1 мамыр - Бірлік мерекесі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жем қалалық №5 орта мектебі













Тәрбие сағаты

"1 мамыр - Бірлік мерекесі"

2а сынып

Дайындаған:С.Б.Досыбаева















2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: 1 мамыр - Бірлік мерекесі
Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым қатынасын нығайтуға тәрбиелеу, қазақтың салт - дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға, қазақ халқына деген қошеметпен қарауға, сыйлауға, Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!

Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл тегіл, көл көсір.
Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы өнер алды - тіл дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін., - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім.
Бүгінгі мерекеміз Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылығымыз бенимандылығымыздың айғағы.

Әр жақтан , әр түрлі ұлттар біздерге қонаққа келді. Сол елдердің өнерлерін, сат-дәстүрлерін тамашалаймыз. «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. Сан ұлттың мекені болған мемлкетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік. Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін! Сіздерді тағы да 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі меркекесімен құттықтап,ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, әрбір отбасына береке - бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Қош сау болыңыздар!





























© 2010-2022