Қазақ тілі 2 сынып Дауыссыз н мен ң

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2 сынып

Тақырып

Дауыссыз н мен ң

Жалпы мақсаты

Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру;
Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;

Әдіс- тәсілдер

Сұрақ- жауап, жекелеме, жұптық, топтық жұмыс

Күтілетін нәтиже

Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысады, сөздердің мағынасын түсінеді;
Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері, ойы, қиялы дамиды;

Ресурстар

Оқулық, суреттер, А4 қағаздары, маркер, проектор

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Қызығушылықты ояту (5 мин)


- Көңіл күйлерің қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (Алақандарын соғады)
-Ынталарың ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді)
- Ендеше бастайық!
- О-о-о ! (Бас бармақтарын көрсетеді)

Топ басшыларын сайлатады.


Топ басшылары бағалау парағын толтырады.

« Ортада қалам» стратегиясын қолданады.

-Дыбыстар неше топқа бөлінеді

-Жуан дауысты дыбыстарды ата

-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата

-Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата

-Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата

-Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Жұмбақ шешкізеді.

1. Нанда бар, майда жоқ.

Ұнда бар, айда жоқ.

2. Шаңда бар, гүлде жоқ

Аңда бар, сайда жоқ.

Қалам иелері сұрақтарға жауап береді.


Слайдтан көре отырып, жұмбақты шешеді.

Мағынаны тану

- Ендеше, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Дауыссыз н мен ң»

Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң

Н мен ң қандай дыбыстар?

Н мен ң дыбыстары кездесетін қандай сөздер білесіңдер? Ң дыбысы сөз басында кездесе ме екен?

Н мен ң екеуі екі басқа дыбыс.

Н- тіл ұшы дыбысы,ң- тіл арты дыбысы.

Н мен ң дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.

Дәптермен жұмыс жасатады.

Көркем жазу жұмысы

Нн Нн Нн Нн ң ң ң ң ң әріптерін бір жолға жазғызады.

129- жаттығу

1- топқа Шын- шың тон- тоң

2- топқа Кен- кең мен- мең

3- топқа Сен- сең он- оң сөздерін жазғызады.

Семантикалық картамен жұмыс жасатады

130- жаттығуды ауызша орындатады.

Жеке жұмыс

Барлық оқушыға н, ң дыбыстары кездесетін 1-1 сөз таратып береді де, сол сөзге дыбыстық талдау жасатады.

131- жаттығуды тақтада орындатады.

132- жаттығуды ауызша орындатады.

133- жаттығуды оқытады.

Қон, қоң сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Кен, кең сөздерінің мағынасын түсіндіреді де, осы екі сөзге ұйқас өлең құрастыртады.

Слайдтан Ескен Елубаевтың ұйқас өлеңін оқытады.

1. Кисе де тонды,

Қатты тоңды.

2. Жайлауға қон,

Жисын мол қоң.

3.Есінен танды,

Жарасын таңды.

4. Таңғалтқан мені,

Беттегі меңі.

5. Байлықтың кені,

Жеріңнің кеңі.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар күн мен тақырып жазғаннан кейін көркем жазу жұмысын жазады.

Оқушылар сөздерді салыстырып, мағыналарының екі түрлі болуы қай дыбыстың әсерінен екенін айтады.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды, тақтада бір оқушы қорғайды.

Өлеңді мәнерлеп оқиды. Ң дыбысы туралы өздері қорытынды жасайды.

3 топтан 3 оқушы шығып қорғайды.

Слайдтан қарай отырып, тиісті әріптерді қойып, сөздерді тақтада орындайды.

Берілген сөздерге сөйлемдер құрайды.

Кен, кең сөздеріне ұйқас өлең құрастырады.

Өлеңнен ұйқас сөздерді табады.

Ой- толғаныс

Венн диаграммасын толтыртады.

Пікірлер ағашын толтыртады.

Венн диаграммасын толтырады. Пікірлер ағашына өз пікірлерін жазып іледі.

Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма

134- жаттығуды орындауға береді.


© 2010-2022