М. Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сыныпМ.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сынып

Сабақтың тақырыбы:М.Жұмабаев «Бесік жыры »

Сабақтың мақсаты : Білімділігі : ақынның бесік тербеткен ана бейнесін суреттеуіне қарап , өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге , сезінуге мүмкіндік беру .

Дамытушылығы :бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру .

Тәрбиелігі : үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетуге , ананы құрметтеп , сүйіспеншілігін арттыра білуге тәрбиелеу .

Көрнекілігі : ақын портреті , суреттер , «Бесік тербетіп отырған ананың» суреті , тапсырмалар .

Сабақтың барысы :

1 . Ұйымдастыру кезеңі :

Психологиялық дайындық .

2 . Үй тапсырмасын тексеру .

Дүниеде не тәтті? Не жұмсақ ?

1 . Бұл сөзді сұраған кім ?

2 . Екі баланың қайсысының сөзі түйінді ?

3 . Өздерің бұл сұраққа қалай жауап берер едіңдер ?

( Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін мұғалім қорытындылайды )

Дұрыс айтасыңдар , балалар , адам баласына ең жақын - ана . Ананың сүйіспеншілігіне , мейіріміне жететін ештеңе жоқ .

Ендеше кітабымызды ашып , «Ең жақын адам» өлеңін мәнерлеп оқиық .

3 . Жаңа сабақ . «Бесік жыры» . М . Жұмабаев .

Авторға түсінік беру : М . Жұмабаев - қазақ халқының ұлы ақыны . Ол Солтүстік Қазақстан облысында 1893 - жылы дүниеге келген . Ақындық таланты ерте оянған .

«Ой шақыру» . «Бесік» дегенде көз алдарыңа не елестеді? Бесік туралы білесіңдер ме ?Бесіктің пайдасы немесе зияны барма ?

Өлеңді оқу , мазмұнын түсіндіру .« Ана бір қолымен бесікті тербетсе , екінші қолымен әлемді тербетеді» деген мақалдың мәнін ашу .

М.Жұмабаев «Бесік жыры» 2 сынып

4 . Дәптермен жұмыс .

1 . Өлеңнің үшінші шумағын көшіріп , тапсырмасын орындату .

5 . Сергіту сәті : «Бесік жыры» әні .

Ой қозғау .

Әдептілік

6 . Кітаппен жұмыс .

1 . Мәтіннен оқушылардың айтқан жауаптарын іздеп , салыстыру .

2 . Сұрақтарға жауап алу .

7 . Шығармашылық жұмыс .

«Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау .

Кесте бойынша салыстыр , сөйлет .

Сурет бойынша

Өлең бойынша

1 . Әдептілік , кішіпейілділік , үлкенді сыйлау , ана , ата - әжелерің туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер ?

8 . Үйге тапсырма : өлеңді жаттау

9 . Бағалау .

© 2010-2022