Ана тілі 3-тоқсан Кембриж бағдарламасымен жасалған 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 3- тоқсан Кембриж бағдарламасымен жасалған 1 сыныпАна тілі 3- тоқсан Кембриж бағдарламасымен жасалған 1 сыныпАна тілі 3- тоқсан Кембриж бағдарламасымен жасалған 1 сыныпКүні:

Ана тілі

Тақырыбы: Сөйлеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту.

Ұштастыра дамытушылық: Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Әдіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Кім жылдам?» түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,еңбек

Оқыту нәтижесі: Сөйлеу не үшін қажет. Сөйлеу не арқылы жүзеге асыру ұғымын кеңінен ашу.

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.

Білім

АКТ

3мин

1) Жылт-жылт еткен, жылғалардан өткен. (су)

2) Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)

3) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)

4) «П»-дан егер бастасаң,

Зоопаркте тұра алам.

«Т»-дан егер бастасаң,

Ойыңды сыртқа шығарам. (Піл-тіл)

5) Шыр-шыр етеді

Ұстасаң сөйлеп кетеді. (Телефон)

6) Аулада бар, елде жоқ,

Дауылда бар, желде жоқ (У әрпі)

1.Сөзжұмбақ шешу арқылы «Сөйлеу» әлеміне саяхатқа шығатындарын хабарлау.

Түсіну

СТОү

6мин

А) Сөйлеу не үшін қажет

Ә) Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

(Оқушылар сөйлеу әлеміне жетті)

Сөзжұмбақтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасауда қолданатын нәрсенің атауын тауып, сол сөзге сөйлем құрау тапсырылады.

Қолдану

ТжДБО

7мин

А) Мұғалімнің оқуы

Ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.

Б) Мәтіннің мазмұны талданады.

1-жаттығу. Мәтінмен жұмыс

Сергіту сәті

АКТ

2мин

Сергіту сәтін жасау.

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

1. Мәтінде кім жайлы айтылған?

2. апасы не себепті Үсенге үндемеді?

3. Үсен неліктен көрінбейтін адам болғысы келмеді?

4. Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?

Операционалдық-орындаушылық кезең.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

2-жаттығу

Сөздік жұмысы.

Лезде -тез арада, жылдам.

Дәптермен жұмыс.

1. Грамматикалық тапсырмалар сюжетті суретке қарап әңгіме құрау.

2. Өздік диктант

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

-Ертеде бір Қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін қызықтап жүріп, бір кішкене планетаға кезігеді.Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды)онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.

Динамикалық үзіліс.

«Өз белгіңді тап!»ойыны






Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Үсен.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.

Ұштастыра дамытушылық: Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Туған жердің суреті салынған плакат, қима қағаздар.Кеспе әріп, кеспе буын, ЭО флипчарт, суреттері, кеспе әріп, ойындар.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Оқушылардың тіл және сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Білім

АКТ

3мин

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Үзсем үзілмейді,

Терсем, тізілмейді (із)

Тастан тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (лақ)

Сабақты жұмбақтан бастау арқылы жаңа дыбысты табу.

Түсіну

СТОү

6мин

Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?
Жуан дауысты дыбыстар : а,о,ы ұ әрпін жаздыру
Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

5-жаттығу

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Оқушылардың оқуы.

Өлең мазмұнына қатысты сұрақтар:

-Өлең не туралы?

-Мемлекетіміздің ұлттық тілі қай тіл?

-Өз ана тілің туралы не білесің?

-«Туған тілде сыры терең жаным бар»,-деп неліктен айтады?

Жаттығуды ойын түрінде өткізу.

Сергіту сәті

АКТ

2мин

Тоқ, тоқ, тоқылдақ

Шаршамайсың тоқылдап.

Емшісі боп орманның,

Еңбектендің тоқылдап.

