Хлеб - богатство родины

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нан-Отан байлығы.

Сабақтың мақсаты:Нанды қадірлеуге үйрету.

Қасиетті тағамның дастарханға қалай келетіндігін түсіндіру.

Еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ата-аналардың көмегімен пісірілген нан түрін,нан туралы нақыл сөздер көрнекілік ретінде пайдаланылады.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:О,адамдар,айтарым бар,

Нанды баспаңдар.

Онда қол жетпейтін аспан бар

Әлі ешкім жазбаған дастан бар

Өтініп сұраймын

Ана бол,дана бол,бала бол

Нанды баспаңдар!

Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар мектепалды даярлық тобының «Нан-Отан байлығы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Дастарханға нан келу үшін бірінші не істеу керек?

1 оқушы:Қыста егістікте қар тоқтатылуы керек.

2 оқушы:Сонан соң жер жыртылуы керек.

3 оқушы:Көктемде егістікке тұқым себілуі керек.

4 оқушы:Күзде бидай піседі.Оны комбайнмен орып аламыз.

5 оқушы:Алтын астықты трактормен,машинамен қамбаға апарамыз.

6 оқушы:Тазартылған бидайды диірменге апарамыз,оны ұнғып тартамыз.

7 оқушы:Ұнды наубайханаға апарып,түрлі нандар пісіреді.

Мұғалім:Нан туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

1)Нанды бір қолмен үзуге болмайды.Ол кесір болады.

2)Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Ән «Қазақтың дастарханы»

Мақал-мәтелдер: «Еңбек,нан туралы»

1)Нан болса-ән болады.

2)Қырман басы береке.

3)Егін ексең тыңға

Шықтым дей бер шыңға

4)Қамбасында дәні жоқтың

Дастарханда наны жоқ

5)Нан-тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы

Жұмбақ

1)Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас (нан)

2)Жезге ұқсас сабағы

Дән халықтың тамағы (бидай )

Қайдан келдің бауырсақ?

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап

-Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ

Дүкеннен келдім нан сатқан

Деді оған бауырсақ

-Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан сатқан

Деді оған бауырсақ

-Наубайдан келдің қай жақтан ?

Дейірменнен келдім ұн тартқан.

-Дейірменнен келдің қай жақтан?

Даладан келдім кең жатқан

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген.

Қасқырмен егінші (көрініс)

Ас болған жерде бата беріледі "Бата беру"

Амандық берсін басыңа

Қыдыр келсін қасыңа

Бар екен деп тасыма

Жоқ екем деп жасыма

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа Әумин!

Хормен:

1)Ақ нанды кім қорлайды

Аштықтан сол сорлайды.

2)Алға қойған мақсатымыз

"Жақсы оқып,еңбек етеміз"

Ұлттық киім киген оқушы қыз қонақтарға нан мен тұз табыс етеді.

Ардақты нан!Ана мінез асыл нан

Жеп үйренгем жаным сүйіп жасымнан

Бір күніңді мың есе артық деп едім.

Бар дүниенің інжу,гаухар тасынан.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар.



© 2010-2022