Құстардың алуан түрлілігі Дүниетану

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Құстардың алуан түрлілігі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін кеңейту; Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд,қосымша мәтіндер,сызбалар,т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, құралдарын дайындау

Сыныпты топқа бөлу: Сиқырлы қорапшадағы құстардың аттары арқылы топтарға бөлінеді.

1.Қарлығаш

2.Қарға

3.Бүркіт

«Ой-қозғау» арқылы тапсырма беру: Осы құстар жайлы не білеміз? Қай топ өз тобының құсы туралы не айтқысы келеді?

Сіздердің ойларыңызды толықтырайын.

Құстар туралы жұмбақтар жасырайын.

Әр топқа мәтіндер таратамын. Сол мәтінде қандай құстар жайлы әңгімеленген.

1-мәтін Жыртқыш құстар

Жыртқыш құстар туралы Жыртқыш құстар. Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран,бүркіт,кезқұйрық,жапалақ,үкі және тағы басқалары.Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады.Олар алуан түрлі жануарларды-тышқан,қоян,құстарды аулайды.Ал үлкен қыран тырнағымен қозыны іліп алып кете алады. Бүркіт-қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді мекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады. Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады.Негізінен суыр,қоян сияқты кеміргіштермен қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушыларды аулайды,өлімтіктер жейді. Кезқұйрық-жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.

Орта көлемді жануарлар,сүтқоректілермен,құстармен,рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды және қалдықтарды құмарлана жейді. Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.

2- мәтін Жыл құстары.

Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді.Алкүзде қайтадан ұшып кетеді Жыл құстарына :ұзақ,аққу,тырна,ләйлек және тағы басқа құстар жатады.

Аққу-мойны ұзын,қаз тұқымдас жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында кетіп,қазан айларында ұшып келеді

Су өсімдігінің жапырағымен,тамырымен,кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Сұлу,достыққа адал құс,махаббаттың символы. Қарлығаш-жылқұсы.Қарлығаштар өте үшқыр.

Басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып жүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп,зор пайда келтіреді. Тырна-Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы.Ірі өзен жағалауларында мекендейді.Негізінен өсімдікпен,жәндіктермен қоректенеді.

Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы.Ол су жағалауында тіршілік етеді.

Балықтармен,Су өсімдігінің жапырақтарымен,жәндіктермен қоректенеді.

3-мәтін Отырықшы құстар

Отырықшы құстар туралы және қыстап қалған құстарға қамқорлық жасау туралы слайдтар көрсету.

Отырықшы құстар. Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және суыққа төзімді. Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,тек кеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді.

Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді.

Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзатың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олар дән,нан қиқымдарымен қоректенеді.

Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді.

Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығып қалмауына жағдай жасап,қорғайды.

-Ойларыңды толықтыру үшін топтар бір-біріңе сұрақтар қоясыңдар.

1.Қандай жыртқыш құстар бар?

2.Олар немен қоректенеді?

3.Жыл құстары қандай құстарға жатады?

4. Ләйлек қандай құс?

5.Отырықшы құстар қандай құстар?

6.Олар немен қоректенеді?

7.Бұл құстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Құстар алуан түрлілігі осы екенін білдік. Құстардың 9мыңдай түрі бар.Біздің елімізде 435 түрі тіршілік етеді. Құстардың шектен тыс аулаудың әсерінен олардың саныда азайып барады.Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың 56 түрі енді. Олардың қатарына Қарақұтан, аққұтан, бірқазан, қоқиқаз, тырна,аққу,бүркітте бар.

-Ең мейірімді,кішіпейіл құстар бар.Оған қандай құстар жатады? (қарлығаш).

-Ендеше сергіту ретінде осы қарлығаш құсының биін бәріміз бірігіп билейік.

Сергіту сәті. «Қарлығаш» биі

-Табиғат сырын құстарда біледі. (слайдпен жұмыс)

Қорыту: Топтарға тапсырма.

1-топ: Эссе жазу

2-топ: Өлең құрастыру

3-топ: Сурет салу

Мысал ретінде мен осы құстар жайлы балаларға өлең құрастыру тапсырмасын берген кезде менің кейбір оқушыларымның шығармашылық тапсырмасынан үзінді ретінде мына өлең жолдарын оқып берейін.

Құстар біздің досымыз,

Құстарды біз қорғаймыз.

Қарғысына қалмаймыз

Құс ұясына бұзбаймыз.

Құс ұясын бұзбайық

Құстарды біз қорғайық.

Дос болайық құстармен

Жұмыртқасын алмайық.

Бағалау: «Білім кемесі»арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.





1-мәтін


Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және тағы басқалары. Жыртқыш құстардың қанаты үлкен, көзі қырағы, тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады.Олар алуан түрлі жануарларды - тышқан, қоян, құстарды аулайды. Ал үлкен қыран тырнағымен қозыны іліп алып кете алады. Бүркіт - қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді мекендейді. Ұясын ағаштың ұшар басына салады. Өте сақ, адам көзіне сирек шалынады. Дала қыраны - жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді. Ұясын жерге салады. Негізінен суыр, қоян сияқты кеміргіштермен қоректенеді. Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушыларды аулайды, өлімтіктер жейді. Кезқұйрық -жыртқыш жыл құсы. Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады. Орта көлемді жануарлар,сүтқоректілермен, құстармен, рептилиялармен қоректенеді. Өлі балықтарды және қалдықтарды құмарлана жейді. Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды. Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.








2- мәтін


Біздің елімізде құстардың көпшілігі - жыл құстары. Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді. Ал күзде қайтадан ұшып кетеді. Жыл құстарына: ұзақ, аққу, тырна, ләйлек және тағы басқа құстар жатады. Аққу - мойны ұзын, қаз тұқымдас жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында кетіп, қазан айларында ұшып келеді.Су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Сұлу, достыққа адал құс, махаббаттың символы. Қарлығаш - жыл құсы. Қарлығаштар өте ұшқыр.Басқа құстардан айырмашылығы - жемін ұшып жүріп аулайды. Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп, зор пайда келтіреді. Тырна - Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы.Ірі өзен жағалауларында мекендейді.Негізінен өсімдікпен,жәндіктермен қоректенеді.Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы.Ол су жағалауында тіршілік етеді.Балықтармен, су өсімдігінің жапырақтарымен,жәндіктермен қоректенеді.


3-мәтін


Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Сондықтан оларды отырықшы құстар деп атайды. Олар қыс кезінде адамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және суыққа төзімді. Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,тек кеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді. Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді.Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзаттың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олар дән,нан қиқымдарымен қоректенеді.Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді. Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығып қалмауына жағдай жасап,қорғайды.

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт

Қарлығаш Қарға Бүркіт



© 2010-2022