Ана тілі Әке мен бала

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

№ 249 мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі

Курумбаева Айжан Султанбековна

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсарин. Әке мен бала

Сілтеме

Жоспар 1-сынып

Жалпы мақсаты:

Танымдық: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолын таныстыра отырып, әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіндіру.

Эмоциялық: Оқушылардың білім алу құштарлықтарын арттыру. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін үйрету.

Әлеуметтік: Еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқу дағдысы қалыптасады. Әңгіменің мазмұнын түсінеді. Көзқарасы өзгереді.

Оқыту әдістері

  1. АКТ

  2. Сыни тұрғыдан ойлау.

  3. ОүБ

  4. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  5. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Негізгі идеялар:

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдайды.

Тапсырмалар немесе жаттығулар:

1.Топтық жұмыс

2.Жеке жұмыс.

3.Ұжымдық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

(мұғалім және оқушы немен айналысады)

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

Біз қандаймыз,қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз

ІІ. Назарларын жаңа сабаққа аудару.

(Интербелсенді тақтадан бейне ролик көрсету.)

  • Балалар тақтадан не көрдік?

(Оқушылар ойын тыңдап толықтыру.)

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыз Ы. Алтынсарин атамыздың «Әке мен бала» әңгімесі.

Автор туралы мәлімет.(Интербелсенді тақтадан көрсетеді)

Мәтінмен жұмыс.

  • Мұғалімнің оқуы

  • Оқушылардың «Аквариум» әдісі арқылы әр топ мәтінді топта тізбектей оқуы.

  • Мазмұнын талдау жинақтау.

  • Оқушыларға әңгімені мазмұндату.

ІV. Топтық жұмыс. «Сиқырлы қобдиша»

  • қобдишаның ішінде бірнеше сұрақтар жасырылған. Өздеріңіз қалаған сұрақты алып жауап бересіздер.

I топ:

Әкесі тағаны баласына неліктен алдырғысы келді?

II топ:

Баласы тағаны неге алмады деп ойлайсыңдар?

III топ:

Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

IV топ:

Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Әр топтағы оқушылар бір-бірінің жауаптарын «саусақ көмегі» арқылы бағалайды.

Ү. Дәптермен жұмыс.

49- жаттығу.

Ойын: Жұбын тап.

Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу. Қолғаптардың сыңарларын дұрыс тапқызып орналастыру көзделеді.

  • Жарайсыңдар!

  • Осы сөздердің жуан және жіңішке айтылуы қай дыбысқа байланысты?

  • Оқулықта қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар деп тапсырма берілген. Қарамен жазылған сөз қайсы еді?

  • Олай болса дәптерімізге жазып аламыз.

ҮІ. Сергіту сәті. «Көңілді күн»

VII. Топтық жұмыс. «Аукцион» әдісі

4 топқа ашық хаттар арқылы қима қағаздар беріледі. Осы қима қағаздарды ретімен қою арқылы мәтіннің бір бөлігін құрастырып шығарады.

Әр топтағы оқушылар бір-бірінің жауаптарын «бағдаршам» арқылы бағалайды.

Қорытындылау.

Сабақты қорытындылау жұмысын интерактивті "Activote" құрылғысы арқылы оқушыларға 5 тест сұрағы қойылды.



  1. «Әке мен бала» әңгімесінің авторы?

А) Мағжан Жұмабаев

Ә) Ыбырай Алтынсарин

Б) Фариза Оңғарсынова

  1. Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

А) Темірші ұсталарға сатып жіберді.

Ә) Үйіне алып келді.

Б) Баласына берді.

3. Ескі тағаны өткізген тиынға не сатып алады?

А) Жидек

Ә) Алма

Б) Шие

4. Әкесінің қолынан түскен шиені бала қанша рет иіліп алды?

А) бір

Ә) он

Б) төрт

5. Қазақтың тұңғыш ұстазы?

А) Абай Құнанбаев

Ә) Ыбырай Алтынсарин

Б) Мағжан Жұмабаев

Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жинақтай отырып, ой-түйінін алдымыздағы парақшаға түсіреміз.

Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

.......................... қиын болды.

Кейінгі тапсырмалар

1.«Әке мен бала» (оқу,мазмұнын айту)

2. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.

Кейінгі оқу

Көкемнің ақылы







Әке мен бала.
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көріп баласына айтады:
- Балам, анау тағаны ала жүр.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзіеңкейіп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі манағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірден алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре береді.

Біраз жер өткен соң,әкесінің қолынан бірталай шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біршамадан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр боласың, - депті.

Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.

Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.


Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.

Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.

Бүгін мен...................... білдім *

................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.



© 2010-2022