Бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдықтарын арттыру баяндама

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары (баяндама)

Кульбаева Шолпан 1 сынып мұғалімі

  • 0

Тақырыбы: Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.

Міндеттері: 1. Ғылыми әдебиеттерді зерделеу
2. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы О. В. Лысенконың "Техника быстрого чтения" жүйесін сипаттау.
3. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу» пәнінің оқу шапшаңдығын арттырудағы маңызына талдау жасау.

Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүбелі еңбектері зерделенеді. О. В. Лысенконың "Техника быстрого чтения" жүйесі зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.

Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т. Г. Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен - өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл - ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы - оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым.



© 2010-2022