Конспект урока Ө дыбысы мен әрпі (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы №28 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смакова Майгүл Бекбосынқызы Сыныбы : 1 «А» Пәні : Әліппе

Сабақтың тақырыбы: «Ө дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы
берілген сөз, сөйлемдерді оқуға, жазуға үйрету, оқу дағдысын
арттыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға,
оқуға төселдіру
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық ,слайдтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың оқу құралын түгендеу.
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бір,екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өтілген сабақты еске түсіру. 1. «Мұз айдыны » мәтіні 2. Мәтінді тізбектей оқыту. Сұрақтарға жауап алу :

- Мұз айдыны қай жерде орналасқан ?

- Зада мен Зере демалыста қайда барыпты ?

- Ол жер қандай екен ?

- Онда адамдар қандай спорт түрімен айналысады?

- Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның мақтанышы кім ? (Денис Тен Сочи олимпиадасының қола медаль иегері )

- Сендер Медеуге барып көрдіңдер ме ?

Тура және кері оқығанда өзгермейтін сөздер қазақ , қызық, кезек және тура және кері оқығанда екі түрлі мағына беретін заман -намаз сөздерін талдау.

Сергіту сәті : «Мен қазақпын ! » әуеніне би қимылдарын жасау.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

- Балалар сендер қыс мезгіліндегі қызыққа толы жер - Медеу мұз айдыны жайлы оқып білдіңдер. Енді оқулықтың келесі бетінен ненің суретін көріп тұрсыңдар ?

-Өзеннің суретін көріп тұрмыз.

- Дұрыс. Қыста мұзда сырғанау қызықты .Ал жазда өзенде суға шомылып , балық аулаған қызықты . Өзен сөзін дауыстап айтып көрелік.Бірінші қандай дыбыс естіледі ?

- Ө дыбысы естіледі..

- Олай болса, бүгін сендер Ө дыбысы мен әрпімен таныс боласыңдар.

(Электронды оқулықпен жұмыс №1 тапсырма)
-Ө- жіңішке дауысты дыбыс. Хормен дыбыстату.Ө әрпінің баспа және жазба түрлерін көрсету.
Ө дыбысы бар сөз ойлату. Ө дыбысы сөздің қай жерде келетініне назар аударту.Сөздік жұмысы : Өркеш -түйенің арқасына жиналатын жота майы.Өмілдірік - аттың ер тоқымы жылжып кетпес үшін кеудесіне кигізіледі.Оны теріден жасап, әшекей заттармен безендіреді.

№2 Электронды оқулықтан берілетін ойын түріндегі тапсырмаларды орындату. «Қоңырауды бас» .Бірнеше сөздер дауыстап айтылады. Құрамында ө дыбысы бар сөздерді естісімен балалар қоңырауды басады.

№3 Ойын : «Ненің төлі?» . Төрт түліктің төлдерін атай отырып енесінің жанына тінтуірмен орналастыру.

№4 «Кім тапқыр?». Бірнеше заттың суреттері көрсетіледі.Атауында ө дыбысы бар суреттерді тінтуірмен көрсету.

ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасату
1. Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру. «Өнер» , «көке» деген қастерлі сөздердің мағынасын ашу.

Өнердің түрлері көп. Сөз өнері , бейнелеу өнері , актерлік өнер т.б.

Көке туыстық қатынасты білдіретін атау.
2. Мәтінмен жұмыс .«Өркеш» .

Мәтінді тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту.

Сергіту сәті

Ү .Дәптермен жұмыс
Ө дыбысының әріп таңбасын (бас және кіші әріптерін) жазғызу, сөздер жазғызу.
ҮІ. Сабақты бекіту. «Бәйге» ойыны арқылы сабақты бекіту,қорытындылау.
ҮІІ.Оқушыларды мадақтау.













Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;

Дамытушылық: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, сауаттылығын арттыру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, білімге ұмтылуға баулу, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, іздену, ойландыру, шығармашылық тапсырмалар

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, құстардың, олардың мекендерінің суреттері, кеспе әріптер, Үү әріптерінің жазба түрі

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Кіріспе сөз: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз еркше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл - ашық сабақ. Олай болса «Сәлем - сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық (5-слайд) Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! 2.1. Психологиялық дайындық Сыныбымыз тап - таза Борда дайын тақтада Денемізді жинақтап Отырайық партаға

ІІ Тірек білімдерін белсендіру: - Біз өткен сабақта қандай әріппен және дыбыспен таныстық? - Ө қандай дыбыс? - Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі? «Бөпешім» өлеңін жатқа сұрау.

