабақ. Бұл сабақта балалар қоршаған орта жайлы біліп қана қоймай, ол неге солай болады деген сауалдарды жиі қояды. Баланың сауалына жауап беру үшін жаңа технологиялық әдіс- тәсілдері пайдаланып, адам ағзасының, өсімдіктер мен жануарлардың, қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам өмірі үшін алар орны мен мәнін ашып түсіндіреміз. Пәнге қызығуын арттырып,білім қорын кеңейту үшін кіші зерттеу жұмысын, тәжірбие жасау, сарамандық жұмыс, қосымша деректер, саяхат,экологиялық мағұлмат,халықтық болжауларды ұйымдастырудың мәні бар. Мысалы: «Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» деген тақырыпты өткен кезде мынандай технологиялық картамен сабақ жоспарладым.
Сабақтың өтілу мерзімі Сабақтың түрі Сабақтың мақсаты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Сабақтың нәтижесі












Негігі мақсат- оқушыларға өздерінің туған ауылындағы «Әктас » карьері туралы нақты мағұлмат беріледі. Себебі бала туған ауылындағы пайдалы қазба - әктас туралы танымдылық білім алуы қажет болады. Кенге жатпайтын әктастың пайдасы мен экологиялық зянын оқушылар саралап білуі керек. Сыныпта «Біздің ауыл» деген стенд бар,ондаауылдың тарихы,карьердің даму жолдары толық жазылған, ал балалар бұл туралы хабардар. Оқушылардың танымдық біліктілігі өз деңгейінде болуы үшін карьерге саяхатқа апарадым, онда көптеген бейәлім дүниелермен таныстым.карьер балалардың ата- аналары еңбек ететін орын,қайнаған еңбек көзі. Осы саяхат барысында балалар тастын жерден қазылып алынуын, ұсақталып-үгітілуін,өңделуін, вагондар арқылы «Семей Цемент» зауытына жөнелтілуін көрді. Қосымша цеенттің дайындалуы туралы деректер бердім. Яғни,әктастың цементтіің, силикат, қызыл кірпіштердің жасалатынын білді. Қысқаша айтқанда, кенге жатпайтын әктас құрлыс үшін таптырмас затекен. Сонымен қатар, карьердің экологиялық зиянды жағымен де танысты. Тасты жерден қазып алу үшін жерге қопарылыс жасайды. Сонда қатты дүмпудің салдарынан үйдің қабырғасы жарылып, терезелер шытынауы мүмкін т.б. Ал карькрден шыққан шаң- тозаң ауылға келіп,адамдарға,алдарға, ағып жатқан өзенге зияның тигізеді. Қоршаған ортадағы әр нәрсенің пайдасы мен зиянын осындай танымдық саяхатта бала кқріп, білді. Қортындылай келе, сабақта оқушылар карьердің пайдасы мен экологиялық зардаптары туралы Венн диаграммасын сызды. Сабақаралық байланыс тұрғысында матиматикалық пәнінен танымдық есептер шығарттым. Мысалы: карьерден 60 тонналық 33 вагон әктас бір күнде Семей зауытына жөнелтілсе, үш күнде қанша тонна тас жөнелтіледі? Бұл есепте баланың математикалық дағдысымен қатар танымдық білігі де дамиды. Себебі, көрнекті педагог К.Д.Ушинкий «Бастауыш мектеп балаларының логикалық ойы мен тілі дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделу керек» деген. Қазіргі кезде даыта оқыту технологиясына негіздлген жаңа буын оқулығыда баланың өз бетімен ойлана білуіне, сыртқы ортамен қарым - қатынас жасауына ықпал ететін тапсырмалар көп. Бұл баланың өзіндік танымдылығын дамыту үшін өте қажет. Бастауыш сыныпта өзіндік танымды қалыптастыру барысында оқушыларды қызықтырып, өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қортынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы бар. Танымдық үрестірмелі материалдар берумен тестік жұыстарды білім деңгейіне қарай орындатып, өз - өздеріне баға бергізу, қызықты тапсырмалар беру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: құстың тұмсығы, мысықтың мұрты, аданың тырнағы, түлкінің құйрығы не үшін керек деген сияқты. Оқушы бойндағы танымдық қыбілетті дамыту үшін оқыту үлгісінде пайдаланылатын иновациялық технологияларды тиімді қолданып, нәтижесін көру әр мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Жаңа формация мұғалімге тән қасиетті көрсетіп,оқу- тәрбие процесінде оқушылардың білімділігі мен адамгершілік құндылықтрын арттырсақ, жеке тұлға білімдеге шындықты іздеу,салыстыру,дәлелдеу, зерделеу нәтижесінде өз іс - әрекетін сараптап,өз- өзін бағалауға дағдыланады. Қорта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдыұ ұабілетін және технологиялық әдіс - тәсілдермен жетілдірсек, тек ақалда ғана емес, сонымен қатар білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деп сенеін.
© 2010-2022