5. 10. 15-11. 10. 15 аралығындағы сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 05.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы әрпімен таныстыру, түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ш дыбысы әрпімен таныстыру, түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.

ІІІ .Жаңа сабақ:

Ш әрпін айтсақ жасырмай, Ұшаша айыр басындай. (Ш)

Шар сөзіне талдау жасау.

Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

Хормен оқыту.

Жеке-жеке оқыту.

Сөздерді буынға бөлу.

Шор-тан, ша-ян, ша-ға-ла

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Ш дыбысына қатысты сөз ойлату. Сөйлем құрату. Сөйлемнің 1-ші сөзі қалай жазылады?Соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Ү. Білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс: Ш әріптерін жазып үйрену.

Тақтамен жұмыс:Ша, шар,Шара, шам; шана,

ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті танып,білдік?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 06.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Ш дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. Адамгаршілік тәрбие беру. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Білімді тексеру.

1) Ш дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Тамаша,алаша, шаңғышы.

3) 48 беттегі берілген сөздерді оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ш дыбысы әрпі туралы алған білімін пысықтай отырып, ш дыбысына қатысты берілген материалды толық меңгерту. Адамгаршілік тәрбие беру. Алған білім дағдысын дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а)Ш әрпі бар сөздерді атаңдар.

Шоршиды шортан, шорағай,

Шабақ аулап шағала,

Шегіртке қуып Шорабай,

Шапқылар шилі жағада.

ә) тақтаға сөз құрап жазу.(кеспе әріптермен)

б) Жеке және көп заттың атауымен таныстыру. Ағаш-ағаштар. Шар-шарлар.т.б.

в) Хормен оқыту.Шағала шапан алша шар.Алаша ағаш арша шаш.

г) Сөйлем құрату. Шара шар ал. Шарапат шашу шаш.

Ү. Жаңа білімді тексеру: Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Буын диктантын жазғызу

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

ҮІ. Білімді бекіту.

«Шынжыр» ойынын ойнату. Шар-радио-отан-нан- науа-ара- аспан т. б.

Дәптермен жұмыс:

Ш ш ша шар Шара. Көшіріп жазу. Шағала, шана арша алша.

ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 07.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Й дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға дауыссыз Й дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері.сұрақ-жауап, әңгіме, ойын

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.

Сыныпты сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.

Оқушыларға дауыссыз Й дыбысы туралы түсінік беру. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттіліккен тәрбиелеу.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау

  • Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

  • «Кім зерек?» ойыныны ойнату арқылы білімдерін пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ

Бүгінгі өтетініміз дауыссыз Й дыбысы мен әрпі.

Й дыбысы мен әрпі қандай дыбыс?

Суретке қарайық. Балалар , мына суретке қарайық.Қызға ат қояйық.

Ол неге қарап отыр?

Жақсы. Ал , енді мынау не?

Оқулықпен жұмыс

А па а та а ға ай ай на

А пай а тай а ғай тай ай ран

Сөздерді буынға бөле отырып пысықтау

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

Өтілген Й дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау. Й дыбысы мен әрпі

Дәптермен жұмыс.

ҮІІ. Сабақты қорыту

-Бүгін біз сендермен қандай әріппен таныс болдық.?

ҮІІІ. Үйге тапсырма.Бағалау




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 08.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Білімді тексеру.

1) Оо дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Отан, Орамал орман

3) Сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Ол- Шолпан. Шолпан, қуыршақ ал, ойна.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

О о дыбысы, әрпіне қатысты сөздерді дұрыс оқу және жазу. О дыбысы жеке буын құрайтынын түсіндір. Тазалыққа баули отырып, көркем етіп жазуға үйрету. Алған білім дағдысын дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Мәтін туралы түсінік беру.

ә) Тақырыптан суретке сәйкес сөйлемдерді оқу..

Хормен оқыту.

Жаңылтпаш айтқызу.

О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды, Омар Аралдан Оралды .

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Ү. Жаңа білімді бекіту

1. О қандай дыбыс?

2.Сөздің қай жерінде жазылады?

