Тәрбие сағаты Қош сүйікті Әліппем

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:

1.Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттырып,ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін,қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.

3.Тәрбиелік:Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға.кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.

Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.Қош келдіңіздер! - дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.

Бала деген,шіркін- ай,балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып- ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,

-деп - Кенек Әзірбаев атамыз айтқандай ендігі кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.

Отан - сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан өлкең,астанаң,

Отан -аудан, ауылың.

Отан -тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің,ер халқың.

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқың...

Отан -осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс,жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Хор: Отан

Мұғалім:

-Балалар, біз кітаппен журналдарды оқи алатын болдық бұл өнерді бізге не үйретті?

Барлығы: -Әліппе досымыз!

1-оқушы: :«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып, буынды енді.

2- оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым кілтін маған алып берді.

3-оқушы: Жасқана ашып есігін,

Сыныпқа әрең еніп ек,

Қанша сәби болсақ та,

Ұстазға тек сеніп ек.

4- оқушы: Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтеййік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

5- оқушы: Алдыма келіп ұстазым,

Алғаш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейірімді сезінгем.

Хор: «Мұғалім ол біздің»

Мұғалім:Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Барлығы:- Болашаққа жол ашар,

Ол- сүйікті Әліппе.

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Барлығы: Әліппе,Әліппе,Әліппе.

Барлығы: Сәлеметсіз бе, Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата- аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы ананың,

Қуанышы баланың.

Жақсы білім көрімдік

Болсын бірге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане,ортаға салайық!

Мұғалім: - Әліппе, балалар өзіңіз туралы тақпақтар айтып бермекші.Енді соны тыңдаңыз.

Әліппе: -Міне керемет! Тыңдасам, тыңдайын!


  1. Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

2.Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

3.Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

4. Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе- білім бесігі.

5. Білімге жолды бастаған,

Әліппем, саған мың алғыс.

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем, саған мың алғыс.

6. Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындаған

Көптеген кітаптармен достасамыз.

7. Мектеп кеме, білім теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Әліппе берген білім нәрін,

Азық етіп ер жетеміз.

8. Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

9.Үйретіп бізге Әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз ,сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.

10.Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз!

Мұғалім:Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесіз бе?

Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда меннен не үйрендіңдер, не білдіңдер? Қане ортаға салайықшы. Ата- аналарың да естісін.

Барлығы: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең- ән жазу үйрендік, енді кез- келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай, Абай аталарымызбен таныстық.

11.Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі.Ол алғаш мектеп ашқан.

Бір аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

12: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

13: Енді біз оқи аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп соған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе

14. Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

- Әліппе, балалар дың сенің әріптеріңе байланысты жаттаған өлеңдері бар. Ендеше соған құлақ сал.Әріптер сөйлейді.

А

1-оқушы: Ана тілің ертеңің,

Ана тілі өркенің.

Қадірле ана тіліңді,

Жүрегіңнің бөлшегін.

2-оқушы: Ә

Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін

«Ә» дегенің- Әліппе

Бастауы бар білімнің.

3-оқушы: Б

Бостан-босқа ойнама

Бидай толтыр қоймаңа

Бақа,балық,ботақан

Сөздерінен «Б-ны» ойла

4-оқушы: Г

Гүлнұр озат оқиды,

Гүлназ шұлық тоқиды.

Гүлсім гүлге су құйып,

Гүлнар ұлша доп қуды.

5-оқушы: Ғ

Ғасыр сырын жазайық,,

Ғарыш,ғылым,ғажайып.

Ғылым көптеп барады,

Ғарышкерлер азайып.

6-оқушы; Д

Диас ұзақ ойнады

Допты қуып тоймады

Дес бермей бар балаға

Дидек қақты далада.

7- оқушы: Е

Ерлер аңсап еркіндік,

Ел болуға бекіндік.

Еңсесі биік елімнің,

Елордамыз жер кіндік

8-оқушы: Ж

Жас ұланбыз жастармыз,

Жарқын істер бастармыз.

Жерімізді түлетіп,

Жайнатып - ақ тастармыз.

9- оқушы: И

Исатайдай батыр болам,

Иса атамдай,ақын, болам.

Игі істе батыл болам,

Игілікке жақын болам.

10-оқушы: К

Күнде күліп өсеміз,

Көңілді күн көшеміз

«К» дыбысы көп екен

Кітабымды көрсеңіз.

11-оқушы: Қ

Құран кітап киелі,

Қадірін ел біледі.

Қадір түні мұсылман,

Құран жаттап жүреді.

12- оқушы: М

Ақ мақтаны терейік

Мектепке тал егейік

Мерекелі жыйында

«М -ны» айтып берейік.

