Воспитательный урок на тему: Қош келдің Наурыз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ОқушыларғаМ .Дулатов өмірі мен шығармашылығы жайлы тереңірек таныстыру. Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігінің тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар арқылы тілдік қорларын жетілдіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу,шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба , слайдтар, интерактивті тақта т.б.

Пәнаралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, математика, дене тәрбиесі, дүниетану сабақтарымен байланыстыру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы! Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. Көңіл - күйлерің көтеріледі. Қане, бір - бірлеріңе жымиыңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастаймыз.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, әрі жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда жан - жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1) Үйге қандай тапсырма берілді. (Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін жаттап келу).

2) «Көктем» өлеңін бірнеше оқушыдан сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

1) Бұл бастағанымыз қандай тарау ? (Масатыдай құлпырар жердің жүзі)

2) Бұның алдындай қандай тарауды аяқтадық? ( Жақсыдан үйрен)

3) Өткен тараудан қандай жақсы нәрселерді үйрендік? (Оқушылар ойын айтады).

ІV. Сергіту сәті:

. V. Қызығушылығын ояту.

1. Қазір қай мезгіл? (Қыс мезгілінің соңғы күндері)

2. Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді? (Көктем)

3. Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? (Ауа райымен, табиғатымен,

мерекелермен)

4. Көктем айларын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)

5. Науырыз айында қандай мерекелер бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

VІ. Жаңа сабақ:

«Қош келдің, Наурыз!» Міржақып Дулатов.

М.Дулатов өмірімен таныстыру. 1885 жылы Қостанай облысы,Жангелдин ауданына қарасты Қызбел ауылында туған.Әкесінің есімі Дулат,шешесі ДамешҚазақтың көрнекті ақыны,қоғам қайраткері,жазушы.Халқымыз Наурыз айын айын жыл басы деп құрметтесе,Наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні деп дәріптеген. «Наурыз» парсы сөзі қысқаша айтқанда жаңа күн деген сөз.

Мағынаны ашу: (Тақырыпты түсініп оқу,мазмұнын талдау, кітаппен жұмыс).

Сөздік жұмысын жасау:

Байлаулы - байланысты

Деуге сыяды - деуге болады

Тіршіліктің арқауы - тіршіліктің негізі

Шаруа кенеледі - мал тойынады

VІІ. Шығармашылық тапсырма:

  1. Оқу жазу орталығы: Қазақтың ұлттық салт -дәстүрлері.

  2. Өнер орталығы: « Наурыз- ұлттық мейрам» мәтін құрастыру.

  3. Бейнелеу орталығы. (тақырыпқа байланысты сурет салады және оны қорғайды)

  4. Жарнамалау орталығы (тақырыпқа байланысты төрт түлік туралы, наурыз мерекесі туралы түрлі жарнамалар айтады)

VІІІ.Бекіту: Әр оқушы өз тілегін жазып, тілек ағашына іледі, Сабақты қортындылау үшін ойларын жазып , қоржынға салады.

Ой толғаныс. Бір оқушы Наурыз мейрамына байланысты бата береді.

Армысыңдар, балалар!

Бармысыңдар, балалар!

Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

Сұрасаң, бата берейін

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

ІХ. Үйге тапсырма беру: «Наурыз - ұлттық мейрам» деген тақырыпта шығарма жазып келу. Тақырыпты оқып келу.

Х. Бағалау.



© 2010-2022