3)О дыбысына сөз ойлау. Сөзді буынға бөл, дыбыстық талдау жасау, кеспе буындармен жұмыс жүргізу

Дәптермен жұмыс: Көшіріп жазуға үйрету. Буын диктантын алу. Тор, тар, тон, қол, он.

ҮІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін сабақта қандай дыбыспен және әріппен таныстық?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 08.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Оо дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оо дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Тазалыққа баули отырып, адамгершілік тәрбие бер. Алған білім дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Білімді тексеру.

1) Й дыбысы қандай дыбыс?

2) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса. Айна апай Айнаш айран.

3) 50 беттегі берілген сөздерді оқыту.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оо дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Тазалыққа баули отырып, адамгершілік тәрбие бер. Алған білім дағдысын дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу.

Олжас та өлең жаттады, Сақинаға қарайық,

Оспан да өлең жаттады. Ұқсайды оған қай әріп.(о)

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары.? (о)

О дыбысын үш рет айту. (дауысты дыбыс екенін анықтау.)

б) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену.

Хормен оқыту.

Отан

Ор ойна ол той торғай шортан шопан

Ору ойла он тон тоғай Шолпан тоған

Жаңылтпаш айтқызу.

О әрпі бар сөздерді атату.Олар Оралдан оралды,Омар Аралдан Оралды .

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Ү. Жаңа білімді бекіту

1. О қандай дыбыс?

2. Сөздің қай жерінде жазылады?

Дәптермен жұмыс:

о әрпін жазып үйрену.

Буын диктанты. ай, айна, Айша, Ғайша Атай, ағай, апай та,па,на,ра,ла,ша,уа,ай тай,ға,нан

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 09.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Білімді тексеру.

  1. О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.

  2. Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,тай. -О дыбысы қандай дыбыс?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ққ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай? (қой)

Кәнеки, кім табады?

(қар)

О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)

ә) Қа-ра-қат, қа -ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.

б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.

г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:

-Қ қандай дыбыс?

-Сөздің қай буынында жазылады?

- Қала аттары қалай жазылады?

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Дәптермен жұмыс:

Қ әрпін жазып үйрену

Кірісейік сабаққа, Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға. Сөйлем құрату.


Жазудан «5» алайық, Алмат қалада тұрады.

Үйге қуанып қайтайық. Қарағай тауда өседі.

ҮІ. Сабақты қортындылау:

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 10.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ .Білімді тексеру.

1) О дыбысының орнына а дыбысын қойса, сөз мағынасының өзгеруіне көңіл бөлу.

Тақтадан оқып талдау: Шопан, Шора,тор, той.Шапан, шара,тар,та

-О дыбысы қандай дыбыс?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қ дыбысы, әрпі туралы түсінік беру. Таза, әдемі жазуға баулу. Ой-өрісін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады, Кішкентай ғана бойы бар,

Жердің бетін жабады. Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не аппақ мақтадай? (қой)

Кәнеки, кім табады?

(қар)

О дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)

ә) Қа-ра-қат, қа -ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.

б) Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

в) Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.

г) Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру. Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.

Сергіту сәті

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.

-Қ қандай дыбыс?

-Сөздің қай буынында жазылады?

- Қала аттары қалай жазылады?

Дәптермен жұмыс:

Қ әрпін жазып үйрену

Кірісейік сабаққа,

Қала тақырыбына мәтін құрау.

Кірісейік жазуға.

Сөйлем құрату.

Жазудан «5» алайық,

Алмат қалада тұрады.

Үйге қуанып қайтайық.

Қарағай тауда өседі.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 06.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 0саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнын білу. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зе

йінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау,

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады? 2>1 1<2 2=2 1=1

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнын білу. Ұқыптылыққа баулу. Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру. -2 дәптер бар еді 2 оқушыға бердік Дәптер қалды ма?

2-2=0 3) 3 алманы 3 оқушыға бере салсақ, неше алма қалады? 2-2=0 3-3=0 1-1=0

ә) Оқулықпен жұмыс: 1-1=0 2) 0+1=1 2+0=2

Оқулықпен жұмыс:

1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

0санымен 1,2 санын салыстыру.

Теңсіздіктерді дұрыс оқып үйрену.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Жаңа білімді бекіту.

Шығармашылық жұмыс. ? белгісінің орнында қандай фигура бар?

