Пп дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола обылы, Егіндікөл ауданы

Жаңақоныс негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Утебаева Жанаргүл Серікқызы

Әліппе 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділігі: П дыбысы мен әрпін оқушыларға меңгерту, жазба, баспа түрімен таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.

Дамытушылығы: Өз ойларын еркін айта білуге, әдемі, көркем жаза білуге баулу, сөздік қорын, ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: өз елінің ұлтшыл азаматы болуға тәрбиелей отырып, білім алуға кең жол ашу арқылы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: электрондық оқулық, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру, СТО технологиясы.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеспе әріптер мен буындар, суреттер.

І. Мотивациялық қозғаушы

Оқушыларға қимыл- қозғалыс жасата отырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Музыка әуенін қосу.

Психологиялық жаттығу

Таңертең көбелек оянды,

Қанаттарын бұлғады.

Терең тыныс алады,

Азғана айналып,

Төрт көбелектен топталып

Гүлге қайта оралды.

  • Балалар, бүгін бізге ұстаздар қауымы қонаққа келіпті. Қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын,

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы гой.

Ал, қанекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, ағайлар мен апайлар.

Мұғалім сөзі:

Сабақ барысында біздің сақтайтын ережелеріміз:

  1. Бір-бірімізді мұқият тыңдау.

  2. Топ мүшелерімен аұылдасу

  3. Бағалау кезінде шынайы болу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /ОүБ/

Оқушылардан үйге берілген тапсырма «Сен бақытты ұлансың» өлеңін мәнерлеп оқуы

Критерий арқылы бағалау

  1. Өлеңді қатесіз, анық дыбыстап оқуы

  2. Өлеңді мәнерлеп оқуын бағалау

Жұптық жұмыс

  1. Суретпен жұмыс

/ дыбыстық, буындық талдау жасап, сөйлем құрастыру/

Пп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпі


  1. Тірек - сызбамен жұмыс

Дұрыс жазылған сөзді табындар.

Түлкі

Тұлкі

Тулкі

Уки

Үкі

Үки

Ғүл

Гұл

Гүл

Өтік

Үтік

Ұтық

Жүгері

Жұгері

Жугери

Кұн

Күн

Кун


Сыныпты топқа бөлу

Үстел үстінде бірнеше жетонда жайылған. Әр оқушы өзіне ұнаған жетондарды алады. Жетон дөңгелекшелерде «А», «Б», «Д» жазуы жазылған. А» тобы- Ақылдылар, «Б» тобы - Білімділер, «Д» тобы - Дарындылыр.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. /кітап/

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. /кітап/

  • Ал, балалар осы кітап сөзінде сіздерге таныс емес әріп, дыбыс барма? Ол қандай дыбыс, әріп?

  • Әрине ол Пп дыбысы, дұрыс айтасындар.

  • Кәне, балалар енді Пп дыбысының дыбысталуын, жазылуын электрондық оқулықтан көріп танысайық.

Электронды оқулықпен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

Шаршадым ,Уф

Қорықтым, Ой, Ой

Өкіндім ЭХ,ЭХ

Таңғалдым О,О

Қуандым Ура,Ура.

Ү. Оқулықпен жұмыс

А) Бағадағы сөздерді оқу, мағынасын ашу

Тап пішін шопан әріп Талап

Қап пәтер шапан кітап Жақып

Ә) «Кітап» әңгімесін мәнерлеп оқу.

«А» тобына: Оқушыларға іштей және дауыстап оқыту

«Б» тобына: Мазмұндау

«Д» тобына: Сұрақтар мен тапсырмалар

ҮІ. Сабақты қорыту

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы постер құрастырып, қорғау.

-Өздеріне ұнаған суреттердін атын жазып, «қандай?» сұрағына жауап жазу.

Мысалы: Кітап. Қалың кітап. Т.б.

Пп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпіПп дыбысы мен әрпі

Рефлексия. Кері байланысты топтық бағалау

Ұнағаны

Ұнамағаны

Таң қалдырды

Сұрағым бар

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау

Топ басшысының бағалауы

Формативті бағалау

Жиынтық баға

Үйге тапсырма: Пп дыбысы мен әрпін оқу.

© 2010-2022