Масса бірлігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

пән: Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Масса бірлігі- ц

Сабақтың мақсаты:

1.Массаның өлшем бірліктері центнермен, тоннамен таныстыру,есептеу дағдыларын жетілдіру,есептей білуге үйрету.

2.Оқушылардың зейінін, ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа жетелеу.

3. Оқушыны ізденуге, салыстыруға, топ болып бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: АКТ, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, кестелер, постерлер, э/о, флипчарт.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық серпіліс

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

«Математика» сабағын

Бастаймыз!

Геометриялық фигуралар тарату, әр оқушы ұнаған фигураны таңдайды. Бірдей фигура алған оқушылар бір топ болады. Оқушыларды топтастыру.

II. Өткенді пысықтау:

«Зейінділік ойыны»

3 х 7 8 х 8 9 х 6 5 х 7 4 х 3

С а с а м

Қандай сөз шықты? (МАССА).

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Түсіндіру, еске түсіру.

Сендер массаның қандай өлшемдерін білесіңдер?

Біздің сабақтың тақырыбы: «Масса бірлігі-центнер».

Масса - экономикада: тауарлардың мөлшері.

Үлкен, ауыр заттың массасын центнермен өлшейді. Мақта, бидай, тыңайтқыштарды, жүк машиналарына тиелген заттарды тонна, центнермен өлшейді. Оларды килограммен өлшеген тиімсіз.

2.Электронды оқулықты пайдаланып, масса бірліктері туралы түсіндіру.

1 тапсырмасын орындату. Интерактивті тақтада орындайды.

3.Кесте бойынша түсіндіру.

Т- тонна 1т = 10 ц

Ц-центнер 1 ц = 100 кг

Кг-килограмм 1 т = 1 000 кг

Г- грамм 1 кг = 1 000г

1 т = 10 ц = 1 000 кг = 1 000 000 г

1 ц = 100 кг = 100 000 г

4. Дәптермен жұмыс

Күнді және көркем жазу жаздыру. 369

ІV. Жаңа білімді меңгеруі

5.Қызығушылығын ояту

1 -тапсырма. Тиісті санды тауып орнына қой:

Постерде орындалады.

1 -топ:

905 кг =  ц  кг

950 кг =  ц  кг

205 кг =  ц  кг

2-топ:

120 кг =  ц  кг

879 кг =  ц  кг

102 кг =  ц  кг

3-топ:

604 кг =  ц  кг

225 кг =  ц  кг

510 кг =  ц  кг

4-топ:

350 кг =  ц  кг

963 кг =  ц  кг

607кг =  ц  кг

Әр топ өз тапсырмасын дәптерге жазады.

6. Ой қозғау

2 - тапсырма Есепті шығар:

Қима қағазбен есеп таратылады. Тақтаға орындайды.

Көкөніс қоймасынан 384 кг картоп және 396 кг пияз 2 дүкенге тең бөлініп жіберілді. Әр дүкенге неше килограмм картоп жіберілді? Қанша пияз жіберілді?

Картоп- 384 кг

Пияз- 396 кг

Жіберілді-2 дүкен

Әр дүкен - ? кг картоп , пияз

384 : 2 =192

396 : 2 =198

Жауабы: Әр дүкенге 192 кг картоп, 198 кг пияз жіберілді.

192 кг =1 ц 92 кг 198 кг =1 ц 98 кг

1-топ: Шартын жазады.

2-топ: Шешуін жазады.

3-топ: Жауабын жазады.

4-топ: Центнерге айналдырады.

7. Білімін шыңдау

3-тапсырма Салыстыр:

1- топ:

9ц * 90 кг

910 ц * 9ц 1 кг

3ц 50 кг * 350 кг

6 ц - 200 кг * 8 ц + 2 ц

2-топ:

1т * 10 ц

4 ц + 5 ц * 1 т

900 кг * 9ц

50кг х 2 * 8ц+2 ц

3- топ:

1000 кг - 3 ц * 700 кг

200 кг * 2 ц

900 кг - 3 ц * 800 кг - 3 ц

1000 кг * 5 ц

4-топ:

509 кг * 5 ц 9 кг

2 ц 40 кг * 24 ц

1000 кг * 10 ц

10 ц * 1 т

8. Сергіту сәті

9. «Логикалық тапсырма» Флипчартта көрсетіледі.

1. Ұшақ Алматыдан Семейге 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Ұшақ қай кезде көп ұшады?

( Бірдей. 1 сағ 40 мин = 100 мин)

2. Екі тауық екі күнде екі жұмыртқа туады. Төрт тауық төрт күнде қанша жұмыртқа туады?

(4 жұмыртқа)

3. Аңшы мылтық атарда неге бір көзін қысады?

( Екі көзін бірдей қысса, еш нәрсе көрінбейді)

10. «Шығармашылық тапсырма»

1. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысының мәнін жылдам есепте:

12345678910 ( 50)

2. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? ( 50)

3.Жұмбақ есеп:


Бір кемпір: «Сапырып-сапырып Сарманға бер, Құйып - құйып Құрманға бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. - «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)

11. «Тез есепте» Постерде орындайды.

4-тапсырма Амалды орында:

1- топ: 5 х 3 х 2 х 10

2 х 7 х 10 х 5

2- топ: 3х 5х 10 х 2

5 х 4 х 2 х 5

3- топ: 2 х 10 х 4 х 5

5 х 4 х 5 х 8

4- топ: 2х 8 х 10 х 0

3х 50 х 2 х 4

V. Сабақты қорытындылау

Масса бірліктерін ата?

Қандай тапсырмалар орындадық?

VІ. Сабақты бекіту

Математика - адам үшін, адам - математика үшін жаралған!

Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің! - дегендей сабақтан алған әсерлеріңді смайликтерден табыңдар.

Көңілді

Бірқалыпты

Көңілсіз

VІІ. Үйге тапсырма: 59-бет № 7

VІІІ. Бағалау. Оқушылардың білімдерін талдап, мадақтап бағалау.




© 2010-2022