Дәптермен жұмыс.

1-ші суретке қажет санды сәйкестендіру. 0 цифрын жазып үйрену

0,1,2, қатарын жазу. Сандар қатарында 0 нешінші орында тұрады.?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық? Қандай санмен таныстық?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 07.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 3 саны және цифры. Үш бұрыштың элементтері жайлы түсінік беру. Тапқырлыққа баулу. Қабылдау қабілетін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-0 санының сандар қатарындағы орнын айт.

  1. 2.>1 1>0 2>0 өрнектерін оқы не деп аталады? 2=2 1=1 0=0 не деп оқылады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3 саны және цифры. Үш бұрыштың элементтері жайлы түсінік беру. Тапқырлыққа баулу. Қабылдау қабілетін дамыту

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.

2 1

3 санының алдындағы санның қанша екенін табу әдісін үйрету.

3-1 =2 2-1=1 1-1=0

0

1

2

3

Ү. Жаңа білімді тексеру.

-2 санын, 3санын қалай шығарып аламыз?

-3,2,1 санының алдындағы қандай сан?

-Оны қалай білдіңдер?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1-сурет. 2қ+1қ=3 қ

2-сурет. 3тікұ-1 тікұ=2 тікұ.

3- сурет. Үшбұрыштың қабырғалары кесінділер. Үшбұрыштың қабырғалары сәулелер.

Дәптермен жұмыс.

3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен қай санды білдік?

3 санын қалай шығарып аламыз?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 08.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 3 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 3. санының құрамы туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

  1. 2+1=3 1+1+1=3 0+3=3

  2. 2+1=3 3-1=2 3-2=1

  3. 0+3=3 3+0=3

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3.санының құрамы туралы түсінік беру. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру. 3. санының құрамы туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.

ІҮ Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1 1+1+1 0+3 1+2

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.

  1. мен 2-ң қосындысы. 0 мен 3-тің қосындысы.

ә) Оқулықпен жұмыс: Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.2+1=3 1+2=3

3-1=2 3-2=1

  1. Теңдік құру. 2 кесе+1 кесе=3 кесе

3кесе-1 кесе=2кесе.

  1. Салыстыру. 0 * 1 0*2 0*3

1*2 1*3 2*3

  1. Шығармашылық жұмыс: Әр суретте неше үшбұрыш бар?

Үйімде бар үш қалам,

Үш досымды салдым мен,

Үшеуін де ұштағам.

Үш балықты ұстаған.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-2 санын, 3 санын қалай шығарып аламыз?

-3,2,1 санының алдындағы қандай сан?

-Оны қалай білдіңдер?

Дәптермен жұмыс.

3 цифрын жазып үйрену. 0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен қай санның құрамын білдік?

3 санын қалай шығарып аламыз?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 09.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Өрнек. Қосынды. Айырма.

Сабақтың мақсаты: Өрнек . Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік беру.Оларды ажырататып, мәнін таба білуге баулу.Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық және

үлестірмелер, жұмбақтар, тақпақтар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Жалпы математика сабағынан «Қарапайым түсініктер» тарауы бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсету.

1. « Геометриялық фигуралар» бойынша.

2. «Заттардың қасиеті» бойынша. (Интерактивті тақта бойынша эл. оқу.жұмыс.) - Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

- 0, 1, 2, 3. - Ендеше осы сандарға байланысты қандай сергіту жұмысын білетін едік?

Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Өрнек. Қосынды. Айырма.

Өрнек . Қосынды. Айырма жайлы жалпы түсінік беру.Оларды ажырататып, мәнін таба білуге баулу.Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа тәрбиелеу.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1.Интерактивті тақтамен электронды оқулықтың көмегімен «Қосу»,»Азайту»

бойынша жұмыс жүргізу. 2. Оқулықпен жұмысты тақтаға түсіре отырып, үлкейтілген түрде түсіндіру:

а/ 2+1 3-1 Бұлар өрнектер.

1+2 3-2

ә/ Жұмбақ жасыру.

Қарап сүт пен қаймақты,

Көзін шоқтай жайнатты. Тышқан көрсе тықыршып,

Бола қалар айбатты. /Мысық/

Мысық суреттері бойынша түсіндіру.

