Төрт түлігім – ырысым ашық сабақ 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 1 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім - ырысым

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сөз мағыналары туралы түсініктерін кеңейте түсу, бекіту, төрт түлік мал жайлы түсініктерін толықтыру

2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты оқу дағдыларын, ой - өрісін, ойын жүйелі жеткізуге дамыту

3.Тәрбиелік: үй жануарларына сүйіспеншілікпен қарауға, қамқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, слайд, карточка

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • Психологиялық тренинг

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, жер-ана!

Амансыз ба, ұстаздарым!

Сіздерді көрсем қуанам.

Үй жұмысын тексеру: «Мен - саған, сен - маған»

Сұрақтар қою, өлеңді жатқа сұрау

Жаңа сабақ: Ал қымыран дегеніміз не?

-Түйе сүтінен жасалған сусын, шұбат.

Түйе бізде қайда жатады?жалпы атауы қалай?

Дұрыс айтасыңдар, төрт түлік. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, яғни саяхат сабақ ретінде өтеді.

«Шопан ата» ауылы

Қай төрт түліктің пірі?Қой

Төрт түлік малдың ішіндегі ең момыны - қой. Қойдың еті мен сүті тамақ, жүні мен терісі киім. Қой малы тез көбейеді. Адамға берер пайдасы мол.

Дәптермен жұмыс.Сөздердің қарсы мағыналы сыңарын тап. Сөйлем құрастыр

«Қамбар ата» ауылы

Жылқы малы - ірі , өте әдемі жануар, алыс жолдарға жүргенде күшті, жүйрік көлік. Жылқы - қазақтың ең сүйікті малы, ол - ең алдымен көлік ретінде, сонан соң сусындық сүтімен, дәмді етімен қымбатты. Жылқы терісі киім болумен бірге, жүген-ноқта, қамшы, шідер, секілді ер-тұрман әбзелдері түгел дерлік жылқы терісінен істелген. Жылқының қымызы шипалы ем ретінде пайдаланады, құрамында дәрумендері көп.

Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс

1- топ

Қойдың пайдасы

Қой - өте п...йдалы, мом...н ма... Ж...нінен фа...рикада түрлі мата...ар т...қылады. Т...рісінен а...қ киім , т...н тігеді. Сү...інен ір...мшік, қ..рт, май ....ндіреді.

"Момын" сөзіне жуық мағыналы сөз

2-т оп

Жылқы - малдың патшасы

Жылқы - қа...ақ ха...қының п...р тұтатын ж...нуары. Қазақ жыл...ысы ж...йрік әрі өт... төзім...і . Жылқы м...лы хал...қты етп...н, қымы...бен қам...амасыз ет...ді.

"Төзімді" сөзіне жуық мағыналы сөз

«Ойсыл қара» ауылы

Түйе - ірі, мойыны иір және ұзын. Оны "шөл дала кемесі" деп атайды. Еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе екі жылдабір боталайды. Шұбаттың емдік қасиеті мол, өкпе, асқазан ауруларына ем.

Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу

«Зеңгі баба» ауылы

"Сиыр қорада болғанда тамақ дастарқанда" деп бекер айтпаған.Бұл малдың сүтінен құрт-ірімшік,май-қаймақ, айран тағы басқа сүт тағамдары жасалады. Сиыр ең алдымен сүтімен, етімен пайдалы. Сондықтан шаруа "Сиырлы бай - сары май" деп бағалайды

Шығармашылық тапсырма

Берілген сөздерден сөйлем құрып жазыңдар

  1. өте, бұлақтың, таза, суы

  2. апасымен, сапарға, Асан, шықты

  3. ақ, киіп, күрте, Айнұр, келді

«Сексек ата» ауылы

Қой түлігінің бір түрі - ешкі. Қойға карағанда ешкінің еті аз, жүні кылшықты, терісі жұка болғанмен, көбінесе егізден, үшеулеп туатын төлшіл, сүтті мал. Ыстық-суыққа шыдамсыз, қойға қарағанда бағым-күтімді көп тілейтін мал.

Өз орнын тауып жаз.

  • Малды басынан ұрма

  • Жылқының сүті- шекер, еті - бал

  • Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ

  • Малды теппе, ақты төкпе

  • Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді

  • Түнде мал санама

  • Қойдың мүйізін, жүнін отқа жақпа

  • Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.

  • Малдың сүйегін далаға тастама

Қорытынды. Төрт түлікке қатысты салт - дәстүрлер

Бағалау.

Үйге тапсырма: "Малдың пайдасы" жатқа,189-жаттығу

© 2010-2022