Алдар көсенің алдауы (сабақ жоспары)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cыныбы

4 сынып

Тақырыбы

Алдаркөсенің алдауы

Мақсаты

Алдаркөсе туралы мәлімет алу арқылы ертегі,аңыз басты кейіпкері екенін түсіну.

Күтілетін нәтиже

А) Алдаркөсе туралы біледі.


В) Алдаркөсе мен Шығайбайдың мінездерін салыстыра отырып, жақсы мен жаманды айыра біледі

С) Аңыз оқи отырып талқылайды.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Әдебиет оқулығы,4-сынып. Алматы: Алматыкітап 2011.

З.Муфтибекова, П,К, Жаманқұл. 48-49 беттер.Методикалық нұсқаулық,дидактикалық материалдар,флипчарт.

АКТ «Алдаркөсе» таныстырылым һtt//.yotube7com/watcһ?v=Unurf59uzzm үлестірмелі парақшалар,постер, маркер.


Сабақтың барысы

Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе


30 сек

2 мин

1 мин

5 мин

1 мин


Сәлемдесу,түгендеу.

Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

Дарынды оқушыларға үй тапсырмасы ретінде Алдаркөсе туралы қосымша деректер іздену.

бағалау

Оқушылар оқу құралдарын түгендеп,мұғаліммен амандасады.

Оқушылар шеңбер құрып,бір-біріне өзіне қатысты жақсы қасиеттерін айту: адал бол, шыншыл, еңбекқор,қонақжай .

Атом,молекулы арқылы ойын ойнатып,топқа бөлу

Оқушылар дайындап келген мәліметтерін оқиды,сыныптастарына жаңалықтарымен бөліседі.

бағдаршам

Тұсаукесер


30сек

АКТ көрсетілім



Сергіту сәті

Оқушылар «Алдаркөсе» туралы көрсетілімді тамашалап,талқылау арқылы сабақтың алгоритмін ашады.Дәптерлерін ашып жаңа сабақты жазып алады.

Негізгі бөлім


10 мин



16 мин




Жеке жұмыс жүргізу

  1. «Алдаркөсенің алдауы» аңызды оқыту

  2. Бірін-бірі оқыту

топ ішінен біреуі мұғалім болады да топқа әңгіменің мазмұнын түсіндіріп әңгімелейді,өзара талқылайды.

  1. Топтық жұмыс

1 топ:

Венн диаграммасы

(Алдаркөсе мен Шығайбайды салыстыру)

2 топ:

Аңыз бойынша көрініс дайындау

3 топ: Алдаркөсеге мінездеме беру

Бағалау: екі жұлдыз бір тілек интервью алу


Оқулықпен жұмыс Әр оқушы өз бетімен әңгімені оқып шығады.Белгіленген уақыт аяқталған соң,топ ішінен өз қалауы не топтың сайлауы бойынша өз тобына әңгіме мазмұнын түсіндіреді. Бір-біріне сұрақтар қояды,талқылайды.

Флипчартқа түсіріп,постер қорғау











.

Қорытынды


5мин




Дөңгелек үстелде Алдаркөсе әрекетін талқылау.




Аңыздың жалпы мазмұның,Алдаркөсе әрекетін талқылайды,өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма

2 мин

Аңызды оқу,Алдаркөсе туралы кітапша шығару

Оқушылар кейіпкер туралы жинақ жинап кітапша жасайды

Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Оқушылар бағалайды

Сабақтың талдауы

Сабақты психологиялық дайындықтан бастадым. Топқа атом,молекула арқылы бөлдім.Үй жұмысын қабілеті жоғары оқитын оқушылар дайындап келді.Өз мәліметтерін оқушыларға жеткізді.АКТ-дан мультфильм қарап,сабақтың күтілетін нәтижесін ашты.Сергіту сәті өтілді.Оқулықпен жұмыс жүргізілді. Жеке жұмыс: аңызды оқу, түсінгенін жеткізу,талқылау.Топтық жұмыс жүргізілді: Алдаркөсеге мінездеме,көрініс,Венн диаграмма (флипчартқа түсіріп постер қорғады) Бағалау түрлері:екі жұлдыз бір тілек,бағдаршам.





© 2010-2022