Сабақ жоспары Дүниетану пәні Жапырақ 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Дүниетану

Сынып: 2 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту.

Білімділік: Жапырақ туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Әңгімелеу, есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жасыл желекті қорғауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. БжС технологиясы. Ауызша -картасы.

Сабақ оқудың макро құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1- кезең Ұйымдастыру

Мотивация. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.

2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру

  1. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі қалай аталады?

  2. Ол нені топырақта бекітіп ұстайды?

  3. Топырақтағы нені бойына сіңіреді?

  4. Тамыр арқылы өсімдік қайтеді?

  5. Тұқым өнгенде оның қабығын жарып не шығады?

  6. Тұқымдар қандай болады?

  7. Тұқым өнгенде бірінші не шығады?

  8. Қандай өсімдіктердің негізгі тамыры айқын көрініп тұрады?

  9. Бұл тамырдан қандай тамырлар шығады?

  10. Қандай өсімдіктердің тамыры шашақ тамыр деп аталады?

  11. Қандай өсімдіктердің тамырлары ұзын болып келеді?

  12. Құрғақ жерлерде ылғал топырақтың қандай қабатында сақталады?

  13. Қандай өсімдіктердің тамыры кіндік тамыр деп аталады?

  14. Өсімдік тамырлары не үшін ұзарып өседі?

  15. Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасады?

  16. Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың қандай түрлері бар?

  17. Ағаштың сабағы қандай болады?

  18. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі қалай аталады?

  19. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?

  20. Табиғатта өсімдіктер қалай өседі?

  21. Адам тұқымды не үшін пайдаланады?

  22. Өсімдіктерді тұқымннан қалай өсіреді?

  23. Сәбіз,қызылшаның тамыры қандай болады?

  24. Үрмебұршақ, бұршақ, сабақтары қалай өседі?

3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздермен жұмыс.

1. Жапырақ

2. Көмірқышқыл газы

3. Оттегі

4. Тыныс алады

5. Буланады.

6. Крахмал

7 сөзге 1 минут уақыт беріледі.

4- кезең Ойлауды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс.

Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі.

5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру

Қарама- қарсы сұрақтар:

  1. Жапырақ қандай газды жұтады?

  1. Нені бөліп шығарады?

  1. Жапыраққа су, еріген тұздар қайдан келеді?

  1. Жапырақ арқылы не тыныс алады?

  1. Өсімдік бойындағы артық су не арқылы буланады?

  1. Буланған жапырақ өсімдікті қайтеді?

  1. Үйдегі бөлме өсімдіктерінің жапырағын немен тазартады?

  1. Жапырақтың шаңын тазартса, нені жақсы сіңіреді?

  1. Нені мол бөледі?

  1. Жапырақтың пішіні қандай?

  1. Қандай ағаштардың жапырағы жасыл ине тәрізді?

  1. Олар жыл бойы қандай болып тұрады?

  1. Басқа ағаштардың жапырағы күзде қайтеді?

  1. Әбден қурағанда қайтеді?

  1. Адамдар түскен жапырақты жинап, неге көміп шірітеді?

  2. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?

  3. Жапырақ қайда орналасқан?

  4. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қандай заттар түзіледі?

  5. Олар түзілу үшін не қажет?

  6. Жапырақтағы шырын не арқылы өсімдік бойына тарайды?

  7. Емен, жүзім, қызылшаның жапырақтары қандай болады?

  8. Қайың, итмұрын, түймедақтың жапырақтары қандай?

  9. Өсімдік не арқылы тыныс алады?

МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады.

6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрақтар:

  1. Жапырақ көмірқышқыл газын жұтады.+

  2. Оттегін бөліп шығарады.+

  3. Жапыраққа су, еріген тұздар жаңбыр арқылы келеді.-

  4. Жапырақ арқылы сабақ тыныс алады.-

  5. Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады.+

  6. Буланған жапырақ өсімдікті жылытып тұрады.-

  7. Үйдегі бөлме өсімдіктерінің жапырағын сулы шүберекпен тазартады.+

  8. Жапырақтың шаңын тазартса, оттегін жақсы сіңіреді.-

  9. Жапырақтың пішіні әр түрлі.+

  10. Жапырақтың шаңын тазартса, көмірқышқыл газын мол бөледі.-

  11. Қарағаш, қайың ағаштарының жапырағы жасыл ине тәрізді.-

  12. Қарағай, шыршалар жыл бойы жасыл болып тұрады.+

  13. Басқа ағаштардың жапырағы күзде жасылданып, өзгереді.-

  14. Жапырақ сарғайып, әбден қурағанда жерге түседі.+

  15. Адамдар түскен жапырақты жинап, сазға көміп шірітеді.-

  16. Шіріндісі көп топырақта өсімдік жақсы өседі.+

  17. Жапырақ тамырда орналасқан -

  18. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қант пен крахмал түзіледі +

  19. Олар түзілу үшін топырақ қажет -

  20. Жапырақтағы шырын сабақ арқылы өсімдік бойына тарайды +

  21. Емен, жүзім, қызылшаның жапырақтары жіңішке болады -

  22. Өсімдік тамыр арқылы тыныс алады -

  23. Қайың, итмұрын, түймедағының жапырақтары жуан болады -



МПМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару

7-кезең

Бірінші бекітуді ұйымдастыру

Тақырыптық сөздік қор.

Тақырыпты қорыту.

5 минут

Үйге тапсырма

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Бағалау

4-5 белгі- «5» ұпай

3- белгі - «4» ұпай

2- белгі- «3» ұпай

1- белгі- «2» ұпай

МПМ бойынша бағалау.


© 2010-2022