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

Сөздік диктант жаздыру .
Сұр, ұр, ұл, құр, ұн, ұшақ,ұзақ,тұр.
Көшіріп жазу
Ұн ұт ұс ұр
Ұнтақ ұтқыр ұстаз ұршық

Партада отыру ережесін айтып өту

Ұ әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

I - топ. --II - топ.---III - топ. -IV - топ
Мәтінді іштей оқыту.
Мәтінді бір оқушыға оқыту.
Мәтін мазмұнын төрт оқушыға айтқызу.

Буындардан сөз құрау
Бұ ұ дас

лақ шақ құр
құ құ бақа

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

Тест-жазба нұсқа.

Тілге байланысты мақалдың астын сыз.

А) Мектеп - кеме

Білім - теңіз.

Ә) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Б) Кітап - алтын қазына.

2. «Туған тілім» қандай мағынаны беріп тұр?

А) Елім, жерім

Ә) Сөйлеу мүшесі

Б) Ана тілі

3. Сөйлеу үшін қажетті мүше

А) Тіл

Ә) Қол

Б) Кітап

Динамикалық үзіліс «Баспалдақ» ойынын ойнату





Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Қыс.Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өлеңді мәнерлеп, дұрыс оқуын жетілдіру, дыбыс және әріп туралы түсініктерін кеңейту.

Ұштастыра дамытушылық: Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: сюжетті сурет.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Оқушылардың назарын әр түрлі дыбыстарға аудару.(машинаның гүрілі, құстардың шуылы)

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Білім

АКТ

3мин

1.А-а-а дыбысын қайталап айтып, оны сырттан шыққан басқа дыбыстармен салыстыру.

2. Тіл дыбыстарының ерекшелігін, оның жазуда әріппен таңбаланатынын түсіндіру.

Сабақты жұмбақтан бастау арқылы жаңа дыбысты табу.

Түсіну

СТОү

6мин

Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?
Жуан дауысты дыбыстар : а,о,ы ұ әрпін жаздыру
Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

2. Жүсіпбек аймауытовтың «Қыс» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқу, мазмұны бойынша сұрақтар қою.

3. Өлеңді оқушыларға кезекпен оқыту.

1.Оқулықпен жұмыс. 9-жаттығу

Сергіту сәті

АКТ

2мин

Тоқ, тоқ, тоқылдақ

Шаршамайсың тоқылдап.

Емшісі боп орманның,

Еңбектендің тоқылдап.

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

10-жаттығу

ІХ. Шығармашылық тапсырма:

Қыс туралы мақал- мәтел айту.

Қыс туралы өлең айту.

Партада отыру ережесін айтып өту.

Т әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

Сөздік жұмыс:

Қылаулатқан - қардың ұшқындап жаууы

Мүсін - дене - бітімі

Қызыл шұнақ - бет қаратпайтын аяз

«Кім жылдам» дидактикалық ойыны

Берілген әріптерден сөз құрау:

А, с, м, л, р, к, ж, е.

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

Мағынаны ажырату.

-Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Автор қысты неге теңейді?

Ү. Қарамен жазылған сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?

Төмендегі сөздерді тиісті әріптермен толықтыру.

Алм..рт, өр..к, көш..., ж...зім







Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Сабақтың мақсаты:

1. Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Сөздік қорын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет, жыл мезгілдерінің суреттері.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Жыл мезгілдерін салыстыру.Айырмашылығы,ұқсастығы неде?

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Білім

АКТ

3мин

Үйге берілген тапсырмаларды сұрап, пысықтау. Осы әріптен басталатын заттың атын білдіретін сөздер құру, жазу.

Сөйлем құру, оны талдау.

Түсіну

СТОү

6мин

Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?
Жуан дауысты дыбыстар : а,о,ы ұ әрпін жаздыру
Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

1. Мұғалім оқып береді.

2. Өз беттерімен оқиды.

3. Тізбекпен оқиды.

4. Мәтінмен жұмыс, сұрақтарға жауап беру.

1.Оқулықпен жұмыс.

