Әдебиеттік оқу 2-сынып. Сабақ әзірлемелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр. (қалмақ ертегісі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға әңгімені түсініп оқыту

Дамытушылық мақсаты: әңгіменің мазмұнын аша отырып, баланың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыта отырып, әсерлеп, ма,ынаны әңгімелей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты әңгіменің мазмұнын аша отырып, баланың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыта отырып, әсерлеп, ма,ынаны әңгімелей білуге дағдыландыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың бақыты. Әңгімелеу.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі

«Болжау» әдісі.

-Қытай императоры, сый, әнші құс, алтын тор, үнсіз отыру, кеңес, данагөй, жер аралап жүру, туған өлкесі, мың бір әуен толғапты деген сөздер мен сөз тіркестері туралы не ойлайсыңдар? Қандай байланыс бар? Әңгіме не туралы болуы мүмкін?

Осы сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен байланыстыра отырып, өз ойларынан мәтін құрастырады.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Мәтінді алдын-ала үш төрт бөлікке бөліп алып, әр бөліктен кейін талдау жұмыстарын орындау арқылы оқу.

І-ші бөлім. Қытай императорына тартылған сый. Сұрақ:

-не болды?

-Әрі қарай не болады не деп ойлайсың?

ІІ-ші бөлім. Жұмақтың төрі. ІІ-ші бөлімді оқып болғаннан кейін оның мазмұны балалардың болжамымен салыстырылады. Одан соң ІІІ бөлімге болжау сұрағы қойылады.

-Құстың көңілін табу үшін тағы не істер едің?

ІІІ-бөлім. Данагөйдің ақылы.

ІҮ. Бөлім -Құстың туған жері. Әнші құстың туған жері мен императордың бағын салыстыра отырып сипатта. Кестені толтыр:

Императордың бағы

Әнші құстың туған жері

Ү. Сабақты бекіту.

Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Туған жердің жері де көрікті,

Елі де сүйікті.

ҮІ. Сабақты қорыту.Сабақты қорытындылау,

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Әңгімені оқу, мазмұнын айту.

ҮІІІ. Бағалау.Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып әдебиеттк оқу.

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Менің күшігім»

Сабақтың мақсаты:

1.шығарма жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, 2.шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

3. оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты шығарма жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Туған жер туралы жыр. Әңгімелеу.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі

Суретке қарап, сұрақтарға ауызша жауап бер.

Иттің түр-сипаты қандай?

Адам итті не үшін асырайды?

Иттің ерлігі туралы әңгімеле.

Иттің тағы басқа қандай көмектері бар?

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мазмұндамада автордың ойын айтып беруге үйрететін болса, шығармада өз ойыңды жүйелі түрде дұрыс жеткізуге даңдыланасың. Үлгі:

Менің күшігім. Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты - Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)

Тірек сөздерді пайдаланып, күшігіңді суреттеп жаз.Тірек сөздер: сүп-сүйкімді, күзетеді, еркелейді, бағады, қуып жібереді, қуанамын.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Шығармашылық диктант.

Концертке, дайындалды, оқушылар.

Әсел, айтады, ән, Отан, туралы.

Тақпақ, жаттадым, мен.

Болат, тартады, домбыра.

Концерт, қоясыңдар ма, сендер.

Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.

Сыныптың, өнерлі, оқушылары.

Ән, Әсемнің, ғажап, айтуы.

Қандай, керемет, даусы.

Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.

6. Сабақты қорытындылау

Не білдік? Не үйрендік?

7. Үйге тапсырма.

Қыс көрінісі. Шығарма жазып келу.

8.Бағалау. Оқушылардың еңбегін бағалау.


© 2010-2022