Тәлімгерлерге арналған тренингтер /Жас мамандармен жұмыс/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәлімгерлерге арналған тренингтер


  1. Өзін-өзі таныстыру (самопрезентация). «Мен кіммін?»
  • Қазір 10 минут ішінде сіз жалғыз ғана «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап бересіз, ол үшін 20 сөзді немесе сөйлемді пайдаланасыз. Бұл сұраққа дұрыс жауап іздеймін деп уақыт алмаңыз. Өзіңіз туралы ойлағанда есіңізге ең алғаш келген сөзді жазыңыз. Өзіңізді - өзіңіз тануға, түсінуге, өзіңіздің ерекшеліктеріңізді, жеке мінез-құлқыңызға назар аударуға тырысыңыз. Тренингтің негізгі тақырыбын үнемі есте ұстаңыз. Содан кейін бір-біріңізді тереңірек түсіну үшін, біз сіздердің жауаптарыңызды талдаймыз.
Бұл жаттығуды қорытындылағанда келесі ережелерді басшылыққа алу қажет. Барлық жауаптар олардың себептерін түсіндірумен байланысты үш топқа бөлінеді (классификация):
  • «Мен», яғни болғанның барлығы өзіммен байланысты; «Б», бұлар басқалардың қатысымымен болған;
  • «Ж», бұл жәй ғана осылай болып шыққан;
  • Мысалы, егер қатысушы «Мен кіммін?» деген сұраққа «Мен ақылдымын» деп жауап берсе, онда жауап келесі нұсқауларда берілуі мүмкін:
  • «Мен» - бұл өзіме байланысты, яғни мен мектепте жақсы оқыдым, үйірмелерге қатыстым, кітапты көп оқыдым т.б.
  • «Б» - менің ақылды болуым ата-анамның арқасы, олар менің жақсы оқуымды қадағалады, қызықты кітаптар сатып әперді, театрларға апарды, әртүрлі саяхаттарға бірге алып шықты т.б.
  • «Ж» - бұл маған тағдырдың берген сыйы (жақсы мектепке, талантты мұғалімге тап болдым, достарым ақылды болды т.б.).
Қатысушылар неғұрлым «Мен» тобына көбірек жауап берсе, соғұрлым олардың алатын балдары да жоғары болады (0-10 балл). Психологиялық комментарий. Бұл жаттығу топ мүшелерінің өз-өздерін толығырақ ашуларына және оларды бір-біріне таныстыруға мүмкіндік береді. «Мен» тобына жататын ші топқа жауаптар неғұрлым көп болса, қатысушының көшбасшылық қасиеті соғұрлым жоғары деп есептеуге болады.
  1. «Тартып-итер» («Тяни-толкай»)
Барлық топ мүшелеріне еркін түрде жұпқа бөліну ұсынылады. Тапсырманың бірінші бөлімінде қолдарын айқастырып (крест- накрест), аяқтарының ұштарын қатар қойып, қолдарынан тартып ұстаған күйі қарама-қарсы жаққа барынша шалқаю ұсынылады. Осы күйде біршама уақыт тұрып, қайтадан қалыпты жағдайға ауысады. Содан кейін жаттығудың екінші бөлімі жалғасады. Бір-бірін алақандарымен тіреп, адамдардан көпір жасай отырып, олар енді екі жаққа шегінеді. Одан әрі шегіну мүмкін болмаған кезде, сол тұрған қалыптарын сақтап, барынша ұзағырақ тұру қажет. Осы екі элементті орындап болғаннан кейін қатысушылардан олардың өз орындарына жайғасулары және орындалған жаттығуларды талқылау сұралады:
  • Жаттығу сіздерге ұнады ма?
  • Әрбір этапта олар не сезінді?
  • Кімге итерген, кімге тартқан, ал кімге екеуі де ұнады? Қайсысы жеңіл?
  • Не ұнаған жоқ? т.б.