12-жаттығу

Сергіту сәті

АКТ

2мин

« Көңілді күн»

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

13-жаттығу

1.Қыс туралы мақал- мәтел айту.

2. Қыс туралы өлең айту.

3.Эссе жазу

4.5 жолды өлең жазу

Партада отыру ережесін айтып өту.

Б б әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

Сөздік жұмыс:

Қылаулатқан - қардың ұшқындап жаууы

Мүсін - дене - бітімі

Қызыл шұнақ - бет қаратпайтын аяз

«Кім жылдам» дидактикалық ойыны

Берілген әріптерден сөз құрау:А, с, м, л, р, к, ж, е.

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

Мағынаны ажырату.

-Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Автор қысты неге теңейді?

- Берілген сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар?

Төмендегі сөздерді тиісті әріптермен толықтыру.

Алм..рт, өр..к, көш..., ж...зім

Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Қар қандай ? Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты:

1. Ертегінің идеясын ашу; мәтін мазмұнын түсінуіне мүмкіндік жасау, дыбыс және әріпті ажыратуға дағдыландыру;

2.Оқушылардың көркем,дұрыс байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

3.Табиғатқа ізгілік қатынасты қалыптастыру,табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет,оқулық,парақшалар,ертегі кейіпкерлері

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Мәтінді оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері,қыс туралы,қыстағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлу.
Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу

Білім

АКТ

3мин

Үй тапсырмасын тексеру
Бұл қай кезде болады?

Жатқа айту 13-жаттығу
 Р, Қ, А
 А, Л, А, Қ
 К, Е, М, П, Т, Е
 С, Қ, Ы
 О,Қ,Ш,У,Ы

Қызығушылықты ояту 1.Мына дыбыстардан сөз құрастыр.

Түсіну

СТОү

6мин

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

Бұл қар -
Сұр қар.
Сұр қар -
Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар
-Бұл жаңылтпаш не туралы? -Қардың қандай түрлері бар? -Қар сөзінде неше дыбыс бар, неше әріп бар?
Дыбысты не істейміз, әріпті не істейміз?

12-жаттығу.

Жаңылтпаш оқу

Сергіту сәті

АКТ

2мин

«Табиғат ғажайыптары»
Күн шайдай ашық. Таза ауада еркін серуендейміз. Қар ұшқындап тұр. Ұлпа қар лезде еріп кетті. Қар себелеп, біртіндеп күшейе түсті. Жел тұрды. Қатты боранға айналды. Бір мезетте боран басылып, күн шайдай ашылды.

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

1.Оқулықпен жұмыс
2.Мәтінді мәнерлеп оқу.
3.Топтастыру. Ертегі кейіпкерлері өздерінің теңеулерін топтастырады. (Алтындай жарқырайды, көгілдір, суық, жылы, жеңіл, ауыр, күмістей)

Партада отыру ережесін айтып өту.

Т,т әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

1. Дәптермен жұмыс
Жатқа көркем жазу 15- жаттығу
Қырда қырау,
Қызыл ала бұзау.

«Қай әріпті жоғалттым» ойыны
 ...есе  Шан...
 Ан...  Баты...
 Кем... Мекте...

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыс дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 16- жаттығу. Қарды сипаттап жазу




Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Боранда. Дауысты және дауыссыз дыбыс.

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын анықтау.
2. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Әңгіме желесіне орай оқушыларды ұғымтал, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сюжетті сурет,оқулық,парақшалар,ертегі кейіпкерлері

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Мәтінді оқуға төселдіре отырып, қыс туралы,қыстағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар әлемді құрметтеп
Бас иеміз біз

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.

Білім

АКТ

3мин

Үй тапсырмасын тексеру
А. Аппақ қыс. Өлеңді жатқа сұрау. 2 - 3 оқушы.
Ә. Қыс туралы жазған әңгімелерін оқыту. 4 - 5 оқушы.

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ ұлиды. Бұл не? Боран.

