Урок на тему Өсімдік-тірі ағаза (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:

Уақыты:

Кабинеті:

Мұғалімі:

Сабақтың атауы

Өсімдік-тірі ағза

Мақсаты

Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу;
Балаларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бір - біріне ойын, пікірін ашық айтуға орта құру.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында оқушылар өсімдік туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
• Өсімдіктердің түрлерін, топтарын бір - бірінен ажырата алады. Олардың пайдасын, өмірде алатын орнын суреттеп бере алады.
Сабақ, жапырақ, тамырдың қызметтері туралы айта алады.
Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын жеткізе алады.
Нәтижені бағалау және тексеру:
Алғашқы білімдерін толықтыру үшін ББҮ кестесін толтыру. Эссе арқылы бағалау. Алған білімдерін ортаға салады (топтағы басқа балалардың ойын жеткізеді).
Қажетті материалдар: ИКТ, слайд - шоу, ватман, маркерлер, құмырадағы гүлдер, гүлдің тамыры, өсімдік құрылысына байланысты плакаттар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдік туралы не білесіңдер?
Балалар өз ойларын кестенің бірінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.
Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдіктер туралы не білгілерің келеді?
Балалар өз ойларын кестенің екінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мағынаны ажырату сатысы: Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің нұсқауы:
Оқушыларды топқа бөлеміз. Бұл - жанұя топтары. Жанұя топтары 1, 2, 3, 4 - ке саналып бөлінеді. Бірінші нөмірдегілердің барлығы бір топқа жиналады. Екінші нөмірдегілер екінші топқа жиналады. Келесі нөмірдегілер де осы тәртіппен жиналады. Бұл - жұмыс топтары.
Мақсаты: Әрбір нөмірдегі бала жұмыс тобынан өз жанұяларына жаңа ақпарат алып келу керек. Өз жанұясына келген соң бірінші нөмірлі бала өзінің не үйреніп келгенін айтады. Екінші нөмірлі бала жалғастырады, т. с. с. (мұғалімге ескерту: жұмыс тобына келген баланың жауапкершілігі жоғары екенін айтуды ұмытпау керек). Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Оқулықта берілген мәтіндер.
1 - топ. Өсімдік - тірі ағза
2 - топ. Тамыр
3 - топ. Сабақ
4 - топ. Жапырақ
Мәтінді жеке оқып, талқылап болған соң, өз жанұя топтарына келеді. Жанұя топтарында әрқайсысы өздерінің алған білімдерімен бөліседі.
Әр топтан бір спикер өздерінің алған білімдерінен қорытынды шығарып, айтып береді.
Өсімдіктер туралы слайд - шоу арқылы білімдерін толықтыру.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,

шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ой толғаныс сатысы: Кестенің үшінші бағанына сабақтың соңында балалар не үйренгендігін жазу.
Сабақтың басындағы жазған алғашқы білімдерімен салыстырамыз.
Сабақтың басында қойылған сұрақтарға қайта оралып, әр сұраққа тоқталамыз.
Ашық қалған сұрақтарға үйде жауап іздейміз.
Эссе жазу: «Мен өсімдікпін», «Мен сабақпын», «Мен жапырақпын», «Мен тамырмын» тақырыптарының біреуіне эссе жазады.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Урок на тему Өсімдік-тірі ағаза (2 класс)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
















Пәннің аты:

Уақыты:

Кабинеті:

Мұғалімі:

Сабақтың атауы

Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.

Мақсаты

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ақыл - ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс, 5 жол өлең әдісі, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

3. Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ - жауап арқылы).
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа жататындарды ата.
- Өлі табиғатқа жататындарды ата.
4. Үй тапсырмасын тізбектей сұрау.

(үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы қорытындылау).
5. Жаңа сабақты меңгерту.
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр - оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі - ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік "Жасыл ел " бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.

6. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым
Тамыр

Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

7. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

8. Дәптермен жұмыс.
Тамыр түрлері

Тік тамыр
Ұзын тамыр
Шашақ тамыр

9. Сергіту сәті:
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.

10. Топтық жұмыс.
1 - топ- Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы.
2 - топ - Өсімдік туралы әңгіме жазу.
3 -топ - Өсімдіктің суретін салу.
4-топ-Өсімдіктердің өнуі жайында жаз
11. Семантикалық карта.
Атаулар ------------ Өлі табиғат ---- Тірі табиғат
Аспан
Адам
Жер
Арыстан
Гүл
Жануар
Ай
Өсімдік
Дәрігер
Көл

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

12. " Бес жол өлең " құрастыру.
1. Не? Гүл.
2. Қандай? Әдемі, хош иісті.
3. Не істейді? Өседі, гүлдейді, қурайды.
4. Сөйлем. Гүл адамға қуаныш сыйлайды.
5. Мәндес сөз. Өсімдік.
13. Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан - жануарларды қорғап, аялайық.

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Урок на тему Өсімдік-тірі ағаза (2 класс)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022