Тәрбие сағаты Талдықорған-менің қалам

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып табылады. Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатаудың батыс жағында орналасқан. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін аэропорт, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.


Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.

Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 82333 га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003), 1869 жылы Талдықорған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 ж. Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады.

Қаланың климаты континенттік, Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 350 - 400 мм. Оның басым болігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, медицина колледжі, Қ. Байсеитов атындағы музыкалық колледж, экономика-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін 25 мектеп жұмыс істейді.

1-оқушы. Тлеужанова Назеркенің шығармашылығы

Туған жерім Талдықорған кең далам

Баурайында қуанамын,толғанам.

Бақыттымын сенің тылсым күйіңе,

Өсіп жатыр арқа сүйер бір балаң.

Жер жанаты, жетісу- Талдықорған.

Осы өлкеде жеті өзен тоғысқан.

Әсем қалам туып өскен бұл менің.

Табиғаты неткен көркем жерімнің!

2-оқушы. Байдрахманов Мирастың шығармашылығы

Сүйікті қалам Талдықорған

Жапырағы жайқалған.

Таулы өлкем,туған жерім,

Бұлбұл құсы сайраған.

Талдықорған- атамекен,

Талдықорған-туған өлкем,

Сүйікті менің Отаным.

Сүйем сені Талдықорған,

Көгіңде еркін самғаймын.

Шыға берсін деп атағың,

Еңбегімді арнаймын.

3-оқушы Ерметаев Шыңғыс (Егінбаев Мұратхан)

Гүл жайнап өңі

Жасанып тұрған

Шаттанып елі

Салтанат құрған.

Тәж киген әсем

Шапағат нұрдан

Көрікті көркем - сән Талдықорған!

4-оқушы Бекен Темирлан

Жырлап өтем жырлайын елім жайлы,

Елі жайсаң Жетісу жерім жайлы.

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Жетісу жер жанаты дархан елім!

Жетісудың кіндігі Талдықорған

Жайқалып шаттығымен гүлге толған

Көріктеп бой көтерген күннен күнге

Қол бұлғап шақырады биік арман.

© 2010-2022