Әліппемен қоштасу тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:20.12.14 Сыныбы: 1 Ә Тақырыбы:Әліппе ,саған мың алғыс Мақсаты: білімнің бастауы болған "Әліппеден" үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау; білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, ой - өрістерінің кеңейгенін көрсету, Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата -аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлар, әріптердің макеті, көрініске керекті заттар, "Әліппе", "Ана тілі" оқулықтарының макеті,слайд. Өтілу барысы: Залда көңілді музыка ойнап тұрады. Мұғалімнің сөзі: Құрметті: Ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының "Әліппе,саған мың алғыс" атты әліппемен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар. 4 ай бұрын олар мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал, қазір ше? Қазір олар бойлары да, ойлары да толысқан, әр бетін тамсана тамашалаған Әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез-келген әңгіме,ертегіңізді өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар! Олар … Мұғалім: Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұрған балғын бүлдіршіндердің осы кезге дейінгі қадамдарын сіздерге ертегі- жыр ғып айтып берейін: Тыңда халқым, ертегі, Ертегі сыр шертеді. Бүгінгі мынау заманда Жер шары деген ғаламда, Балаларға білім беретін, "Мектеп" патшалығы өмір сүріпті. Патшалықты білімді де білікті … басқарыпты. Ол патшалықтың екі кеңесшісі болыпты. мектептің оқу ісін жүргізуші, келбеті әсем келіскен, білімін елмен бөліскен … , ал екеуі - балалардың тәрбиесімен шындап айналысқан, балалардың қамын ойлаған … , … екен. Патшалықтың кеңесшілер сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті. Мектеп патшалығында іші балаларға толы шағын-шағын 11 сарай болыпты. … , патшалық табалдырығын жүрексіне аттап, ішке енуге батылдары бармай тұрған №1 сарай балаларын … тапсырыпты. 1-Қыркүйектен бастап сол сарайдағы 16 бала алаңсыз білім алып жатады. Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан Әліппе оқулығын тамамдап, Ана тілі оқулығына қол созады. Сөйтіп,олар Әліппелеріне алғыстарын білдіру үшін ұстаздар мен ата-аналарын мерекелік кештеріне шақырыпты. Әлия: Қыр гүліндей жайнаймыз, Ән сап, билеп, ойнаймыз. Бүгін бізде мереке, Қоштасуды тойлаймыз. Мұғалім: Уақыт … Уақыт- жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын байқамай қаласың. Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың. Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 4 ай немесе 2 тоқсан тез-ақ зымырап өте шығыпты.Ендеше, 4 ай бұрынғы сәттерің кімнің есінде екен? Ақбота: Ол менің есімде. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір мереке думан боп осы маңда, Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны. Мұғалім: Иә,иә есімізге енді түсті. Ол кезде сендер, әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едіңдер. Тіпті кейбіреуің мектепке кіруге қорқып, жүрексінген едіңдер. Кейін үйренісе келе барлығың бір-біріңе бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттіңдер емес пе?! Нұржан: Рас,рас, есімде. Енді міне, сағымдай өте шықты, 4 ай уақыт аз ба екен, кім біліпті, Ұстаз ана жасады мына бізден, Сауаттанған азамат бір-бір мықты. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Тану үшін адамды, Тану үшін жаманды, Тану үшін заманды, Мектеп керек адамға! Нұрдәулет: Күмбір - күмбір қоңырау, Соғылған ай қыркүйек. Қалам ұстап қолыма, Жазылған ай қыркүйек. Нұртілек: Өмірімнің көктемін, Сенде өткізем деп келдім, Алтын ұям мектебім! Армандарым көп менің, Ақтарамын деп келдім, Асыл анам- мектебім! Айым: Оқып ғылым тектерін Ой аламын деп келдім, Оттан ыстық мектебім! Өнерпаз көп сенің, Өнер табам деп келдім, Өз бесігім - мектебім! Мұғалім: Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы, Жас балғынға жол ашқан, Қандай кітап тіл ашқан? Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол - сүйікті Әліппе! Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппе досымызды ортаға шақырайық. Әліппе: Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің. Айналайын,балдырған, Менен білім алдыңдар. Әр сөзімді жаттаған Достар үшін мақтанам. Мұғалім: Қуанышы баланың , Қуанышы ананың Жақсы білім - көрімдік! Болсын бізге халайық! Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық! Эльнара: Отан - менің өз елім, Отан - туған өз жерім. Отан - далам, өзенім, Гүлдей жайнап өсемін. Нұрбейне: Ата - анадан кейінгі - Жарқыным сенсің. Ер жеткенге дейінгі- Ақылым сенсің мектебім! Ақниет: Күлімдеген,күнім деген, Қамқор болған ұстазым. Жаны жайсаң,жайдары жан, Ұғындырған сөз сырын. Мирас: Сипадың да басымнан, Әліппені ұсындың. Бақытымның осыдан , Басталғанын түсіндім Шырын: Ең алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін ашып берді. Ән: Әліппе. Әліппе: Ішім толы әріпке, Менмін әйбат әліппе. Барлық ілім - білімнің, Бастауы мен әліппе. Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып тұрған ғажап.Қазір өздері де таныстырар. Дильназ А: Алфавиттің "А" тұрады басында, Әрқашанда "Ә" тұрады қасында. Байқадың ба ? "Б" тұрады үшінші. Ал, осының сыры неде? Түсінші: Әлия: А - деген ол - аналар ғой ардақты, Ә - деген ол - әкелер ғой салмақты. Б - деген ол - балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей сондықтан да, расында, Тұрады олар, алфавиттің басында. Әліппе: Әріптерім, қайдасың, Кел, ортаға шығайық. Сырымызды ашайық, Тойға шашу шашайық. Іңкәр: Әліпбиді білеміз, Онда, жүйе қалып бар. Біздің қазақ тілінде Қырық екі әріп бар. Әліппе: Ал, әріптер шығыңдар, Орындарыңа тұрыңдар. Бастайық кәне айтысты, Жібермейік намысты. Нұртілек: А: Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер. Дильназ А: Ә: Әдептілік белгісі - Иіліп сәлем бергені. Шырын: Б: Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Нұрбейне: Г: Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі. Нұржан: Ғ: Ғылым аспайтын қыр жоқ,
Ғылым ашпайтын сыр жоқ. Ақниет: Д: Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Жанислам: Е: Еңбек етсең жасыңнан, Бақыттысың жас ұлан Жарқын: Ж: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Әлия: И: Ине өткен жерден жіп өтер. Ақбота: К: Күшіңе сенбе, Біліміңе сен. Ерасыл: Қ: Қалауын тапса, қар жанады. Эльнара: М: Мезгілсіз келген ұйқыны, Өзіңе жақын дос етпе. . Дильназ Ж: Н: Не ексең, соны орасың. Қадыр: О: Оқусыз білім жоқ, Мирас: Ө: Өнерлі өрге жүзер. Білімсіз күнің жоқ. Нұрдәулет: П: Пәлен жерде пайда бар, Өз жеріңдей қайда бар. Айым: С: Сабыр ақыл серігі, Сабырсыз болма асығып. Санжар: Т: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Рузанна: У: Уәде алтыннан қымбат. Іңкәр: Ұ: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Асылжан Ү: Үндемеген үйдей пәледен құтылады. Дамир: Х: Халық айтпайды,
