Конспект на темуБіз - Тәуелсіздік ұланымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біз -Тәуелсіздік ұланымыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, елбасы суреті, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру

Әнұранды орындау.

Енді балалар, жүректен шыққан жылы лебіздерімізді білдірейік.

  • Елде тыныштық болсын!

  • Аспан ашық болсын!

  • Дендеріңіз сау болсынІ

  • Нан көп болсын!

  • Көк туымыз биікте желбіресін!

  • Елімізде бірлік болсын!

ІІ Кіріспе бөлім

1. Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз

2. Қазақстан Республикасының президенті кім?

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

3. 1 желтоқсан қандай мереке?

Тұңғыш президент күні

4. 16 желтоқсан қандай мереке?

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі

5. ҚР Елордасы қай қала?

ҚР Елордасы Астана қаласы

6. ҚР рәміздеріне нелер жатады?

ҚР рәміздеріне Әнұран, Ту , Елтаңба жатады

ІІІ. Тақпақтар

1- оқушы

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

2- оқушы

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан өлкең астанаң

Отан аудан ауылың

3- оқушы

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігің өз қолыңда

Еркіндігім елтаңбам

4- оқушы

Астана әйбат қала

Келесің айбаттана

Еліме тірек болып

Тұр соғып жүрек болып

5- оқушы

Әнұраның, Туың бар,

Елтаңбаң тұр төсіңде

Самғай бергін шарықтап,

Тарихтың ұлы көшінде

Қазақ дейтін халқымның

Жер бетіндегі айнасы.

Балалардың бағына,

Жайна, Астанам, жайнашы!

6- оқушы

Зеңгір көк түс- бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы , ұланбыз біз жайдарлы

Ән «Түркістан»

IV 1- оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтандай ағамыз

Құрмет тұтып, үлгі-өнеге аламыз

Әр ісінен қамқорлығын сезінген

Шынында біз ең бақытты баламыз

Н.Ә Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Елбасымыз өз еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. Н. Назарбаев жақсы оқуға білімді болуға ұмтылған. Үлкендерді құрметтеп, өте белсенді ізденімпаз болған. Осындай еңбекқорлығымен көптеген қиындықтарды жеңіп, мемлекетіміздің басшысына дейін көтерілді. Н. Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті болып табылады. Сондай-ақ ән айтқанды , домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады. ҚР мемлекеттік Әнұран авторының бірі болып саналады. Елбасымыз балаларға арнапмектептер, балабақшалар ашуға, олардың денсаулығына, оқып білім алуына үнемі жағдай жасайды.

2- оқушы

ҚР Әнұраны - бірлікке , ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа , еліміздің тәуелсіздігін қоғауға шақырады. Әнұранның сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев, музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов жазған.

3-оқушы

Тудың көгілдір түсті болуы - бұл әлемнің , ашық аспанның түсі. Тудың ортасында- шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Бүркіт- еркіндіктің, бірліктің үлкен арманның белгісі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген. Ою қазақ халқының тарихына , мәдениетіне және ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті білдіреді. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

4- оқушы

Елтаңбамызда шаңырақ ашық көгілдір түсті аспан фонында бейнеленген. Шаңырақ біздің көпұлтты мемлекетіміздің , үлкен үйіміздің белгісі болып табылады.Алтын түстер уықтар барлық халықтар үшін бірдей тараған жылулықты білдіреді. Қанатты тұлпар - бұл болашаққа мәңгілік ұмтылысты білдіреді. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз болашаққа жол көрсетеді. Елтаңбаның авторлары - Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

5- оқушы

1998 жылы 10 маусым айында Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының тұсаукесері болды. Еліміздің ордасы астананы көркейтуге өз үлесін қосып, аянбай еңбек еткен біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі, жеріміздің кіндігі, еліміздің түндігі, халқымыздың бірлігі астана Қазақстанның жаңа бейнесі , жарқын келбеті.

Ән «Қазағым менің»

V «Мен Отанымды сүйемін! » Жылулық шеңбері

«Мен өз Отанымды жақсы көремін! Мен өз Республикамды мақтан тұтамын! Мен өз елімнің бақытты бүлдіршінімін!»


© 2010-2022