Бұл жаттығу адамның көшбасшылыққа ұмтылыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Итерген кезде біз басқа адамның үстінен үстемдікке ие боламыз, ал тартқан кезде оған көмек қолын беріп, қолдау көрсетеміз. Егер қарама-қатынаста осы екі тенденцияның арасында тепе-теңдік болмаса, онда біз өмір бойына иә тартып, иә итеріп өтеміз.
  1. «Катастрофа» («Апат»). Біздің топ қызықты саяхаттан самолетпен қайтып келе жатады. Үйге жетуге бірнеше сағат қалғанда бақытсыз жағдайға тап болып, әуелі бірінші, сосын екінші двигатель істен шығады. Самолет құлау үстінде, құтылуға ешқандай үміт жоқ...
Кенет самолетте сыйқыршы пайда болып, көмек қолын ұсынады. Бірақ әрбір құтқарылатын адамның өмірінің орнына әркімнің бойындағы ең бір жақсы қадыр -қасиетін беруін сұрайды, яғни кемшілігін емес жетістігін. Қандай қадыр -қасиетін беретіндігін әркім өзі шешеді, бірақ оған топтың барлығының келісімі қажет. Егер топтың бір ғана мүшесі келісім бермесе, бәрі қайтадан басынан басталады. Шешім қабылдауға 10-12 минут қана беріледі, себебі самолеттің құлап келе жатқандығын естен шығармау керек. Уақыт жоғалтпау керек, құтқарылуға үміт бар, тек топтың бірауыздылығы ғана қажет. Егер ортақ шешімге келе алмаса, топтың апатқа ұшырайтындығы сөзсіз. Талқылау кезінде жүргізуші өз пікірін таңып, әңгімеге килікпегені дұрыс, әйтпесе, топтың санаулы ғана уақыт ішінде маңызды шешім қабылдап, ортақ пікірге келу дағдысының қалыптасуына кедергі келтіреді.
  1. «Қазына» («Клад»). Сіздің топ жорықта жүріп, нағыз қазына - бұрынғы
заманның 1 000 алтын ақшасын тауып алады. Заң бойынша оны мемлекетке тапсырып, сыйлық ретінде оның 25 пайызын - 5 000000 соманы алды. Сіздің міндетіңіз - осы ақшаны топтың арасында бөлу. Оны қалай бөлу керектігін өздеріңіз шешесіңіздер. Іріктеу өлшемдері мен шешім қабылдау процедурасын өз беттеріңізше анықтайсыздар. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі. Тыйым салынады: жеребе тастауға және бәріне тең бөлуге. Егер сіз бөлінген уақыт ішінде белгілі бір шешімге келе алмасаңыз, онда ақша тәркіленеді. Жүргізуші топтың жұмысына араласпайды. Талқылаудың хаттамасын жүргізген дұрыс. Жұмыстың қорытындысын, оның барысын қатысушылардың өздерінің назарларын оның қалай өткендігіне аударта отырып, топпен талқылау керек. Бұл тренинг - қатысушылардың көптеген адами қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, ақшаны бөлу кезінде ол жақсы көрінеді.
  1. «Граффити». Бұл ойын балаларға өздерінің сезімдері мен көзқарастарын
психологиялық қауіпсіз атмосферада білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар отрядтағы (топтағы) сан алуан пікір-көзқарастармен, қарым-қатынастармен таныса алады. Бұл ойын балаларды қоршаған ортаға төзімділікпен қарауға да үйретеді. Материалдар: Әр балаға түрлі түсті фломастер, одан басқа 6 бет ватман қағазы беріледі: әр беттің жоғарғы жағына:
  • Мен нені ұнатамын?
  • Мен не білгім келеді?
  • Мен нені үйренгім келеді?
  • Қасқағым тамаша сәттер...
  • Мені не қорқытады?
  • Мен үшін ең қызықты нәрсе?
