Әдебиеттік оқу Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі»

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты-жөні: Кунафина Жанар Сайлауовна

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Деңгей: негізгі ІІІ деңгей

Пәні: Әдебиеттік оқу /ашық сабақ/ 2-сынып

Күні: 27.02.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі»

Сабақтың жалпы мақсаты:

Мәдіхат Төрежанов туралы мағлұмат беру. Тақырыпты өздері тауып айтуға мүмкіндік беру.«Еркіннің еңбегі» мәтінін түсініп оқуға үйрету , мазмұнын ұғындыру. Өз бетінше орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, бірлескен жұмыс жасауын, сөйлеу тілін дамыту . Еңбек сүйгіштікке баулу.

Күтілетін нәтижелер:

Мәдіхат Төрежанов туралы біледі.«Еркіннің еңбегі» мәтіннің мазмұнын, өздігінен түсіне алады. Өз ойларын еркін жеткізе алады.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.Тапсырмаларды талдап, қортындылайды. Топ басшысы бағалайды.

Түйінді идеялар:

Еңбек түбі- қуаныш

Уақыт

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың қызметі

5 мин




5 мин









5 мин









15 мин









8 мин



5 мин



2мин

1-кезең: Қызығушылықты ояту: «Тату-тәтті жанұя» әдісі. Топ құру. Психологиялық ахуал (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады) Мұғалім оқушыларға (күндердің күнінде тату-тәтті жанұяда 2, 3,4, 5 адам болыпты деп, әр санды айтқан сайын топтай отырып, топқа бөледі

Үй тапсырмасын сұрау. Диалог құру.Сұрақ-жауап:

«Біз сендерге, сендер бізге әдісі. Оқушылардан үйден дайындаған М.Әлімбаев «Көктем келді» өлеңін мәнерлеп оқытады және екі топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптар сұралады.

2-кезең: Мағынаны ажырату: «Миға шабуыл» әдісі. Оқушылардан экранда көрсетілген мақал-мәтелдерді оқытады немесе оқушылардан еңбек туралы мақал- мәтелдер сұралады, мағынасын айтуды тапсырады:

1.Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2.Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.

3.Еңбек түбі- қуаныш.

Еңбек туралы неге сұралды деп ойлайсыңдар? Жаңа тақырыпты өздігінен табуып айтуға мүмкіндік беру. М.Төрежанов кім? қысқаша мағлұмат сұралады.

3-кезең: Ой-толғаныс:

«Сыр сандық» стратегиясы

Жеке, жұппен, топпен жұмыс Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі» мәтінін іштей жеке оқытып, мәтіннің мазмұнына сәйкес сұрақ жазып, сандыққа салуды тапсырады.Сонан соң тағы мәтінді оқып шығып,сандықшадан кезек-кезек екі топ сұрақтарды алып, жауап беруді тапсырады.

Постер жасату: Оқушыларға І топқа: еңбек түрлерін көрсетуді және ІІ топ мәтіннің суретін салуды тапсырады.

Кері байланыс: Оқушыларға түсті дөңгелектер таратылады. Сол дөңгелектің түсіне сәйкес жоғары көтереді.Яғни жасыл-барлығы түсінікті,ал сары - әлі түсінетіндер болса, қызыл- мүлдем түсінбегендігін білдіреді.

Үйге тапсырма: 1.Мәдіхат Төрежанов «Еркіннің еңбегі» мәтінін мазмұнына сай сұрақ дайындайды.

2. «Менің алғашқы көмегім» шығарма жазу тапсырады.

Күнделікке жазуды тапсырады.

Оқушылар «Алтын ережені» қайталайды. 2 топқа бөлініп отырады.













Оқушылар үйден дайындаған өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтарын екі топ кезек-кезек оқиды, жауап береді. Әр жауапқа қол шапалақтап қолдау көрсетіп отырады.

Оқушылар өз білгендерін топта айтады, талқылайды, жаңа тақырыпты өздігінен тауып айтады.



Оқушылар жеке іштей оқып, сұрақты қағазға жазып, сандыққа салады да мәтінді тағы оқып, сандықтан сұрақты алып жауап береді.

Оқушылар осы тапсырма бойынша постер құрады,қорғайды.

Осы тапсырма бойынша оушылар кері байланыс жасайды.

Топ басшылары: өз топтарын бағалайды.

Оқушылар үйден мәтінді мазмұндайды, «Менің алғашқы көмегім» шығарма жазып дайындалады.

Рефлексия: Оқушылар топқа бөлгенде, топта отыратын оқушылар таңдап, келіспеушіліктер туындап жататын. Бұл сабақта ойынға қызыға, қалай топқа бөлінгендерін де аңғармай қалды.Сабақ кезеңдері бойынша оқушылар белсенді қатысып отырды.Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлаймын.



© 2010-2022