Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу. Мақсаты: 1.Оқушыларға белгілеу мен өлшеу және циркульмен жұмыс істеуді үйрету. 2. білімін, ой - өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу Көрнекілігі: Суреттер, қағаз, сызғыш, циркуль.

Сабақ барысы I .Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық. II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Білімді тексеру: 1. Сызба сызықтарын ата? Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді. Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
IV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Белгілеу мен өлшеу. VII. Бекіту кезеңі:1. Естеріңе түсіріңдер, біз белгілеудің төмендегідей түрлерін білеміз: - бүгу сызықтары арқылы; - тор көздер бойынша; - трафарет бойынша; - тепшу тігісімен; - қалып үлгі бойынша; - үшбұрыш және циркульмен. Ү ш б ұ р ы ш т ы с ы з ғ ы ш (үшбұрыш) - тексеру және өлшеу құралы (1 - сурет). Оны сызба сызғанда пайдаланады. Үшбұрыштың көмегімен бұйым бөлшектерінің бұрыштарын сызады. Циркульмен де белгілеуге болады. Ц и р к у л ь - латын сөзі. Ол «дөңгелек» дегенді білдіреді. Құрастырушылар мен жұмысшылар циркульді өлшеуіш (3 - сурет) және белгілегіш құрал (4 - сурет) есебінде пайдаланады. Сендер оны болашақ құрастырушы, сәнгер, дизайншы ретінде пайдаланасыңдар. Циркульді партаға тастама. Оның инесін төмен қаратып, қорапқа салып қой. 1.Сурет бойынша жұмыс 26 - 27 бет. 2. Сергіту сәті. 3. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не?- Қағазды қалай жасайды?- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?- Қағазды немен теседі?3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ) Циркульмен жұмыс істеу. Циркульдің ұшын 5 санына дейін белгілеп ал. Радиусы 5 см деп жаз. Шартты түрде R=50 деп белгіленеді. Циркульді жоғары көтер (1 - сурет). Қағаз парағына белгіле (2 - сурет). О нүктесінен циркульді айналдыр. Радиусы R=50мм тең радиус (цифрдың жанынд ештеңе көрсетілмеген, демек олар - миллиметрлер). VIII. Қорыту. IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 26 - 28 бет оқу. 2. Бағалау



© 2010-2022