Планирование по математике на тему Орманға саяхат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

__''Балапан''_________________ тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Білімділік мақсаты : Балаларға орман туралы мағлұмат беру.Геометриялық пішіндер, ұқсас заттар білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты биіктігі бойынша салыстыру және жұмыс нәтижелерін жоғары, төмен, биіктіктері бірдей сөздерін қолданып белгілеуін үйретуді жалгастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Әдептіліке , ұқыптылыққа ,қамқорлыққа баулу.

Көрнекі құралдар: Слайд, орман көрінісі, түрлі-түсті бояулар, пазл.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету , түсіндіру, сұрақ-жауап.

Билингвистикалық кезең: орман - лес - forest

Сөздік жұмыс: пішін, түс, биік, аласа.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


«Шаттық» шеңбері

Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсіздер ме қонақтар!


Іздену-ұйымдастырушы





Балалар, қазір жылдың қай мезгілі ? Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай Балалар бүгінгі көктемнің керемет күнінде біз қызықты оқу іс-әрекет өтеміз

Балалардың қызығушылығын ояту. Балалардың назарын слайдқа аудару

Балалар суретке назарларын аударып, пішіндердің суреттерін көрсетіп түсіндіру, түстерін сұрау.

Балаларға текшелерді үстіне жіне жанына қою әдістерін көрсету.

Ғажайып сәт: Балалар бізге скайп аркылы Зере мен Төре хабарласып отыр, олай болса назар аударайық. Зере мен Төре балаларга орманның ластануын айтып көмек сұрайды, ал орманға тез жету үшін, тапсырмалар орындау керек екен: орман - лес - forest

Сергіту сәті: Саяхатқа барамыз

Дорбамызды аламыз

Бұл не, бұл не:

  1. "Ұқсас пішінді заттарды ата"

  2. "Қандай жануар және оның азығы не?"

  3. "Ойыншықтырды құрастыру"

Ал балалар біз орманға жеттік, олай болса жерде шашылып жаткан қағаздарды жинап алайық.

Дидактикалық ойын: "Биік-аласа" ағаштардың қайсысы биік, қайсысы аласа.

Топқа оралу: балалар осы қағазбен, ыдыстардан әдемі құмыра мен гүл жасауға болады.Қағазды гуашпен бояп, күннің екінші жартысында гүл құрастыруды үйренеміз. Жарайсыңдар!

Дидактикалық ойын: "Ойыншықтардың атын ата".

Балаларға жеке-жеке сұрақ қою арқылы, дұрыс жауап үшін сиқырлы қорапшаға дөңгелек пішінді салғызу.

Қорапшаны сиқырлап , алмамен балаларды марапаттау.




Рефлексивті

коррекциялаушы

Қимылды ойын: "Күн мен түн"

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Пішіндерді ажыратуды, ұқсас пішіндерді, затты үстіне жіне жанына қоюды.

Үйрену керек: Тапсырмаларды орындауды.

Меңгеруі керек: "аз, көп", "биік-аласа" сөздерінің мағынасын

Күні: 20.05.2015ж

Тәрбиеші: Бекжанова Ж.С


© 2010-2022