Тәрбие сағаты Тақырыбы: Әкем-қорғаным, Анам-асылым. (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әкем-қорғаным,

Анам-асылым.

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Әкем-қорғаным, Анам-асылым.(3-сынып)

Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату;

ә) Ата-анасын құрмет тұтып адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

б) Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.

Көрнекіліктер: альбомдар, буклеттер, оқушылар шығармашылықтары, цитаталар, мақал-мәтелдер.

Өтілу барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Кіріспе

Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық өтіп жатыр. Соған орай біздің сыныпта да ашық тәрбие сағатыөтпек.

Отбасыға қарап бала өседі,

Қарағайға қарап тал өседі,

демекші біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әкем-қорғаным, Анам-асылым» атты тақырыпта өтеді. Отбасы сөзін қалай түсінеміз?

Сызбадан көрсету.

Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Әкем-қорғаным, анам-асылым сөзін қалай түсінесің?

Анам- асылым. Нұрай шығарма.

Аяна, Жәнел, Еңлік.

Бірақ ата-ана үмітін ақтамай теріс жолға түсіп жатқандар да аз емес. Ендеше, өмірге әкеліп аялап бағып, қағып өсірген ата-аналарымызды қадірлей білейік. Ата-аналарымызға арнаған тақпақтарымызды адал жүректеріңмен ерекше бір сезіммен айтсаңдар екен деймін.

О, ата-анам

Еңлік. Таянышым-тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Аяна. Ата-ана алдындағы әдептілік баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау, ата-әжесін құрметтеу- өмірді құрметтеу.

Нұрай. Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата-ананы аялап бақса, армандары орындалады.

Ерзат. Ұл қыз ата-анасын, үлкендерді қуанышыңа бөлеп, бақытқа кенелсін десең, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл қызы болып өседі.

Дильназ. Ата-ананы сыйлау сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса қартайғанда олар да солай алақанға салып аялау керек.

Елдар. Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Алишер. Ата-ананың қадірін білмеген,- халық қадірін білмейді.

Алтынай. Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар ол- қорлық.

Ақтілеу. Кейбір тәрбиесіз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, әке, ана, ата, апа, қарындас- туыстарыңды сылап жүріңдер. Әке тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана- жарық дүниеге әкелушің.

Ана туралы ән. Аяна, Нұрай, Еңлік.

Қарт пен бала әңгімесі. Көрініс.

Медет. Балам, үйдің алтын қазығы кім?

Науан. Ата, үйдің алтын қазығы бала.

Медет. Жоқ балам, үйдің алтын қазығы-ана. Ана- ақылды болса, бала- дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана -ақылшың, әке қамқоршың екенін ұмытпа.

Медет. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Баласы. Ата жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.

Атасы. Жоқ балам. Ол ана. Ал балам, өмір сүру үшін не қажет?

Баласы. Ата, өмір сүру үшін ақша, алтын, ми қажет.

Атасы. Жоқ балам. Өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет.Су- тіршіліктің нәрін береді. Тұз астың дәмін келтіреді.

Енді сынып оқушыларына сұрақ қоямын.

Атасы: Адамның ақылы қайда болатынын кім біледі?

Еңлік: Ханның ақылы тағында, әкенің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім-көрінгеннің қалтасында.

Атасы: Өмірде не жетім?

Ерзат: Өмірде ата-анасы болмаса бала тас жетім.

Нұрғасыр: Суы жоқ құдық жетім,

Досы жоқ жігіт жетім.

Алишер: Ата-ана ақылы жерде қалса бәрінен де сол жетім.

Оқушылардың жүрек жарды өлеңдері шығармаларын тыңдайық.

Алтынай, Аяна, Еңлік

Буклет, альбомдармен таныстыру.

Жүректен жүрекке.

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Әкем-қорғаным, Анам-асылым.(3-сынып)

Әр оқушы ата-анасына тілек айтып, гүл жапсырады.

Барлық оқушылар

Ата-ана, ұстаздар біздің борышымыз- сіздерді құрметтеу.

Жеке нөмерлер

«Қырманға кел қалқатай» Динара, Дариға, Алия

«Анамызға мың алғыс» Нұрай, Еңлік, Аяна

Хор «Бала тілегі» әні



© 2010-2022