Тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі, дүниетану 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абишева Камшат Сырымқызы 13.03.15

Lessоn study

Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі. Үй құстары

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өмір тәжірибелеріне сүйене отырып, құстардың алуан түрлілілігі жайлы, үй құстарының тіршілігі жайлы ұғым беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге үйренеді;

  • Сөздік қорлары молаяды;

  • Топта ынтымақтастықпен жұмыс жасауға үйренеді;

  • Құстардың алуан түрлі болатынын түсінеді;

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Қажетті ресурстар: ватман, маркер, презентация, суреттер

Қолданылатын моульдер:

СТОҮ, жас ерекшелікке сәйкес оқыту, ОҮБ мен оқуды бағалау, АКҚ, көшбасшылық

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар қол ұстасып, бүгін сабақтан не білгілері келе тілектерін айтады.

(Капитан, маяк, борт сыртында, түскі ас, ескек есеміз) тренингін өткіземін.

Топқа бөлінеді.

Миға шабуыл:

«Ыстық орындық», «Тәй-тәй» өткен тақырыптарды пысықтау.

Қызығушылықты ояту: (фильмнен үзінді)

ой толғау әңгіме не жөнінде болмақ

Жаңа тақырыпқа бағытталу.

«Алдын-ала берілген сұрақтар мен суреттер» тәсілі.

«Бірлескен зерттеу» тәсілі (сұрақтарды қабырғаға іліп қоямын.)

Жұптық тапсырма:

1-жұп Құстар неліктен басқа жаққа ұшып кетеді? Олар қалай аталады?

2-жұп Құстың дене мүшелерін атап бер.

3-жұп Құстар немен қоректенеді?

4-жұп Мозайканы құрастыр

(колибри) оның салмағы 1,6 г, ұзындығы 5-7 см, оның жартысы құйрығы мен тұмсығы алып жатыр. Ол кішкентай болса да тамақты екі есе көп ішеді екен.

5-жұп Жабайы құстар дегенді қалай түсінесің? Жабайы құстарды ата.

6-жұп Үй құстары дегенді қалай түсінесің? Үй құстарын ата.

7-жұп Адамдар құстарға қандай көмек береді?

8-жұп Берілген әріптерден сөз құрастырады ( ұ, р, т, а, қ, с, ) Құстар дегенде ойыңа не келеді?

9-жұп Қандай құстарды білесің? Атап бер.

10-жұп Киелі құстарды білесің бе?

Слайдтан мәліметтер беремін.

Балаларды билетемін

*Адамдар ғана билемейді екен, құстар да билей алады. Фильмнен үзінді көрсетемін.

Топ атын қорғау

«Күн», «Бұлт», «Жұлдыз», «Ай» тобы өз тобына берілген суретке қарап, суреттің атынан эссе жазады.

Күн тобындағылар: Күннің суретін салады да, күннің көзін, мұрнын, адам кейпінде салу керек, әрқайсысы өзі салған күннің атынан сөйлейді. Мысалы: Мен күнмін. Мен сұлумын. Мен жерге жылуымды шашамын. Ал кейде көңіл күйім болмаған кезде бұлттың артына тығылып қаламын.

Бұлт тобындағылар: Бұлттың суретін салады да, бұлттың көзін, мұрнын, адам кейпінде салу керек, әрқайсысы өзі салған күннің атынан сөйлейді. Мысалы: Мен бұлтпын.

Мен әдемімін. Мен күштімін. Мен ашуланғанда күнді жауып тастаймын.

Жұлдыз тобындағылар: Жұлдыздың суретін салады да, жұлдыздың көзін, мұрнын, адам кейпінде салу керек, әрқайсысы өзі салған жұлдыздың атынан сөйлейді.Мысалы: Мен жұлдызбын. Мен әдемімін. Мен түнде жарқырап тұрамын. Мен құласам адамдар тілек тілейді.

Ай тобындағылар: Айдың суретін салады да, айдың көзін, мұрнын, адам кейпінде салу керек, әрқайсысы өзі салған айдың атынан сөйлейді.Мен аймын. Мен күштімін. Түнді жарық қыламын. Күннен күнге тола беремін.

Топ басшыларын сайлау.

Топ басшылары бағалап отырады.

Әр топ жауап берген сайын марапаттап отырамын: күн, бұлт, жұлдыз, аймен.

ІІ. Тапсырма. Оқушыларға «Құстардың көктемгі тіршілігі » мәтінін «Бөлімнің атауын келтір» тәсілі бойынша оқу тапсырмасы беріледі.

«Бөлімнің атауын келтір» тәсілі (9 минут)

4 бөлікке бөлген мәтінді әр топ оқып, оқыған бөлігіне ат қояды.

Әр топтан бір өкілден шығып, не түсінді сол жайлы айтады.

Құстардың көктемгі тіршілігі

-Жер бетінде құстар көп.Олардың алуан түрі бар. Олардың бәрі де ұя жасап, жұмыртқа салады. Жұмыртқадан балапан басып шығарады. Құстар ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Олар өсімдіктерге зиянды жәндіктерді құртады. Сол арқылы олар табиғатқа пайда келтіреді. Барлық құстар қоршаған дүниеге және адамға пайда келтіреді.Құстар өсімдік жемістері мен тұқымдарын да қорек етеді.Кейбіреуі ұсақ аңдармен қоректенеді.

Көктем келді. Жыл құстары да өз мекеніне оралды. Қарлығаш ұясын шатыр астына салады.Көкек ұя салмайды.Қараторғай ұясын ағаштың басын салады. Аққу ұясын су жағасындағы қалың қамыс арасына салады. Олар ұясына өзінің жұмсақ мамығын төсейді.

Мәтіннен түсінгендерін айтуға бір оқушы ортаға шығады «Еркін микрофон» әдісі арқылы , ал қалған оқушылар сұрақтар қоды.

«Еркін мирофон» әдісі арқылы мазмұнын айтады. Қалған балалар сұрақтар қояды.

-Құстардың неше түрі бар?

-Құстар немен қоректенеді?

-Қандай құстар ұясын су маңына салады?

-Қарлығаш ұясын қалай салады?

-Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Топтық жұмыс

1-топ Үй құстары не береді? (жұмыртқа, ет, мамық, балапан) құс өсіру пайдалы ма?

2-топ коллаж ( Құстар суреттері, ағаш, шөп, қарға ұясы, қараторғай ұясы, аққу т.б.)

3-топ Жағдаят шешеді (сурет салады)

-Егер...Құстар түгелі жойылып кетсе, өсімдіктердің күйі не болады?

Дүниежүзінде қандай өзгерістер болады?

4-топ Құстардың дауысын келтіріп көр. (Суретін беремін) Құстар жиналысын сахналап көр.

-Үйректер қалай бақылдайды?

-Қаздар қалай дыбыстайды?

-Әтештің дауысын кім келтіреді?

-Тауықтың дауысын келтір.

Бағалау

Құстарды қорғауға байланысты 1 «Ә» сынып үндеуін жазады. (Ол үшін әр жұп жүгіртпе қағазға үндеуін жазып береді)

Жариялау

-құстарды атпа

-құстарға жем сал

-құс ұясын бұзба

-қамқорлық жаса

-мазақ қылма

-құстың жұмыртқасының қасына барма

-құстар біздің дос

Кері байланыс

Үй жұмысы: мәтінді оқу, құстардың суретін салу


© 2010-2022