«Адасқан буындар» ойыны.

Екі бағандағы буындарды бір-бірімен сәйкестендіріп, сызықпен қосу. Бұ лын Ө зау Көр быз Қо нер Құ пе

ІІІ Жаңа сабақ:

3.1. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

3.2. Ойын: "Құстарға қамқорлық" Құстардың суреттері ілулі тұрады. Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар оқып, құстарды өз мекеніне орналастырады.

Мысалы, үйректі аулаға, үкіні талдың бұтағына, қарлығашты сарайдың шатырына тб.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Күзде кейбір құстар не істейді?

- Ал қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?

- Оларға қалай қамқорлық жасауға болады?

- Күз келіп, салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Себебі қыста жемдері азаяды, тоңады. Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет. Өйткені құстар - біздің досымыз

3.3. Ү әрпі мен дыбысын меңгерту. - Ал, балалар, мен мына құстардың ішінен мына екі құсты (үйрек, үкі) бөліп аламын. Неліктен олай еттім деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл құстардың аты ү әрпінен басталады

- Қане бәріміз ү дыбысын айтайық. Ү қандай дыбыс екен?

Оны қалай білдіңдер?

3.4. «Үкі, үйрек» сөздеріне талдау жасау. Текшелерді бояу. 3.5. Оқулықпен жұмыс: 1)бағандағы сөздерді оқушыларға тізбектей оқытып, мағынасын түсіндіру. Ү кі кү ріш түл кі жү рек Үй рек кү міс күл кі кү рек Үй шік кү шік түй ме жү зік

2) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. (Қарлығаш) Сергіту сәті: - Бір, екі, үш, Қарлығаш боп ұш. Төрт, бес, алты, Қыран болып шалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Орныңа қон.

3.6. Үү әрпінің жазба түрімен таныстыру:

• Әріптің элементтерін көрсету;

• Тақтаға жазып көрсету;

• - Қай әріпке ұқсайды? Айырмашылығы неде? Ал оларды ү мен ұ дыбыстарының қандай айырмашылығы бар?

• Ауада жазу;

• Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті: «Қол шапалақ» ойыны. Оқушылар ү дыбысы бар сөздер айтқанда қол шапалақтайды, ал ү дыбысы жоқ сөздер айтылғанда шапалақтамайды.

ІҮ Қорытындылау кезеңі:

Ойын: «Жасырынған сурет» Үйректің суретін төртке бөліп, сыртына сұрақтар жазып қоямын. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, суретті ашады.

Сұрақтар:

1. Дыбыс пен әріп деген не?

2. Әріптерден не құралады? Буыннан не құралады?

3. Сөздерден не құралады?

4. ү қандай дыбыс? Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Ү Мақтау, мадақтау

































Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;

.

Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту.Ұқыптылыққа,сауаттылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық .

Қайырлы таң досым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

¾ Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

¾ Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз.Алақай не деген керемет!

¾ (түрлі құстардың дауысы естіледі).

¾ Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әр тапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық.

¾ Орманда нелер өседі?

¾ Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.

¾ Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).

Сұрақтар:

  1. Дыбыс деген не?

¾ Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.

  • Әріп деген не?

¾ Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

¾ Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?

¾ Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды.

¾ II. Өткенді қайталау.

Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- З з дыбысы

- Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы - Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы

- Ойын: тез ойла, сөз ойла
З дыбысы бар сөздерді айтып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.

¾ Жақсы. (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда "Мектептеріне" жиналып "Орман әліппесін" оқымақшы екен. Ал, қане біз де әліппемізді ашайық.

Мұз айдыны мәтінін әңгімелеу.

III. Жаңа сабақ.

¾ Ал,енді аңдармен бірге тапсырмалар орындадық, әрі қарай орман ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).

Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті.
( Көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (Ө дыбысы)

¾ Ө дыбысы неге ұқсайды?

  • Дыбыстық талдау жасайды, Өрік - Бөрік сөздері.

VI. Оқулықпен жұмыс

өзен өріс бөрік өрнек көрме

өлең өрік көрік өрмек көрпе

өнер өмір көмір өркеш көрші

Сегіту сәтті



© 2010-2022