Нұсқау: Сіз маған әдетте қабырғаларға не жазылатындығы туралы айта аласыздар ма? Қандай қабырға ұрандары туралы естеріңе түсіре алар едіңдер№ Қалай ойлайсыздар, қабырғаға не үшін жазады? Кім қабырғаға жазады немесе сурет салады, сол өзінің пікірін жариялауға асығатын адам. Мен де сендердің ойларыңды білгім келеді, сол себепті сізге осы ойынды ұсынамын. 6 адамнан тұратын топқа бөлініңіз. Әр топ бір үстелді айнала фломастерлерін дайындап тұрады. Әр үстелге белгілі бір сөз жазылған ватман қойылады, 5 минуттың ішінде әр топтың мүшесі сол сөзге орай өздерінің пікірін немесе сұраққа жауабын жазады. Өз ойлары мен жауаптарын қабырғадағы сөздер сияқты қысқа да нұсқа етіп жазу керек. Топтың барлық мүшелері бірдей жұмыс жасаулары керек. Жүргізуші «Тоқта!» деген кезде қолдарындағы ватманды басқа топқа беріп, өздері келесі көршілес топ жауап жазған бет қағазды алып, оны өз жауаптарымен толықтырады... (5 минут) Әуелі сіз басқа топтың жазғандарымен танысып, сосын осы мәселе бойынша өздерің не ойлайтындарыңды және нені дұрыс деп санайтындарыңды жазасыңдар... (6 минут). Бұл процедура әрбір топ алты тақырып бойынша өз пікірлерін жеткізіп болғанша жүргізіледі. Әрбір топ өз бет қағаздарын кері қайтарып алғаннан кейін, балалар жазылғандар бойынша қысқаша талдау жасайды. Жаттығуды талдау:
  • Саған қай тақырып неғұрлым қызықты болды?
  • Қай тақырыпқа жауаптар неғұрлым алуан түрлі болды?
  • Өз тобың қалай бірлесіп жұмыс істеді?
  • Сен өзің үшін маңызды бірнәрсе жаздың ба?
  • Қандай жазу саған көбірек ұнады?
  • Қандай жазу саған түсініксіз болды?
  • Саған өзің жазған ұнады ма, әлде өзгенің жазғанын оқыған ұнады ма?
  • Мүмкін саған жастардың өз «жолдауларын» үйлер мен қабырғаларға
«шимайлауды» жақсы көретіндіктерінің себебі енді түсінікті болған шығар?
  1. «Арқадан арқаға» («От спины к спине»).
Мақсаты: Бұл ойын балаларға бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Бұл оларға денелік жағынан бірігу ғана емес, өз топтарында күрделі тапсырманы орындауда командалық рухтың қалыптасуы үшін де қажет. Материалдар: Әрбір топқа бір ғана ойыншық: «ұшатын тәрелка» керек (кардоннан жасалған немесе бір рет пайдаланатын тәрелка). Нұсқау: сегіз адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бір-бірімен тығыз иық түйістіріп шеңберге тұрады. Енді сол күйінде төрт тағандап тұрады. Тәрелкені қатысушылардың біреуінің арқасына қояды. Балалар тәрелкені бір-біріне қолдың көмегінсіз арқасымен береді. Тәрелке толық шеңберді айналып шыққанда балалардың бәрі хормен «Ура!» деп айқайлайды, ал егер тәрелке еденге түсіп кетсе, бәрі айға қарап ұлыған аш қасқыр сияқты «у-у-у» деген дыбыс шығарады. Сосын тәрелкені түсіріп алған кісінің арқасына қолмен қайтадан қоясыз. Қалай ойлайсыздар, тәрелке толық шеңбер жасап шыққанша қанша уақыт керек? Жаттығуды талдау:
  • Бұл ойын сізге ұнады ма?
  • Тарелканы жалғап берудің қандай техникасын ойлап шығардыңыз?
  • Өз тобыңызға көңіліңіз толды ма?
  • Қай топ тапсырманы тез орындады?
© 2010-2022