халық айтса қалып айтпайды. Ислам:: Ш: Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар. Жанасыл: Ы: Ырыс алды - ынтымақ. Нұрасыл: І: Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. Әліппе: Жаттап алсаң әріпті, Саналы өмір сүресің, Бұрыңғы өткен тарихты Әріппен оқып білесің. Мұғалім: Күшейтіп бірлік,білімді, Ән айтамыз тамаша. «Береке,бірлік болсын» деп Би билейміз жаңаша. Би: Дильназ «Шығыс биі» Мұғалім: Жеміске құты тола ма? Бір - бірлеп теріп алмасаң. Әп - сәтте шыға қоя ма, Еккен дәнің ойласаң? Білім де сондай қарағым, Біртіндеп шығар ойыңа. Ұғып ал білім боларын, Шамшырағың жолыңда. Көлге айналған бұлақтың, Қайнар көзін көріппең? Том - том қалың кітаптың, Басы болар "Әліппең". Әліппеге арнаған өлеңдеріңе кезек берейік _______: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертек те, Үйреттің оны Әліппе. Дильназ Ж: Әнімізге ұласар, Әннің аты - Әліппе. Бәрімізде тілашар, Кітап аты - Әліппе. Оқыдым Әліппе, Үйрендім әріпті А, Ә, О, Я Қадыр: Үйретті бізді әліппе, Қырық екі әріпке. Сөз, сөйлем құрап әріптен, Лайық болдық тәртіпке. Дамир: Әліппем менің, әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Мирас: Қош бол, құтты Әліппе, Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. Асылжан: Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке. Ырза боп саған жүреміз, Қош бол, сүйікті Әліппе. Әліппе: -Айтпақшы , Жалқаубек қайда? _________: -Ұйықтап жатыр. Би :Жалқаубек. Әліппе: Балалар, сендер Жалқаубек сияқты болмаңдар. Мұғалім: Әрине, біздің балалар жалқау емес, кітапты көп оқиды, әліппеден үйренген ертегіні тамашалап көрейік. Ертегілер елінде: «Күншіл үйрек» Мұғалім: Балалар, сендер 4 айда көп үйрендіңдер. Осының бәрін үйреткен кім? Хормен: мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана. Балалар жұмбақ шешіп, әріптер макетінен "Әліппе" сөзін құрайды. Әжеде бар, атада жоқ, Әкеде бар, анада жоқ. (Ә) Мынау доға, қарайық, Ұқсайды оған қай әріп. (Л) Ірімшікті жедің ғой, Тәтті екенін білдің ғой. Оның аты біз жазған, Қайсы әріптен басталған. (І) Ата-анаммен барып мен, Пілді көрдім парктен. Осы атаулар, зер салшы, Басталған қай әріптен? (П) Пілде бар, шілде жоқ, Допта бар, шарда жоқ. (П) Ешкіде бар, қойда жоқ, Кеседе бар, қасықта жоқ. (Е) Жанислам: Әліппем, менің Әліппем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет, Хормен: Әліппе рахмет, көп рахмет. Әліппе: Жас достар, мен сендермен қимай-қимай қоштасқалы тұрмын. Көп-көп рахмет, балалар.Енді сендерді әрі қарай жетелейтін Ана тілі болмақ.Ендеше ортаға Ана тілін шақырайық. Хормен: Армысың, аяулы ана тілі ! Ана тілі:Армысыңдар, жас достар! Бүгінгі думанды кештерің құтты болсын! Осы қуанышты сәтті мен тағатсыздана күткен едім. Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың "Ана тілі" мен боламын. Бәріміз сүйікті Әліппені шығарып салайық. _Шырын: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем. Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім. _________:Білімге жолды бастаған, Әліппе, саған мың алғыс! «Оқы» деп ұран тастаған, Хормен: Әліппе, саған мың алғыс! Әліппе: Рахмет айтып шаттанам, Риза болып аттанам. Оқумен өсіп толыңдар, Аман-есен болыңдар! Қош бол, сүйікті Әліппе! Мұғалім: Ертегідей болған " Әліппе" -қош бол. Ән: Ертегілер. Ана тілі: Рахмет балалар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын. Мені де бар зейіндеріңді салып, ынта қойып оқыңдар. Кейінгілерге таза, ұқыпты етіп қалдыруларыңды сұраймын. Мұғалім: Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Енді сендер ана тілі оқулығын оқитын боласыңдар.Ана тілімен тез достасып, ең сүйікті пәндерің болатынына сенемін. Ән: Ата ақылы. Мұғалім: Әліппемен қош айтысып каламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қунышқа ортақ бол. Сауатты болып шықты,міне, балаңыз! Құттықтау сөз беріледі Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар осымен «Әліппе, саған мың алғыс!» атты кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!











© 2010-2022