Конспект на тему по математики з сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика. 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау

Мақсаты: бұрын өтілген кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайларын бекіту; фигура ауданы мен периметрін айқындау дағдысын жетілдіру.

Пәндік нәтиже: оқушылар нөлге аяқталатын көбейту және бөлу тәсілдерін қолдануды үйренеді.

Сабақ барысы

Оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.

Оқулықтағы 1-тапсырмамен ауызша есептеуді жүргізеді. Сайыстарды ұсынуға болады, жеңімпаздар жарияланады. Мұғалім оқушылардан жеңімпаз атану үшін оймен жылдам санауды талап етеді.

Жекелей туындаған қиындықты оқшаулау.

Өтілген ауызша есептеу тәсілдері қайталанады, 2-тапсырмадағы өрнектер салыстырылады. Тақта алдында орындау үшін өтілген ережелер немесе тәсілдердің әрқайсысына арналған мысалдар ілінеді.

Одан кейін 3-тапсырма орындалады.

Туындаған кемшіліктерді түзеу жобасын құру және қиындықтан шығу.

Жеке қиындықтарды түзеу мұғалім ұсынған үлгі бойынша жүргізіледі. Қателік жіберген оқушылар қателіктерді түзету алгоритмі бойынша әрекет етеді

Қате жібермегендер мұғалімнің ұйғарымы бойынша оқулықтан 4-ші, 7-тапсымаларды орындайды. 6- тапсырам берілгені бойынша орындалды.

Мұғалім диалог құрады:

Кім қателік жіберді?

Қай тапсырмада?

Қандай ережеге қателік жіберілді?

Енді қателік жібермеу үшін не істеу керек?

Осы ережеге тапсырма таңдап алынады.

Құрылған жобаны іске асыру.

Оқушылар ұқсас тапсырмаларды таңдап, оларды шығарады. Жауаптарды мұғалім тексереді. Мүғалім өз қателіктерін түзете алған балаларды мақтайды. Қайта қателік жіберген оқушыларға көмек көрсетеді.

Дауыстап түсіндіру арқылы қиындықтарды қорыту.

Қай ережеден қателік жібердіңдер? Дауыстап айтыңдар.

Тапсырма қалай орындалатынын түсіндіріңдер.
Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өздік жұмыс.
1-тапсырманың қалғанын өз бетінше жүмыс жасау ретінде ұсынылады. Оқушылар оны орындап, үлгімен салыстырады.

Қатесіз орындаған оқушылар деңгейі жоғары тапсырманы орындайды.

Білім жүйесіне енгізу және қайталау.

Оқулық не есеп жинағының жаттығулары қолданылады.

Ауызша есептеуге арналған жаттығулар беріледі.

Дүкенде 60 теңгеден қаламдар сатылды. Осындай 6 қалам үшін қанша ақша төлеу керек?

бір пакет сүттің бағасы 80 теңге. Осындай 6 пакеттің бағасы қандай болады?

3 литр айран үшін 270 теңге төленді. 1 л айранның бағасы қандай?

Апа әрқайсысы 30 теңге тұратын 4 ірімшік сатып алды. Барлығы үшін қанша ақша төледі?

Іс-әрекетті қорытындылау.

8-тапсырма. Санжардың 50 теңгесі бар. Бір кәмпит 40 теңге тұрады. 2 кәмпит 80 теңге егер 2 кәмпит алса онда 30 теңгесі жетпей қалады.

Сабақ дәстүрлі тәсілмен өткізіледі. Қандай тапсырмалар қиындық туғызды? Неге? Алдағы уақытта осы қиындықтарға кезікпеу үшін не істеу керек? Оқулықтан қиындық туғызған тақырыпты берік меңгеруге көмектесетін тапсырманы таңдап алыңдар.

Үйден 12 беттегі 5- тапсырманы орындап келіңдер.





© 2010-2022