Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Светлана Абдыгазымовна Курмашева

Ембі қалалық № 3 орта мектебі

Ембі қаласы,Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы

Сыныбы: 2 «б»

Пәні: Қазақ тілі

Күні:05.02.16.

Сынып жетекшісі:Курмашева С.А.

Тақырыбы:Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға зат есім туралы түсінік беру; сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы зат есімді дұрыс табуды меңгерту.

Дамытушылық:ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту,мәнерлеп сөйлеуге,әдемі жазуға,өз бетінше орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік:зеректікке,ұқыптылыққа,адалдыққа баулу; көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру

Көрнекіліктер:кесте,семантикалық карта, «Сөз таптары» картасы,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу

Қолданылатын технология:СТО,АКТ

Сабақтың формасы:топтық,жұптық,жеке.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

3. «Шаттық шеңбері»

Күн!

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын,

Сәттілік тілеймін.

Аспанымыз ашық болсын,еліміз тыныш болсын,мейірімді болайық т.б.

-Жыл мезгілдерін атаңдар.(қыс,жаз,күз,көктем)

-Қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

Топқа бөліну:1-топ- «Қыс»,2-топ- «Көктем»,3-топ- «Жаз»,4- топ-«Күз»(ретімен атау)

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарын қалай?

-Тамаша!(алақандарын соғады)

-Ынталарың ше?

-Ғажап!(қолдарын қөтереді)

-Ендеше бастайық!

-О-О-О (бас бармақтарын көтереді)

4.Үй тапсырмасын тексеру.

4.Мағынаны тану. «Білемін» кезеңі. «Білегіңе емес, біліміңе сен» Өткен сабақты қайталау.

Тест тапсырмалары:

1.Түбір сөзді тап:а) жаңалық ә) су б)дәптерге

2.Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады? а)қосымша ә)түбір б) сөз құрамы

3.Қосымшаның неше түрі бар? а)4 ә)2 б)3

4.Жұрнақ деген не? а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ә)сөз мағынасын өзгертетін қосымша б) сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін

5.Жалғау деген не? а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ә)сөз мағынасын өзгертетін қосымша б) сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін

6.Көптік жалғауы жалғанған сөзді тап: а)қалам ә)оқушылар б) үйге

Тест жауаптары: 1-а,2-а,3-ә, 4-ә,5-а,6-ә.

5. Қызығушылығын ояту. «Білгім келеді» «Білгенің артық болмас»

Ертегі:-Балалар,ерте,ерте,ертеде біз білмейтін шексіз бір үлкен елде «Сөздер» өмір сүріпті. Ол ел- «Морфология»елі деп аталыпты .Сол елде «Сөз таптары» деген хан өмір сүріпті.Ол ханның тоғыз баласы болыпты.Бәрі сол бір елде, кең сарайда тату-тәтті бірге тұрыпты.Хан өз мағыналарына қарай,жауап беретін сұрақтарына,өзіндік ерекшеліктеріне қарай балаларына былай деп есімдерін қойыпты.

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпСөз таптары

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Есімдік

Үстеу

Шылау

Одағай

Еліктеуіш

6. «Жаза аламын» кезеңі «Білгенің-бір тоғыз,білмегенің-тоқсан тоғыз»

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

-Бүгінгі күннің жадын жазайық.

Сөздік диктант:зымыран,ақын,тастар,Ержан,сауыншы,ін,малшылар.

-Бастапқы әріптерден сөз құрастырымыз.(Зат есім)

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есім»

-Берілген сөздерге сұрақ қойыңдар?(не?нелер?кім?кімдер?)

-Бұл сөздер нені білдіріп тұр?(Заттың атын білдіріп тұр)

-Енді осыдан ереже құрастырып көрейік.

Ереже:

Электронды оқулықпен жұмыс.

Топтастыру:

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпЖекеше Көпше

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпТуынды Зат есім Негізгі

Жалпы Жалқы

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Суретпен жұмыс.

Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс:

Сергіту сәті.

Сөзжұмбақ шешу.317-жаттығу Суреттер бойынша

з

а

т

е

с


і

м


318-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз.

1.Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-тасылмайтын кен.

2.Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

319-жаттығу. Сызбаның орнына не? сұрағына жауап болатын сөзді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

....үреді. ..... ұлиды. .....қарқылдайды. ...... шақырады.

321-жаттығу.Сөздерді оқып,зат есім екенін дәлелде.

Ақын,әнші,көбелек,қозы,дән,бөбек,әже,мұз.

ДҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпәлелдеу үлгісі:Ақын-бұл зат есім,өйткені кім?сұрағына жауап береді

Заттың атын білдіреді

Ой толғаныс.

7. «Білдім» кезеңі «Саналымен санаспа»

Семантикалық карта

Сөздер

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың қимылын білдіретін сөздер

Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың сынын білдіретін сөздер

алма

барды

оқушы

жеті

қызыл

оқыды

қоңыр

он

Сәйкестендіру.

ҚҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпой Кім?

ӨҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпсімдіктер Кімдер?

АҚазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сыныпңшылар Не?

Шахтер Нелер?

Суретпен жұмыс: «Кім көп біледі?»ойыны

Қорытынды:

Тест тапсырмалары:

1.Зат есім нені білдіреді? а) заттың санын ә) заттың қимылы б) заттың аты

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап: а)Жандос ә)дәрі б)күлді

3.Дәптер деген сөзге қойылатын сұрақты тап: а) не істеді? ә) не? б) кім?

4.Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап: а)дәрігерлер,дәрілер ә)күшік,әнші б) қыс,торғай

5.Мына сөздердің қайсысы зат есім? а) әдемі ә) қалам б) жазды

Жауаптары: 1-б, 2-а, 3-ә, 4-а, 5-ә.

Рефлексия:

-Бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Зат есім.

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Бағалау. (Смайлик арқылы немесе бағдаршам арқылы бағалау)

Үй тапсырмасы:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық .

320- жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім 2 б сынып





© 2010-2022