2+1=3 3-1=2

2+1 қосынды. 3-1 айырма

3-қосындының мәні. 2 айырманың мәні

Ү. Жаңа білімді тексеру.

1) №3 және айырма құру. (2,1,3,0 сандары бойынша)



2) №4 Теңсіздік құру.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Жаңа білімді бекіту.

0+1 1+3 1+0 3+1 Бұлар не? 2+1- не? 3-1- не?

Дәптермен жұмыс.

Үлгі бойынша жазу. 0,1,2, 3 қатарын жазу. Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Бүгінгі сабақта не жайында білдік?

-Егер өрнек қосу түрінде болса, ол қалай аталады?

- Алу амалымен берілсе ше?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 05.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүниемен танысу

Сабақтың мақсаты:

1. Табиғат,пен адам өміріндегі байланыс туралы алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

2. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызынтүсіндіреотырыпонықорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып, сұрақтар қою арқылы пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Табиғат,пен адам өміріндегі байланыс туралы алғашқы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Табиғаттың адам өміріндегі маыңзы туралы айта отырып логикалцық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғат сырын білудің адам үшін маңызынтүсіндіреотырыпонықорғауға тәрбиелеу

ІҮ. Жаңа сабақ:

Табиғат, табиғат құбылыстары,, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Оқушы білімін тексеру:

а) Айналадағы дүниемен танысу.«Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.

ә) Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.

ҮІ. Бекіту кезеңі:

Табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:

1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.

2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.

3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.

ҮІІ. Қорытындылау:

Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 07.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат көрінісі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жыл мезгілдерін айта отырып, күз айының ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі болатыны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде әр түрлі құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті күзгі сурет иллюстрациясы және Левитанның «Алтын күз» картинасы.
Оқушылар үшін альбом, қарындаш, палитра, бояу, қылқалам

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
амандасу
түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру, ой қозғау, мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау:
1) Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?
2) Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
3) Бейнелеу өнері түрлеріне орындау тәсіліне мазмұнына байланысты қандай жанырларға бөлінеді.
4) Адам келбетін бейнелейтін жаныр қалай аталады? (портрет)
5) Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма? (натюрморт)
6) Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр. (пейзаж)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Табиғат дегеніміз не? (Табиғат бізді қоршаған орта).
2. Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз).
3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Жапырақтар түседі, күн суытады, құстар жылы жаққа кетеді).
И. И Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша әңгімелесу.
1.«Алтын күз» картинасынан суретші күздің қандай кезеңін бейнелеген?
2. Неге күздің осы уақытын «Алтын күз» дейді? Суретші қандай көңіл күйді бергісі келген?- деген сұрақтар қойып, балалардың осы суреттен алған әсерлерін қорытындылаймыз. Мұнда балалардың мазмұнын түсінгені ғана емес, суретшінің күйін сезінгендері маңызды.

Сондықтан әңгімелесуде балалардың күзгі табиғатты қабылдауындағы ойларын, сезімдерін сурет арқылы көрсете білулерін, табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударуларын, жыл мезгілдеріне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері бар екенін және адам мен табиғат әрқашанда егіз екенін айтып түсіндіру.
Табиғатты асыраушың - қамқоршың десең де болады.

Мұғалім: Ата - бабамыз «Жер қазына, су алтын, мал байлық деп өсиет айтып келгені тегінен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы». Соның ішінде күз көрінісін ерекше алуымызға болады. Күзде жапырақтар мен талдардың сарғайып ақшыл түске бөленуі және жерге түсуінің де бір ерекшелігі табиғаттың өте көңілсіздігін байқауға болады. Бүкіл жан біткеннің бәрі өздерінің тіршілігімен жыбырлап қысқа қамын жасауы, егін оруы, егін жинауы, тіпті жер бетіндегі жәндіктердің де ініне тамақтарын тасуы, құстардың суық жақтан жылы жаққа қайтуы міне, осының бәрі табиғат көрінісімен адам, жер бетіндегі жәндік атауларының табиғат пен егіз екенін байқауымызға болады.
Сондықтанда әр мезгілдің өзінің уақыты және өзіне тән ерекшелігі болатынын білуімізге болады.
Оқушыларға «Күзгі табиғат көрінісі» туралы айтып түсіндіріп сурет салдыру.