Сабақты жұмбақтан бастау арқылы жаңа дыбысты табу.

Түсіну

СТОү

6мин

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

Жекен Жұмаханов 5 желтоқсан 1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Семейдегі педагогикалық техникумді бітірген.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүкті көзімен көріп тілдескен. Олар жайында очерктер жазған.

Жекен Жұмаханов өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.

Сергіту сәті

АКТ

2мин

Секіреміз топ - топ
Шапалақтап көп - көп,
Иілеміз оңға қарай 1, 2, 3
Иілеміз солға қарай 1, 2, 3

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

1.Оқулықпен жұмыс
Ә. Мәтін бойынша түсіндіру, мазмұндау.
Б. Мәтінді кезектесіп оқыту.
В. Түсінбеген сөздермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Екілене - желдің екпіндей соғуы.
Бүлкек - аттың желіп жүруі.

Партада отыру ережесін айтып өту.

Д,д әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

1 топ. Қыс туралы 5 жолды өлең.
1. Қыс.
2. Боранды, аязды.
3. Тоңдырады, үсіреді, бүрсеңдетеді.
4. Аққала жасап бала мәз.
5. Қар.
2 топ. Қыс қызығы тақырыбында сурет салу.
3 топ. Қыс туралы мақал - мәтел.
Қыс азығын жаз жина.
Қыста арбаңды сайла,
Жазда шанаңды сайла.
Ақ қар көп болса -
Ақ нан көп.

Топтық жұмыс.

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

1.Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?
2 Қасым қайда оқиды?
3 Ол нені есіне алады?
4. Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсың?
5. Өзің Қасымның орнында болсаң не істер едің?

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.



Күні:

Ана тілі

Тақырыбы: Ақ мамық ұлпа қар.Дауысты және дауыссыз дыбыс.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын қалыптастыру, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.
2.Есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын дамыту.
3.Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбие беру.

Көрнекілігі: Карточка, топқа бөлу смайлктер, оқулық, қыс мезгілі автобус.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік /әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап/, көрнекі, талдау, жинақтау, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, проблемалық-ізденіс әдісі, ойын

Модульдер:АКТ,СТОү,ОмОЖТ,ЖЕСО,ТмДБО,ОүБ,ОмОБү.

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, дүниетану

Оқыту нәтижесі: Сөйлеу туралы түсініктерін толықтырады.Мәтін мазмұны мен танысу барысында оқуға,еңбек етуге үйренеді.

Кезеңі

Әдіс - тәсіл

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық

ахуал

1 мин

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.

Білім

АКТ

3мин

Біз сендермен қыс мезгіліне орай саяхатқа шығамыз.Сабақта біз топқа бөлініп әр аялдаманың тапсырмасын орындаймыз. Онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Қандай топ тапсырмаларды орындай алмаса жолда түсіп қалады. Сондықтан бәріміз жұмыс істеуге тырысамыз. Ол үшін сендерге билет алу керек. Ал, мен сендерге билеттің орнына мен сендерді топқа бөлемін.

1 топ Желтоқсан
2 топ Қаңтар
3 топ Ақпан

аппақ, боран, суық, аяз, қырау, қар, суық, мұз, сырғанақ.

Түсіну

СТОү

6мин

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?

Сұрақтарға жауап беру.

Қолдану

ТжДБО

7мин

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың өлеңді оқу.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар: өлеңде қай мезгіл суреттелген? Қыста немен сырғанайды?
Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелген?
Өлеңнің алғашқы екі жолындағы сөздерден дауыссыз дыбыстар«Демалыс» аялдамасы

Көркем жазу:

Қыс қыс 21 - жатттығу

Оқушылар кезектесіп оқиды

Мәтіннің мазмұны талданады

Сергіту сәті

АКТ

2мин

Аппақ,аппақ қар жауды,

Ұмытайық жаурауды.

Қолдарыңды беріңдер,

Секірейік,келіңдер.

Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Талдау

ЖЕСО

7 мин

Құстар: қарға, торғай, көгершін;
Аңдар: қасқыр, қоян, түлкі;

Қыс қызығы: коньки, шаңғы, шана, сырғанақ, ақ қала.

Қысқы киімдер: тон, тымақ, шапан, саптама, қолғап

Партада отыру ережесін айтып өту.

Д,д әрпін тақтаға салу.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.

Жинақтау

ОүБ

7 мин

Өздері білгендері бойынша жауап береді,ойларымен бөліседі, білген дерін айтады.

Топтық жұмыс.

Бағалау.

Үйге тапсырма

ОмОБү

5 мин

Бүгінгі саяхатымыздың соңғы аялдамасына келіп қалыппыз.
Барлығымызда да жақсы орындадық.
Сабақта алған әсерлеріңді мына смайлкке стикерлерінді жапсырындар.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.






Ана тілі

Тақырыбы: Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары.

Білімділік: оқушылардың и,у дыбыстарының айтылу ерекшеліктерін аңғарту.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік: тірі табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға үйрету.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Мәтінді оқуы.

Мазмұнын айтуға дағдыландыру.

Сұрақтарға жауап беру.

-Қандай құстар ұша алмайды?

-Олар жұмыртқаларын мұздың үстіне салса қандай қауіп төнеді?

-Аналық пингвиндер жұмыртқаны қалай жылытады?

Сөздік жұмыс.

Мамық -құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Проблемалық жағдай.

Пингвин сөзіндегі и дыбысы қалай естілетінін байқа.

Неліктен

ІІІ. Операционалдық -орындаушылық кезең.

37-жаттығуды орындау.

Үлгі бойынша 2 бағанға толтыру.

Сақина / биші

Сиыр / инелік

Сергіту сәті

ІY. Өздік жұмыс

Жаттығудың берілгенін түсініп оқу.

Сөздерді 2 бағанға жазу.

Қорытынды шығару.

Ү. Деңгейлік тапсырмалар беру.

І топтың тапсырмасы: пингвиндер қайда тіршілік етеді?

ІІ топтың тапсырмасы: пингвиндер сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

ІІІ топтың тапсырмасы: пингвиндер тіршілігі туралы әңгімелеу.

ҮІ. Деңгейлік тапсырмалар нәтижесін зерттеу.

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма:

Пингвиндерді сипаттау.

Пингвиндерді түйеқұспен салыстыру.

ҮІІІ. Вен диаграммасын құру.

Ана тілі 3- тоқсан Кембриж бағдарламасымен жасалған 1 сынып

ІХ. Қорытындылау.

Х. Бағалау

Ана тілі

Тақырыбы: Жылыжайда. И, у дыбыстары.

Білімділік: оқушылардың и,у дыбыстарының айтылу ерекшеліктерін аңғарту.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік: тірі табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға үйрету.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Мұғалімнің мәтінді оқуы.

Сөздік жұмысын жүргізу

-Үйшік -аласа, шағын, кішкене үй

-Таңғажайып - керемет, ғажап

Шоқы -төбенің ең биік жері

Мазмұнын өз бетімен айтуға дағдыландыру.

Сұрақ-жауап

Жылыжай дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.

А) Оқулықпен жұмыс.

40-жаттығуды орындау

Ә) Жуан, жіңішке сөздерді жазу.

Б) У дыбысының қалай естілетінін байқау.

ҮІ. Ой қозғау

41-жаттығу ребусты шешу.

А) Шешудегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Ә) У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Б) Бұл аң қайда мекендейді?

Сергіту сәті

Мен, тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Ү. Шығармашылық тапсырма

- Жылыжайдағы көкөністер туралы қандай өлең, жұмбақ білесің?

Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)

ҮІ. Өзіндік жұмыс

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құрғап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

А) Өлең жылдың қай мезгілі туралы?

