Сынып сағаты Әдептілік әліппесі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»

Сабақтың мақсаты: Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді

сыйлауға, кішіге қамқорлықпен қарауға үйрету.

Ата - анаға мейірімді, туған жерге, мектеп мүліктерін

сындырмауға тәрбиелеу. Имандылыққа,адамгершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: өнегелі сөздер, мақал - мәтелдер, шарлар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, музыка

Сабақтың барысы:

Тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрады.

1 - бөлім: Әдеби музыкалық монтаж.Не деу керек?

2 - бөлім: Мақал - мәтелдер айту

3 - бөлім: Ізгілік, адамгершілік жайлы сұрақ - жауап

4 - бөлім: Қазақтың ырымдары

5 - бөлім: Ақ баталар

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар және мұғалімдер!

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл - қызым, мәңгі мені.

Болашаққа бастаған дана тілім.

1 - бөлім. Әдеби монтаж. Не деу керек?

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенің, жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

- Рахмет деп барып жеу керек!

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу айқай

Сенде шықтың көршінді,

Қағып кетіп байқамай

Мұндайда не дей керек?

« Кешіріңіз» деу керек.

Осы келген бетіңде

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол бетінде

Кезекті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

« Сәлеметсіз бе »деу керек.

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі

Белі әзер иіліп.

Не дегенің жөн болар?

« Көмектесейін » - деу керек.

2 - бөлім. Мақал - мәтелдер айту.


1. Сыйламаған жолдасың,

Сыйлау да алмас өз басын.


2. Өнерлі бала - сүйкімді,

Жақсы бала - сүйікті.


3. Ақылды аңдап сөйлер,

Әр сөзін таңдап сөйлер.


4. Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жерге соғар.

5. Біліп тұрсаң да сұрап ал.

6. Көп біл, аз сөйле.

3 - бөлім. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап.

Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім: Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз!

Мұғалім: Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Үлгілі екен бұл дейміз.

4 - бөлім. Қазақтың ырымдары.


  1. Бүйіріңді таянба!

  2. Жалғыз ағашты кеспе!

  3. Үйді айналып жүгірме!

  4. Отты шашпа!

  5. Күлді баспа!

  6. Үлкеннің алдың кеспе!

5 - бөлім. Ақ баталар.

Оқушылар ақ баталар екі жасқа, дастарқанға, асқа айтылады екен.

Әумин! Десең маған

Құдай берсін саған!

Оң жағына қарасаң

Алтыннан терең орнасан

Сол жағына қарасаң

Күмістен терең орнасан

Еш жамандық бермесін

Әумин!

Астарың көп болсын!

Тамақтарың тоқ болсың!

Уайымдарың жоқ болсын.

Бәрімізге дарысын Қыдыр ата

Қыдыр қияласын,

Періште ұяласын,

Осы отырған бәріне,

Бармақтай бақ берсін.

Әумин!

Қорытынды:

Осымен бүгінгі «Әдептілік әліппесі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022