ІV. Өзіндік жұмыс жасату.
5.10.15-11.10.15 аралығындағы сабақ жоспары 5.10.15-11.10.15 аралығындағы сабақ жоспары

V. Қорытындылау:

Сабақтың аяғында оқушылардың салған суретшілерін тексере отырып, өздерінің суреттеріне сипаттама беруін сұраймыз.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:

Суреттерін аяқтап келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 09.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ермексазбен жұмыс істеу. Қажетті құралдар

Сабақтың мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Құрал жабдықтармен таныстыру. Ермексаз -жұмсақ, илеуге,созуға ыңғайлы материал. Сондықтан ермексаздан әр түрлі көлемдегі фигураларды жасауға болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтар қажет.

Тақтайша, кескіштер, сүрткіш пен ыдыс, бояулар мен қылқалам, қолсүрткіш.құрал-жабдықтар салатын жәшік.

ә) Ермексазды бөліктерге бөлу.

Жұмыс істегенде үнемі ермексазды пайдалана бермейміз. Кейде ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қажет болады.Ол үшін ермексазды ұсақ бөліктерге бөлу керек. Оны бөлудің екі тәсілі болады.1.Жіппен бөлу. 2.Пышақпен немесе арнаулы кескішпен бөлу.

б) Ермексаздан пішін сомдау.

Алдымен ермексазды жұмсарту керек. Ол үшін екі алақанның ортасына салып домалақтаймыз.Жұмсарған ермексазды белгігі бір пішінге келтіреміз.Осы тәсілмен қарбыз, алма,алмұрттың пішінін сомдап,оларды бояуға болады.(Оқушылардың пішінді ермексаздан сомдауы.)

ҮІ.Сабақты бекіту:

-Ермексаздың өзіне тән қандай қасиеттері бар?

-Ермексаз қандай материал?

-Қандай құрал-саймандар кажет?

-Ермексазбен жұмыстан кейін не істеу керек?

-Ерменсазды бөлудің неше тәсілі бар? Ата.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 10.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Ермексаздан түрлі құрамақтар жасау реті

Сабақтың мақсаты: Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Мүсін туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту. Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.

а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.

Суретті тақтаға ілу

ә) Оқушылардың балапанды ермексазбен мүсіндеуі.

1.Балапан жасауға қажетті бөлшектердің санын анықтау.

2. Өлшемдері мен пішінін анықтап алу.

3.Балапан пішінін тұтас ермексазбен мүсіндеу, басын, тұмсығын , қолмен созып жасау.

4.Оларды нақты пішінге келтіріп алып, көзі мен қанатын жасау.

5.Жұмыс орнын тазалаймыз, қолымызды жуамыз.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

-Мүсін дегеніміз не?

-Үйрек балапанын қандай материалдардан жасауға болады?

-Сыныптағы оқушылардың жұмыстарын бір-бірімен салыстыру.мадақтау

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен не жасауды үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 05.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Музыка өйлейді «Тепеңкөк»

Сабақтың мақсаты: «Тепең көк» күйінің аңызымен таныстыру.
І. Күйді тактілеп талдай отыра пернелерді таза ойнауға бейімдеу.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Домбыра үйрену: оң қол қағысына жаттығу.
Көрнекілік: Нота жазбалары, аспаптар. (мүйіз, домбыра, тұяқ, шаңқобыз)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

(Сәлемдесу оқушыларды түгендеу, аспаптарды даярлау)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Халық әні «Еркем - ай» әнін жеке-жеке ойнатып, қосымша аспаптар қосып

ІІ - дауысына ойнайды.
- Әннің екпіні қандай?
- Қандай өлшемде орындалады?
- Қандай әндерді халық әні деп айтамыз?

І. Күйді тактілеп талдай отыра пернелерді таза ойнауға бейімдеу.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге қастерлеуге тәрбиелеу.