ҮІІ. Қорытынды

ҮІІІ. Бағалау.

Ана тілі

Тақырыбы: Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке болып айтылатын сөздердіажырата білуге жаттықтыру.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік:тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

Сөздік жұмыс

Жамбас - дене мүшесі

Оқушылардың өлеңді түсініп оқуы.

Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау.

Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?

Олар қалай естіледі? Жуа ба, жіңішке ме?

ІІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.

А) Оқулықпен жұмыс.

Ә) 43-жаттығуды орындау

Татулық - табылмас бақыт.

Ырыс алды - ынтымақ.

Ақылды қария - ағып жатқан дария.

ІҮ. Ой қозғау.

А) берілген үйшіктегілерге қатысты сөздерді ата.

Ә) жуан, жіңішке сөздерді айту.

Ү. Ереже айту.

А) Мысалдар келтіру.

Сергіту сәті

ҮІ.

Ішіне

сыртына

Кітап

қуыршақ

білім

ту

сызғыш

терезе

ҮІІ. Рефлексия

Білім неліктен байлық болып есептеледі?

Білімді болу үшін не істеу керек?

Жуан және жіңішке айтылатын сөздер дегеніміз не?

Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді салыстыру.


Жуан

жіңішке

ауыл

өрік

құс

бүркіт

........

...........

ҮІІІ. Бағалау.

Ана тілі

Тақырыбы: Тиін. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке болып айтылатын сөздердіажырата білуге жаттықтыру.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік:тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

А) Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.

Ағаштан ағашқа секіріп,

Жаңғақ теріп қояды.

(Тиін)

Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

Сөздік жұмыс

Бөтен -бөгде, басқа

Түйгіш - қуады

Қақаған - қатты аяз

Алай -дүлей - боран

Ынтымақтастық -тату, ұйымшыл

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою.

А) Тиін қандай аң?

Ә) Олар қыста қалай тіршілік етеді?

ІІІ. Мәтін бойынша оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

А) Мәтіннен тиіндердің ынтымақтастық қасиетін білдіретін жолдарын тауып оқу.

Ә) Тиінге сипаттама беру.

Сергіту сәті

Біз қамқоршы боламыз,

Тиінге азық саламыз.

Жаз бойы жем, су беріп,

Үйшіктерін бұзбаймыз.

Оқулықпен жұмыс:

47- жаттығу.

Үй жиһаздары: кілем, текемет, көрпе....

Тағамдар: сүт көже, ірімшік, іркіт, сүзбе....

ІҮ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса сөздер қалай айтылады?

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса сөздер қалай айтылады?


Ана тілі

Тақырыбы: Кітап ескірмейді. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке болып айтылатын сөздердіажырата білуге жаттықтыру.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік:тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

А) Әңгімені түсіндіру.

Ә) Сөздік жұмыс

Ақыл сөзі - данышпан

Б) Рольге бөліп оқу.

В) Тізбектей оқу.

Г) Мазмұнын өз сөздерімен айту.

ІІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

А) 49-жаттығуды орындау.

-Құрамында жуан және жіңішке дауысты дыбыстары аралас келген сөздерді теріп жаз.

-Ол сөздердің жазылуын есте сақта.

Орман, дәріхана, ауа, мұғалім, қайың, таңертең, түйеқұс, төл, еңбек, қадірлі.

50-жаттығуды орындау.

Суреттегі заттардың атын оқы. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Мүйізтұмсық, түймедақ, күркетауық.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып бір тұрып,

Демімізді алайық.

ІҮ. Шығармашылық тапсырма.

- Кітап туралы мақал-мәтел білесің?

-Жұмбақ шешу, өлең айту.

Ү. Рефлексия.

А) Әңгіме кім туралы айтылады?

Ә) Кітап неліктен ескірмейді?

Б) Әңгімеден жуан және жіңішке дыбыстар аралас келіп тұрған сөздерді табу.

