Сауат ашу 1 сынып сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: СауаташуКласы: 1
Сабақтыңтақырыбы:Ёё дыбысыменәрпі
Сабақтыңмақсаты:
1. Оқушыларды Ее дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздер үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату, меңгерту;
2. Оқушылар зейінін және жеке сөздерді, мәтінді, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру;
3.Үлкенге көмек беруге, адамгершілікке, жауапкершілікке, аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, талдау, топтастыру, еліктеу т.б.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу

Көрнекіліктер: Ёё әрпінің баспа, жазба түрлері, аңдар суреттері, әріптер кассасы т.б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен материалды бекіту

Оқулықпен жұмыс

№ 3 жазу дәптерімен жұмыс

Сабақты қорытындылау

Мадақтау, бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.

М: Сәлеметсіздер ме, балалар!

О: Сәлеметсіз бе!

М: Балалар, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

О: Иә, дайынбыз.

Оқушылар бір - біріне қарап:

Далада күн шығып тұр

Бізге сәуле төгіп тұр

Бестік баға алсын деп,

Бізге тілек тілеп тұр.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Ёё қандай дыбыс, қандай түспен боялады?

Сөздер ойлау

«Шахтёр» мәтінінің мазмұнын сұрау

III.Өткен материалды бекіту.

Балалар, бүгінгі сабағымызда хайуанаттар бағына барып, серуендейміз. Ёё дыбысын әрі қарай жалғастырып өтеміз, оқимыз. Түрлі аңдар болады. Оларды өз көзімізбен көру үшін, автобуспен барамыз. Ал, олар бізге тапсырмалар береді. Соны орындау керек. Егер орындамасақ бізге ренжиді.

М: Қане, хайуанаттар бағына баруға дайынбыз ба?

О: Иә, дайынбыз.

М: Енді автобусқа отырамыз. Кіруге билет алу үшін кассаға барайық. Билетті алу үшін мынадай тапсырманы орындайық.

Өткен әріп, дыбыстарды жатқа айт.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жатқа айт.

-Тапсырманы орындадық. Енді, хайуанаттар бағына кіре аламыз. Келе жатып алдымыздан ең бірінші қандай аң кездесті?

О: Қорбаңбай аю.

Сұрақ - жауап:

М: - Қорбаңбай аю қандай болады?

- Одан қорқамыз ба?

- Ендеше, аю туралы не білеміз, ол немен қоректенеді?

Өте жақсы балалар, тапсырманы орындадыңдар. Келе жатырмыз алдымыздан не кездесті?

О: Жолбарыс кездесті.

М: Ол мынадай тапсырма берген. 125- бет «Монтёр» мәтіні. Егер мәтінді оқи алмасақ, ол бізге ренжиді.

Оқушыларға тізбектеп оқыту.

IV. Оқулықпен жұмыс.

Монтёрдың жұмысы қиын. Күннің жаңбырлы, боранды болғанына қарамай жұмыс істейді. Биік бағаналарға өрмелеп шығуға да тура келеді. Монтёр болу үшін епті, сабырлы болу керек.

Жол саламын алысқа,

Монтёр болам қаласам

Сапар шегіп ғарышқа,

Айдан да әрі асам.

М: Бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасаймыз.

Ал қанекей, тұрайық

Алақанды соғайық

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Енді бізге кездескен қай аң?

Тиін.

Тиіннің тапсырмасы мынадай:

«Монтёр» өлеңін жатқа айт.( жатқа айтып болған соң, 3 рет шапалақтау)

Келксі кездескен қандай аң?

Түлкі.

Яғни, бұлттардағы жерге тамған тамшыларындағы буындарды байланыстырып сөз шығар.

V.Дәптермен жұмыс жүргізу.

- ауада жазу

- көркем жазу

Ёё ёё монтёр шахтёр

VI. Сабақты қорытындылау.

Бақта серуендеген ұнады ма?

Қандай аңдарды көрдің?

Берген тапсырмалары қиынға соқтырды ма?

Сонымен қандай дыбыспен таныстыңдар?

Тоқтарды бөренеге шығып кім оңдайды?

Монтёр болған кімге ұнайды?

Монтёр болсаң қандай пайдаңды тигізер едің?

VII.Мадақтау, бағалау



© 2010-2022