ІV. Жаңа сабақ:

Халық күйі «Тепең көк» Үнтаспадан халық күйлері туралы қысқаша мағлұмат беру. Халық күйі деп авторы ұмыт болып қолдан - қолға таралып тартылатын күйлерді халық күйі деп айтамыз. Бұл аңыз күйінің қызықты тарихы бар. Кедей жігіттің жалғыз аты болған. Үлкен тойда атын бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып дөң басына шығып домбырасын алады да «Тепең көктің жүрісіне риза болып көңілі толқып бір күй ойнайды. Күйде Тепең көкті мақтап жатқан жері.
Айт - шу тепең көк
Айналайын тепең көк
Кекіліңе болайын.
Келтеленген жібектей деп мақтайды. Күй сарынын естіген Тепең көк бойына күш бітіп сәйгүліктерді шаң қаптырып жарыста жалғыз келген екен дейді. Кедей жігіттің Тепең көгі бәйгеден жеңіп шығып үстем топтың алдында мерейі үстем болыпты.

Музыканы тыңдату барысы

1.Үнтаспадан күйді тыңдау.
2. Күйдің өлшемін, екпінін түсіндірі.
3. Түсінікті болу үшін ойнап көрсету.
4. Бас, орта буынды тактілеп талдау.
5. Жеке - жеке ойнату.
6. Жаңа сабақты бекіту.

Мына сұрақтар бойынша топтастыру.
1. Екпіні қандай?
2. Өлшемі қандай?
3. Домбырада қай буында орындалады мақтаған жері (жауап алу)

VІ. Сабақты бағалау.

Ойлау деңгейіне қарай.
«Тепең көк» күйін тактілеп жәй екпінде ойнау.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 05.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Өзгеше затты тап Сабақтың мақсаты: Естігенін қатесіз жазуға, ы,і дыбыстарының емлесін есте сақтай отырып, жаттығулар орындауға үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу. Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: санау материалдары Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау Ми гимнастикасы. Ширату Не үреді-(ит) Мияулайды-(мысық) Ұшады-(құс) Қаңқалдайды-(қаз) Қыңсылайды-(күшік) Шырылдайды-(шегіртке) Маңырайды-(қой) Тыраулайды-(тырна)
Ү. Жаңа білімді меңгерту № 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу. Сөздерді мұқият оқы. Ы,І дыбыстарына аяқталатын сөздерді тап. Осы сөздердің соңғы дыбыстарын алып таста. Сөз өзгерді ме? Сөздің қандай дыбысы өзгерді? Өзгерген дыбысты жаз. Тірегі,қайрағы, қызметі,алауы, жауабы, тамағы, дыбысы, шелегі,балағы, көзілдірігі, шөбі, амалы, көйлегі, дауысы, өрігі, добы, шебері, білезігі, көбі, сақтауы, қабағы. Жауабы: к,қ,п,қ,қ,қ,к,п,к,к,п,к,п,қ.
№2 Мұғалім тапсырманы бір рет оқиды. Балалар мұқият тыңдай отырып тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылар қызыл, көк, жасыл қарындаштар пайдаланады.

  1. Үшбұрыштың сыртына және шеңбердің ішіне қызыл қарындашпен плюс(+) таңбасын қойыңдар.
  2. Үшбұрыш пен шеңбердің сыртына көк қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.
  3. Үшбұрыштың ішіне және шеңбердің сыртына жасыл қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.
  4. Үшбұрыш пен шеңбердің ішіне сары қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.

Бой сергіту Кел, балалар, ойнайық! Тектен текке тұрмайық. Жемістерді жинайық. Үзіп алып бақтардан Жолдастарға сыйлайық!
№3 Мұғалім тапсырманы бір рет оқиды. Балалар мұқият тыңдай отырып тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау барысында түсті қарындаштар пайдалану ұсынылады.
  1. Шеңберге қоянның оң көзі мен сол жақ құлағының суратін сал.
  2. Сөздегі барлық дауысты дыбыстарды айналдыра сыз. Ал дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
  3. Шаршы мен шеңбердің ішіне көк қарындашпен плюс (+ ) таңбасын қой.
  4. Қосындысы 40 болатындай сандарды айналдыра сыз.
  5. Сөздердің бірінші әріптерін теріп жаз. Жасырын сөзді тап.
Таба, алақан, пышық, құрай, ыдыс, радио. (тапқыр) Жауабы: тапқыр.
№4 Мына сөздердің ортақ дыбыстарын тап. Жауабы: Жүгері,гүл,үкі,күн- ү Тап,пішін,шопан,кітап-п Бақ,құбыр,бидай,көбелек
Көзге арналған жаттығулар. ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру
№ 5 Кестені толтыр Жауабы: а) А,Б,Ә; А,Ә,Б; Ә,Б,А; ә) шилердің саны-1,3,2; 2,1,3; 3,2,1;
ҮІІ. Білімді бекіту Логикалық тапсырмаларды орындату Оқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 10.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Заттардың ерекше белгілерін қарап топтау