13-оқушы: Н

Нан әлемнің азығы

Дастарханның қазығы

Нан сөзінен балалар

«Н» - дыбысын таныды.

14-оқушы: Ң

Балпаң-балпаң басайық,

Аңдарға жем шашайық,

«Ң» дыбысын білмеген

Балалардан қашайық.

15-оқушы: Отаным байтақ мекенім,

Отанды жырлап өтемін.

Осында өтер өмірім,

Отансыз босып кетермін.

16-оқушы: Ө

«Өркенің өссін!» - деп атам

Өркен деп қойған атымды

Өкпешіл болма - деп әжем

Өнерлі бол-деп әрдайым.

17-оқушы: П

Парызың ақыл қосу кішіге,

Парызың сәлем беру кісіге.

Парызың халін сұрау ауырса,

Парызың көмектесу бәріне.

18-оқушы: Р

Ризамын оқуға

Ретімен тоқуға

«Р-ды» айту қиын ақ

Кейбіреулер қорқуда

19-оқушы: С

Сиднейде бақ жанып,

Саттархановқа таң қалдық.

Спортшы Бекзат талайдың,

Сағын сындырды , аңғардық.

20-оқушы: Т

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.

Таңғалдырып қазағым,

Тағы ұшса ғой ғарышқа.

21-оқушы: «Ұлан» елімді қорғайды,

Ұлан оркестрде ойнайды.

«Ұланда» шыныққан сарбаздар,

«Ұланда» жасықтар болмайды.

22-оқушы: Ү

Үй мен үйшік жасайық,

Үзеңгіні басайық,

Үрлеп үлкен шарларды

«Ү» әріпін жасайық.

23-оқушы: Х

Хатта айтар амандықты,

Хабарлайды хал - жайды.

Халық деген өзіміз ғой,

Халі жақсы адам мықты.

24-оқушы: Ю

Шай ішетін қоюлап

Жақсы көрем атамды,

Сырмақ- сырған оюлап

Жақсы көрем апамды.

Хор: «Әліппе»

Әліппе: Рахмет ,мені таза ұстадыңдар.

Ризамын құрметті шәкірттер.

Меңгердіңдер,болмадыңдар босқа тер,

Ана тілі әпкем бар,сендерді жетелеп әкетер,

Мұғалім: Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындаған

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Мұғалім: - Біздің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқуымызға ата-аналарымыздың да қосқан үлесі зор.

-Сол үшін бәріміз сүйікті ата-аналарымызға рахмет айтайық.

Барлығы:

  • Рахмет саған, Ата-ана!

Арыстан: «Анашым»

  • Ал ,балалар менің сендерге айтатын тілегім,жаңа досыңызды мендей сүйіп,таза ұстаңдар. Әне, ана тілінің өзі де келе жатыр. Ана тілі төрлет!

Ана тілі: Салем, ойшыл достарым!

Терең білім ой салам.

Риза саған бәрі де,

Басталған ғылым әріптен.

Бас иеді саған әліппем!

(Бәрі бас иеді)

Әліппе: - Ал енді балалар,менің қайтатын уақытым да жақындады.Сендерді Ана тілімен таныстырдым. Ана тілін де мен сияқты ренжітпей оқиды деп сенемін. Мені ешқашан ұмытпаңдар.!

Оқуда зейігді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар,

Кір шалмасын қабақтар,

Ақ жол болсын қарақтар,

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын!

Барлығы: Қош бол, сүйікті Әліппем!

Хор: «Әдепті баламыз »

Ана тілі

Туған тілдің тілімін,

Ақылыммен толымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

1-оқушы. Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2-оқушы: Ана тілің біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

3-оқушы: Ақыл - ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның

4- оқушы: Ана тілім ұраным,

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

5-оқушы: Ана тілім елдігім,

Ана тілім ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес теңдігім.

Мұғалім: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде.

Би: «Радуга»

Мұғалім: Жақсы балалар, сонымен біз не үйрендік?


  1. 42 әріпті

10- ға дейін санауды

  1. Табиғатты зерделеуді

Үлкен- кішіні құрметтеуді

Өлең айтып,би билеуді

Мектеп өмірінен үзінділер. слайд

«Аққу биі» Алия, Нурсылу

Ән: Ж.Арыстан

Би: Қазақтың қыздары

Би «Ұлдар биі»

Көрініс: « Қасқыр,Түлкі Әтеш »

Ән: Әсия «Бала тілегі»

Би: Вальс

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,

А тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- дей отырып, сөз кезегін ата-аналарға береміз:

Ән: Қазақстан







© 2010-2022