Разработка урока

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты. Бақытты кездесу.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін тексеру,бір-біріне деген ынтымақтарын дамыту.

Сынып сағатына 2топ қатысады.Топтарды таныстыру.

1-топ «Балдырған», 2-топ «Балапан».

Балдырған тобын таныстыру.

Әсел-өте сүйкімді қыз.Өлең жаттағанды ұнатады.Өзін-өзі тану сабағын жақсы көреді.

К.Даниял-шекарашы болуды армандайды,ана тілін сабағын жақсы көреді.

Балапан тобын таныстыру.

Арыстан-дене шынықтыру сабағын жақсы көреді.Жақсы көретін тамағы-су бүйрек.

С.Даниял-математика пәнін және балмұздақ жегенді ұнатады,болашақта милиционер болуды армандайды.

1-кезең. «Бәйге». «Балдырған» тобына сұрақ-жауап.

1.Апорт алма қайда өседі? (Алматыда)

2.Күн қай жақтан шығады,қай жақтан батады? (Шығыс-батыс)

3.Ұннан жасалатын тағамдарды ата? (бауырсақ,құймақ)

4.Шешеңнің туыстары қалай аталады? (нағашы)

«Балапан» тобына сұрақ.

1.Жыл мезгілдерін ата? (қыс,күз,жаз,көктем)

2.Қыстап қалмайтын құстар қалай аталады? (жыл құстары)

3.12-сәуір қандай мереке? (ғарышкерлер күні)

4.Әліпбиде неше әріп бар? (42 әріп)

2-кезең. «Сиқырлы қалта»

Ребустар шешу.

1-топ. А,,, қ, тау 2-топ. Қыз ,,, қарға ,,,, тоқылдақ

Ақтау Қызғалдақ

3-кезең. «Жұмбақ шешу»

Балдырған тобына

1.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(түйе)

2.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.(пияз)

Балапан тобына

1.Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.(түлкі)

2.Түрі шар секілді,түсі қып-қызыл,

Дәмі бал сияқты.(шие)

Музыкалық пауза. «Балдырғандар әні»

4-кезең.Капитандар сайысы.

«Балдырғандар» деген сөзден бірнеше сөз құра.

Бал, бала,балдыр,аға,балдырған,дана,дара,ал,ана,нар.

5-кезең. «Таңдап ал» сайысы.

1.Жабайы аңдар 2.Үй құстарын ата. 3.Төрт -түлік мал.

4.Қандай гүлдерді білесің? 5.Үй жануарларын ата.

6-кезең. Сурет салу.

Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға жемі суретін салу керек.

7-кезең. Музыкалық нөмір.

Әр топтан өлең айту.

8-кезең. Интерактивті Әліпбимен жұмыс.Мына өлеңдер не туралы? Бұл қандай ән?

Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Сайысты қорытындылау.

Мағжан Жұмабаев ауданы

Надежка орта мектебі













Сынып сағаты

Бақытты кездесу

















Мұғалім:Баймұханова Ж.Ә.

© 2010-2022