Открыты урок

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Чкалов № 2 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі-Жусипова Б.Қ.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Балалар денсаулығы үшін сүттің пайдасы»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сүт өнімдері туралы білімдерін кеңейту. Сүт өнімдері адам және балалар денсаулығы үшін пайдасын түсіндіру. Ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Балалардың қызығушылықтарын, ізденушіліктерін ояту. Ашытылған сүттердің түрлерімен таныстыру. Өз беттерінше тәжірибе жасауға дағдыландыру.Тазалыққа, ұқыптылық пен үнемділікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, ойындар ойнау, жұмбақтар шешу, сурет салу

Қажетті көрнекіліктер: слайд, сүттің және сүттен жасалған тағамдардың суреттері.

Үлестірмелі материалдар: сүт және айран, бояу, қылқалам.

Қостілдік компонент: сүт - молоко, айран - кифир, ірімшік- творог, қаймақ-сметана, дәрумен- витамин.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Тәрбиеші қанекей балалар барлықтарыңды шаттық шеңберіне шақырамын дейді.(слайд№1)

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апайлар

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз!

Сәлем, сәлем, сәлем!

Балалар бір бірінің қолдарынан ұстан тұра қалады.

Балалар орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Тәрбиеші Балалар енді барлығымыз орындарымызға отырамыз.

Балалар бүгін біз «Балалардың денсаулығы үшін сүттің пайдасы» атты оқу іс әрекеті танысамыз. (слайд№2)Балалар біздің ағзамыз, денсаулығымыз мықты болу үшін уақытылы тамақ ішіп отыруымыз керек. Күніне 4-5 рет тамақ ішуіміз керек. Ал енді балалар сүт өнімдері біздің денсаулығымыздың жақсы болуына пайдасы барма?

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші: балалар сендерге тағыда электрондық хат келді. (слайд№3). Бұл хат сендерге Дымбілмес жиберіпті: «Сәлем, балалар! Мына жануарлардың ішінен, қайсысы сүт береді: сиыр, түйе, бие, ешкі, қой, есек, кірпі, қоян, піл, маймыл. (слайд№4).

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, қоян, есек, піл, маймыл сүт бермейді. (слайд№5). Ал, енді балалар сүттің адам денсаулығына қандай пайдасы бар? Сүттің құрамында көптеген пайдалы дәрумендер (витаминдер) бар: А,С,Е- көзіміз жақсы көру үшін, бойымыз өсу үшін және ауырмас үшін; В1, В2, В6 - терімізге ауа кіру үшін;

Осы сүттегі дәрумендердің көмегімен біздің тісіміз, сүйегіміз, шашымыз, тырнақтарымыз мықты болады, сүтті ішсек- шөліміз басылады, иммунитетімізді көтереді, денсаулығымыздың мықты болуына сүттің пайдасы өте зор. (слайд№6).

Дымбілмес жұмбақты да шеше алмапты.

Жұмбақ:

Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?

Сүт.

Аппақ сүйық,
Қалса ұйып,
Шөлің қанады,
Ішсең құйып.

Сүт пен айран
Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген? Құрт (слайд№7).

-Балалар сүттен жасалатын қандай өнімдерді білесіңдер?

-Балалар сендер сүттен жасалған өнімдерді ұнатасыңдарма? (слайд№8).

Сергіту сәті:

(слайд№9).

Енді балалар биенің, сиырдың, қойдың, түйенің сүтінен қандай өнімдер жасалады?

Біздің ұлттық тағамымыз наурыз көжеге айран, құрт қосылады. (слайд№10).

Тәжірибе:

Енді балалар сүттің құрамын зерттейік:

-түсі

-иісі

-дәмі

-сұйық па, әлде қатты ма:

Сурет салу:

Ал қазір балалар айранның бетіне әртүрлі бояулар арқылы, ферманың суретін салайық.

Дымбілмес сендерге ризашылығын білдіруде, сендердің жауаптарың Дымбілмеске ұнады, сүт ішіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. (слайд№10).

Иә., біз жаксы тамақтануымыз керек.

Хат келді. Хат келді.

Иә.

Балалар қорапты ашады.

Иә, білгіміз келеді.


Иә, көмектесемі

Балалар суреттердің ішінен сүт беретін жануарларды таңдап алады: сиыр, інген (түйе), қой, бие(жылқы), ешкі.

Сиыр-айран, бие-қымыз, түйе-шұбат, қой-құрт.

Балалар жауабы: айран, құрт, йогурт, ірімшік, қаймақ, май, сыр...


-түсі-ақ

-иісі-иіссіз

-дәмі-тәтті

-сұйық

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Қорытындылау:

-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

-Дымбілмес бізден қандай көмек сұрады?

-Сүттен қандай өнімдер жасалады?

Қонақтармен қоштасу.

Мадақтау. Сабақта белсенді қатысқан балаларға жұлдызшалар беріледі.

Балалардың

Жауаптары.

Сауболыныз!

Рахмет сізге!

Күтілетін нәтиже: Сүт өнімдері туралы білімдерін кеңейтеді.

Нені білу керек: Ашытылған сүттердің түрлерімен танысады.

Қандай түсініктерді игереді: Сүт өнімдері адам және балалар денсаулығы үшін пайдасын түсінеді.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерінше тәжірибе жасауға дағдыландыру.



© 2010-2022