Тәрбие сағаты Наурыз-жыл басы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Наурыз-жыл басы


Орындаған бастауыш сынып мұғалімі

Шоланова Гүлжамига Амалбайқызы



Ақкиізтоғай ауылы


2016 жыл

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Ән «Асыл әжем» Есенбай Альбина

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

1-жүргізуші: Назира

Наурыз - көктем мерекесі.
Наурыз - жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.

2-жүргізуші: Наркиза

Наурыз-қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1-жүргізуші: Назира

Наурыз-шаруаның мерекесі,

Наурыз-еңбек мерекесі

2-жүргізуші: Назира

Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

Би: «Шашу биі»

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

1-жүргізуші: Назира

Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді бастаймыз. Сынып оқушылары.

2-жүргізуші: Назира

Уа, ағайын! «Наурызым-бабамның сөзі, Наурызым-анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын

Көре алмаған бағыңды

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-даулет

Қызыр қарап бақ қонып

Жақсылық үшін қызмет ет!

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

1-жүргізуші: Назира

Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Өзбек» биі.

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

Оқушылардың өлең шумақтары:

Тұрар: Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Айбибі: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз кетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Балғынбек: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде

Асылжан: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді

Наурыз тойы- береке

Наурыз тойы-жыр-аңыз

Манас: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізің

Көк бөрілі байрағын желбіртіп

Көк тіріктер тойлаған Наурызым

Шарафат: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр-аңыз.

Қызық думан-мереке

Қызық думан құрамыз

Рафуза: Наурызым-тойла нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!

(Би немесе ән)

Көрініс

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

2-жүргізуші: Назира

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз,-деп отырып ортаға әр сыныптан бір оқушы шақырамыз.

Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Төлдердің алғашқы сүті қалай аталады? (Уыз)

Жыл басының алғашқы гүлі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы? (Наурыз көже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

1-жүргізуші: Назира

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

Келесі кезеңде сыныптар өздеріне салт-дәстүрді көрініс етіп қояды «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Мүшел жас», «Сүйінші сұрау», «Шілдехана», «Тоқымқағар»

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

«Сүйінші сұрау»

«Тұсау кесер»Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

«Тұсау кесер» Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басы

«Бесікке салу»,

2-жүргізуші: Назира

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

Алдарыңызда Қара жорға биі:

1-жүргізуші: Назира

Наурыз мерекесі құтты болсын ағайын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

Тәрбие сағаты Наурыз- жыл басыТәрбие сағаты Наурыз- жыл басы


© 2010-2022