Б) Жуан, жіңішке дыбыстары бар сөздерге мысал келтіру.

ҮІ. Бағалау.

Ана тілі

Тақырыбы: Темірағаш. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке болып айтылатын сөздерді ажырата білуге жаттықтыру.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойын, сөздік қорын дамыту. Мәнерлеп оқуға жетелеп отырып, оқу машығын дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулық, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

1. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

А) Мәтінді оқу.

Ә) Сөздік жұмысы.

Кавказ -елдің аты

Тропиктік ел - сулы, ыссы жер

Б) Темірағаш - ағаштың атауы.

2.Мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен айту.

3. Іштей оқу.

4. Тізбектей оқу.

5. Абзац бойынша оқу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Оңға, солға бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

А) Таблицамен жұмыс

Жуан айтылатын сөздер

Жіңішке айтылатын сөздер

Аралас айтылатын сөздер

Ағаш, Кавказ,

Елдер, темір

Тропик, темірағаш

ІҮ. Дәптермен жұмыс.

А) Жаттығудың берілгенін оқу.

Ә) Мақалды оқу.

Б) Мазмұнын ашу.

В) Мақалдағы сөздердің жіңішке айтылуы неліктен?

Г) Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Ү. Рефлексия

ҮІ. Бағалау.

Ана тілі

Тақырыбы: Елің. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Білімділік: оқушылардыңөлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасауы арқылы логикалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:ел рәміздерін дәріптей отырып, туған еліне деген мақтаныш сезімін ұялату.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Туған елді бейнелейтін суреттер, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

1. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

А) Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ә) Сөздік жұмысы.

Әлем - жер шары

Шексіз -

Б) Мазмұнын айтуға үйрету.

В) Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Г) Өлеңнің соңғы шумағын көшіріп жазу, дауысты дыбыстарды табу.

ІІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

А) 65-жаттығуды орындау.

Ә) Алдымен құрамында Ұ дыбысы бар сөздерді, одан соң ү дыбысы бар сөздерді табу.

Ұ дыбысы бар сөздер: құр, көкқұтан,

Ү дыбысы бар сөздер: бүркіт, үйрек, үкі,

Сергіту сәті

Ерте тұрып күнде біз

Терезені ашамыз.

Сәлем дейміз күнге біз,

Шаттық әнге саламыз.

Б) Жаңылтпашты оқу, жаттау.

Құз,

Құздың үсті мұз,

Құздың үсті қыс.

ІҮ. Шығармашылық тапсырма

А) Жұп дауысты дыбыстары бар сөздерді жазғызу.

Тұз - түз, құс - күс, қос - көс

Ү. Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазғызу, жуан және жіңішке дауысты дыбыстары

бар сөздерді екі бағанға жазу.

-Жуан, жіңішке жұп дауыстыларды ата.

-Жуан ,жіңішке жұп дауыстыларға мысал келтір.

ҮІ. Рефлексия.

сенің елің қандай?

«шексіз мөлдір көгің-самғап шығар төрің» деп неліктен айтады?

ҮІ. Бағалау.

Ана тілі

Тақырыбы:Жусанда туған жердің иісі бар. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Білімділік: оқушылардыңмәтіңді түсініп оқуға үйрету.

Ұштастыра дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасауы арқылы логикалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:туған жерге деген сүйіспеншілігін дәріптей отырып, туған елін құрметтеуге үйрету.

Түрі: аралас, жұппен, ұжымдық.

Әдісі: проблемалық, ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Туған елді бейнелейтін суреттер, кесте, карточка.

Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық көңіл-күй.

ІІ. Бағдарлау -мотивациялық кезең.

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

Ассоциация құрау.

Туған жер

А) Мәтіңді мәнерлеп оқу.

Ә) Сөздік жұмысы.

Жусан - көпжылдық өсімдік

Патша -хан, сұлтан

Сағыныш - сезім

ІІІ.

© 2010-2022