Сабақтың мақсаты: Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы. Ширату.

Ү.Жаңа білімді меңгерту №1.Машиналар бірдей болатындай етіп суреттерді аяқта.Қандай бөліктер жетпей тұр? Анықтап қарап ал. Жауабы:соңғы үш машинаны бірінші машинаға ұқсас болатындай етіп, жетіспейтін бөлшектерінің суретін сал.

№2.Шаршыда жасырынып тұрған адам мүшелерінің атауларын тап.Жасырын сөздерді көлденеңінен ,тігінен және көлбеу бағытта ізде.Оларды айналдыра сыз. Жауабы:мұрын,тіс,шеке,тіл,ми,көз,тамақ,ауыз,ерін,жүрек. Бой сергіту. Ду,ду,ду! Дук,дук,дук! Поезд келеді. Ду,ду,ду! Дук,дук,дук! Бәрі жол береді. Ду,ду,ду! Дук,дук,дук! Жүгіріп өтпе. Ду,ду,ду! Дук,дук,дук! Тұра тұршы шетте. Ду,ду,ду! Дук,дук,дук! Поезды өткіз. Қол бұлғап қалайық- Жол болсын!- деп біз.

№3.Фигуралардан оң жақтағы пішіндердің орындарын тап.Оларды меңзермен сызып көрсет.

Балалар тапсырманы мұқият қарап,сәйкес фигураны іздеп табады.Оларды меңзермен сызып қосады.Сәйкес фигураларды бірдей түске бояуды ұсынуға болады.

№4.Суреттегі ерекшелікті тап,оны сана.Ол нешеу?Жаз. (10 ерекшелігі бар.) Балалар қалауынша суреттерді бояп,мүмкіндігінше толықтырып салады. Саусақтарға арналған жаттығулар. Тырс-тырс! Жаңбыр көп жауады, Тамшылар тамады. Тырс-тырс! Терезе қағады, Жылғалар ағады. Тырс-тырс! Жапырақ жылайды, Жардан су құлайды. Тырс-тырс! Жаңартып ауаны

Жаңбыр көп жауады.

ҮІ.Білімдерін меңгергендерін тексеру

№5.Қаламды нүктелерден үзбей қандай пішіндердің суретін салуға болады?

ҮІІ.Білімді бекіту Логикалық тапсырмаларды орындау Оқушыларды мадақтау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 06.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы түсініктерін кеңейту. Мәтінді көшіріп жазу дағдысын қалыптастыру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Ой қозғау. Сурет бойынша мәтін құрастыру. Мәтіндегі сөйлем санын ажырату. IV. Мақсат қою кезеңі Біз не құрастырдық? Мәтін . Олай болса бүгінгі сабағымызда мәтінді көшіріп жазу жұмысын орындаймыз .
V. Жаңа тақырып Д д әрпін көркем жазу Сызбамен жұмыс. Кестемен жұмыс 1-тапсырма Сурет бойынша мәтін құрастыру. 2- тапсырма Кітапханада мәтінін оқып, сөйлем санын анықтау. 3- тапсырма Мәтінді көшіріп жазу. Астана Астана- әсем қала. Қыста өте суық, боран, аяз болады. Қала жазда жасыл желекке оранады. Зәуләм биік сарайлар, әсем ескерткіштер бар. Астанада әдемі су бұрқақтар да көп. Астана қаласы- еліміздің алтын жүрегі.
VI. Жаңа материалды пысықтау

VII. Бекіту кезеңі

© 2010-2022