Ашық сабақ Ана тілі пәні бойынша тақырыбы: Сен ұйықтап жатканда (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы Б.Соқпақбаев. «Сен ұйықтап жатқанда»

Мақсаты:

Міндеттері: 1) Білімділік: Оқушыларды Б. Соқпақбаев әңгімесінің мазмұнын ашу. Сөз байлығын кеңейтіп, өз ойын толық жеткізуге үйрету.

2) Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге, тіл байлықтарын дамыту.

3) Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері.

Құрал-жабдықтар: Оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Кун жылуын салайық,

Ана мейірімін салайық

Жүрек жылуын салайық

Қонақтарға шашайық

Артикуляциялық жаттығулар: Сағат, футбол ойнау, алтыбақан тебу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өлеңді жатқа айту « Отан ортақ үйіміз»

ІІІ. Негізгі бөлім.

Білу. Б.Соқпақбаевты таныту, білгендерін еске түсіру, әңгіммемен танысу.

М. Бесбаевтың жай ырғақты «Әлди-әлди бөпешім» әуенін ойнату.

- Қане, балалар, мына музыка ырғағымен көзімізді жұмып ұйықтайық. Ұйықтап жатып не байқадыңдар естеріңде сақтаңдар. Қазір маған не байқап, не көргендеріңді, не естігендеріңді айтып бересіңдер.

Музыканы тоқтатып бірнеше баладан ұйықтап жатқанда не байқағандарын сұраймын.

  • Сонымен балалар , біз ұйықтап жатқанда біздің апа-ағаларымыз тынымсыз еңбек етіп жатады екен.

  • Олай болса, бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Сен ұйықтап жатканда» тақырыбындағы әңгімесімен танысамыз.

- Балаларға Б.Соқпақбаев портретін көрсету, сұрақ қою.

-Балалар сендер басқада қандай шығармаларын білесіңдер?

- Балалардын жауабы.

Иә, дұрыс айтасындар сендер білетіндей « Менің атым Қожа» фильмі бұның әңгімесін жазған Б. Соқпақбаев балалар жазушысы.

1.Кітапта берілген әңгімені балаларға өзім оқып беремін.

2. Әңгіме не туралы?, не ұқтыңдар? ,балалардан сұрау.

Суретпен жұмыс ,суреттерді тақтаға іліп қою.

Жеке жұмыс: Хамзин Асыл, Мұрат Аружан, Нұрдаулетке тапсырма беру.

3.Кітапты ашқызып балаларға екі сөйлемнен оқыту. (35 бет)

Сергіту сәті.

Қиын сөздермен жұмыс: Станция, арнаулы тұрақ, трол-лей-бус, трам-вай, ав-то-бус.( Буындап жазып қою) Бұл бізге жаңадан сөз болып тұр.

Жаңа сөздерді оқыту- хор мен жеке. Кітаппен жұмыс, жоспар бойынша жұмыс атқару. Балалардан сұрау.Әуемен қатынасатын көліктер: Тік ұшақ, ұшақ. Сумен қатынасатын көліктер: Кеме, қайық, катер. Темір жолмен қатынасатын көліктер: поезд. Ал, арнайы жол асфальтпен жүретін көліктер: машина, автобус.

Қорытынды:

-Бүгін сабақта не білдіңдер?

- Не жайлы әңгімеледік?

© 2010-2022