Классный час Салауатты өмір біздің болашағымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Салауатты өмір біздің болашағымыз. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділігі:Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Тәрбиелігі:Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу. Түрі: ашық сынып сағаты Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар. Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат Тәрбие сағатының барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылардың дайындығын қадағалау,назарын сабаққа аудару. Мұғалім: Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.
Психологиялық сәт (Оқушылар орнынан тұрады) Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос Міне, менің қолым....
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал -ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған тәрбие сағатының аты « Салауатты өмір біздің болашағымыз» деп аталады. Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Осы тақырыпта алдымен салауатты өмір салты тақырыбында презентация тамашалайық. Енді СӨС тақырыпта бұрын не білеміз,алда не білеміз яғни,білімімізді толықтыру үшін алда екі топқа бөліне отырып,сайыс сабағын өтпекпіз.
Көптің жүзін білгенше, Бірдің атын біл. 1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. 2. «Бірінші байлық -денсаулық» сұрақ жауап : /өз ойларын топ болып ауызша айтады./
1 -топқа 1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? 3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет? 4. Денсаулыққа не зиян?/ 5. Сезім мүшелеріне не жатады? 1.Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. 2.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 3.Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 4.Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу / 5.Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. 2-топқа 1.Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз? 2.Біз не үшін тамақтанамыз? 3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер? 4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер? 5.Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер? 1.Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. Жақсы денсаулық туралы түсініктеріңді білдік енді,қсы тақырыпта қандай тақпақтар біліеміз? Ануар: Шыныққан шымыр денеміз, Күн сайын өсіп келеміз. Денсаулық- бес,сабақ -бес Деп рапорт береміз! Сабина: Суық қардан онша қорқа қоймасаң, Шынығасың таза ауада ойнасаң. Осы кезде спортпен шұғылданып, Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың. Ясмин: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды. Аруна: Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады. Аруана : Спорт біздің досымыз, Күш қайрат сыналған. Спорт біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған Бексултан: Денсаулық ол күлуің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық-ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай. Азамат: Басты байлық-денсаулық- Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық. Анар: Денсаулық -ол шыныққан Барлық денең мүшесі Денсаулық -ол тыныққан Жүйке-тамыр жүйесі. Яна: Салауатты өмір салтын қолдайық, Әдеттен жаман әманда аулақ болайық, Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар, Су ішпеген гүлдей болып қалмайық, Азат: Біз өмірді таңдаймйз, Біз өмірді қолдаймыз. Әрқашан бар ынтамен, Салауатты қолдаймыз. Мұхамедали : Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы. Қасиет: Денсаулықты сақтайық. Шынығайық баптайық 3. Дені саудың -жаны сау Жігерің бар, талабың бар қайратың, Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын. Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып, Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру. 1.Аружан Дене қимылы-дәрісіз ем, Шыныға жүріп дертті жең. 2.Дилназ. Таза болса- табиғат, Аман болар -адамзат. 3.Тамирис.Жалқаулық-жаман ауру. 4.Айдана Шынықсаң, шымыр боласың. 4. Топтық тапсырма. Ситуациялық жағдайлардан шығу. 1- жағдаят:1топқа...... Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді. -Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 2-жағжаят:2 топқа Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті. - Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер? 5. Білігеніңе сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу топтпарға тарату 1топ,2топқа қояды,топ басшылары оқиды. 1.Оң жағымда бес сарбаз, Сол жағымда бес сарбаз. ( он саусақ) 2.Асқар тауда қара орман (шаш) 3.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады? (күн) 4.Жеп көріп ем мен, Жас шығарды көзімнен / пияз / 2 топ,1 топқа қояды. 1.Іші жұмсақ, сырты қатты, 2.Еті қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/ Әрі қызыл, әрі тәтті, 3.Татқан жанды таңырқатты. / алма / Тәтті жемістердің бірі, Қауақтың кішкентай түрі. Ай бұтаққа ілінді, Айтыңдаршы, кім біледі. / алмұрт / 4.Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. / су/

6.Шығармашылық тапсырма:

1топ.Денсаулыққа пайдалы -заттар

2 топ:Денсаулыққ зиян-болатын заттар туралы постер қорғайды

Рефлесия:

Тренинг «Денің сау болсын десең...»

Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен? -Денсаулық Тәрбие сағатын қорыту: Сабақ сонында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

© 2010-2022