Тәрбие сағаты: Алтын күз ханшайымы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы №44 орта мектепТәрбие сағаты: Алтын күз ханшайымы

Бастауыш сынып мұғалімі:

Тулегенова Бибигуль Шаймуратовна

1 «Ә» сыныбы





Тәрбие сағатының тақырыбы: Алтын күз ханшайымы

Тәрбие сағатының барысы:

Кеш өтетін зал мерекеге арналып безендіріледі.

1 - жүргізуші: Армысыздар,өнер сүйер асыл халқым,

Мереке құтты болсын, ауылдасым!

Тағы да келіп жетті сайысымыз,

Жырлайтын қазағымыз дәстүр салтын.

Туған жер азаматтың мекені екен.

Қазақтың қыздары гүлдер екен!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық!

2 - жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі

Бір көргенге болмай-ақ сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі - дей отырып қыздарды ортаға шақырайық.

1-ару- ақша маңдай, үлкен-кіші мақтағандай,

2-ару-достарын сары алтындай сақтағандай,

3-ару-көңілді, сыны жоқ, оқуын да даттағандай,

4-ару- қара шашты, қиғаш қасты,

5-ару- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,

6-ару - ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмағы бейне қорға,

7-ару- келеді, еркін басып,

8-ару- сүйкімді, жарасар алтын сырға.

(Осы кезде ән орындалып тұрады, қыздар қатарласып тұрады) 1-жүргізуші: Сайыскерлерге қоржын ұсынылады. Қоржындағы асықтың нөмірі бойынша қыздар жауап береді.

(Жапырақ суретті эмблема нөмірлері кеуделеріне ілінеді)

2- жүргізуші: Таныстыру сайысын бастайық,

Көрерменді біз серпілтіп тастайық.

Сайыскер өзін-өзі таныстырсын

Ду қол соғып қояйық.

1-жүргізуші: «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» - дегендей гүлдерімізді танысуға шақырамыз.

(Мұнда қыздар өздерінің кім екенін айтады, өлеңмен, қара сөзбен таныстырады)

Олжас
Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.

Ермек
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Марғұлан
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп. 1-жүргізуші: Келесі бөлім «үй тапсырмасы». Мұнда сіздер үйде істеп әкелген «Алтын күз сыйын» таныстырып өтесіздер.

2- жүргізуші: Тұз емеспе дәмін кіргізер,

Қыз емеспе үйдің сәнін кіргізер.

Қыздың жиған жүгіндей демейміз бе?

Сұлулық пен нәзіктікті білгізер.

(Қыздар шеберліктерін, үй тапсырмасын көрсетеді)

Ғани
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.

Айдын
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір - көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! - деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.

1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі, өнерліні сүйеді,

Сіздерді күтіп отыр сонша қауым

Би билеп, ән салып бер енді.

2- жүргізуші: Мың бұрылып, билеген, аруды кім сүймеген, күміс көмей аруларға кімдер басын имеген. «Өнерлі өрге жүзер» деп, халқым бекер айтпаған өнерлерін арулардың тамашалап көрейік.

(Бұл кезде арулар кезек-кезек өнерлерін ортаға салады)

Махамбет: Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.

Алмас

Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді,
Жер жемісін тереді.

Санжар Т

Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қала да, дала да
Жанның бәрі жарқын күз.
Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

1-жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2- жүргізуші: «Ақыл парасат» сайысы. Бұл сайыста қыздар қоржыннан асық алып, сол асық нөміріндегі сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

1. Жыл мезгілдерін ата?

2. Күз айларын ата?

3. Жұмбақты шеш:

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді,

Күзде пісіп марқалады,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

1. Мақалды жалғастыр:

Ағаш жапырағымен, жер-... (Топырағымен)

1. Күзде қандай өзгерістер болады?

2. Мақалды жалғастыр:

Дауылдың алды - жел,

Жаңбырдың арты - ..... (Сел)

1. Жұмбақты шеш:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

1. Күзде атқарылатын еңбек түрлерін ата?

Қуаныш

Астық жыры, шаттық жыры
Қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек
Әр күн өрлеп,
Әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны
Ырыс болып құйылды.

Әділ
Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.

1 - жүргізуші: Келесі кезеңде қыздар күз мезгілінде киілетін киім үлгілері көрсетеді.

2 - жүргізуші: Тамашалайық!!!

(Ән шырқалады, қыздар киім үлгілерін көрсетеді)

1 - жүргізуші: Бармақтарың майысып, түрлі жапырақ сайысы

Шебер қиып бер қолыңнан.

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін. 2 - жүргізуші: Келесі кезең «Ғажайып бақ» деп аталады. Бұл кезеңдерде қыздар алдарыңда жатқан қағазға әдемі гүлдерді немесе жапырақтарды салып, қиып, тақтада ілініп тұрған қағазға жапсырады. Соңында аруларымыз жасаған гүлдерден «Ғажайып бақ» шығады. (Қыздар жасап жатқан кезде ән шырқалып, көрермендер арасында «Күз» туралы өлеңдер оқылады, «Жаңбыр» ойыны ойнатылады)

Ханшайымдар төмендегідей мәртебелерге ие болады:

1. Алтын күздің инабатты ханшайымы;

2. Алтын күздің парасатты ханшайымы;

3. Алтын күздің өнерлі ханшайымы;

4. Алтын күздің сымбатты ханшайымы;

5. Алтын күздің шебер ханшайымы;

6. Алтын күздің көрікті ханшайымы;

7. Алтын күздің зерделі ханшайымы;

8. Алтын күздің сыпайы ханшайымы. 2 - жүргізуші: Осымен біздің «Алтын күздің кішкентай ханшайымы» атты кешіміз аяқталды! 1 - жүргізуші: Марапаттау рәсіміне сынып жетекшісі Тулегенова Бибигуль Шаймұратқызы шақырылады.



© 2010-2022