Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек. С. Шаумаханов

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4-сынып

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек. С.Шаумаханов

Сабақтың мақсаты:

1. Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашу арқылы балаларды дүниежүзілік мәселелер туралы сөзге тарту.

2. Дүниетану пәнімен байланыстыра оқушының жан жақты танымын кеңейтіп, білуге құштарлығын арттыру, дамыту.

3. Отан мен туған жер, табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінік беру.Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу, жазу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақ көрнекілігі:тақта, бор, қосымша материалдар, плакт, маркер,электрондық көрсетілім

Сабақ барысы:

Сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау.

Қ.М.Ә. «Бірінші рет балға ұстаған балаға» байланысты «Ата-анамның еңбегі зор» тақырыбында жазып келген шығармаларын тыңдап, бағалау , қорытындылау.

І. Қызығушылықты ояту.

Көнеден қалған мынадай сөз бар екен. Адам өз өмірінде 3 нәрсе жасау керек.Ол - үй салу, ағаш егу, бала тәрбиелеп өсіру.

Балалар, биылғы көктемдерің құтты болсын! Көктемнің белгілері не?

Әрине, құстың сайрауы, жасыл шөп, ағаштың бүршік жаруы, т.т.

  • Сендер көктемгі қандай еңбек түрін білесіңдер?

(Егін егу, жер жырту, жеміс егу, ағаш отырғызу).

  • Ал ағаш туралы не білесіңдер?

(Оқушылардың алдарында дайын кесте болу керек.)

Кестенің «Білемін» бөлігі толтырылады.

Кестенің «Білегім келеді» бөлімі бойынша балалар түрлі сұрақтар қоюы мүмкін.

Оқушылардың сұрақтары тақтаға жазылады.Сұрақтарды оқушылар жеке дайындайды.Сұрақтар оқылып, тақтадағы плакатқа жазылады.

  • Ағашты пайдалы екен деп кесе беруге бола ма?

  • Өз жерімізде қандай үлкен ормандар бар?

  • Ормандар кімнің меншігінде?

  • Ормандарды сатып алуға бола ма?

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


ІІ. Мағынаны тану.

«Мағынаны тану» кезеңі үшін мәтінді оқып талдау, қорытындылау.

Ағаш егу қай кезде басталады?

Көктемде ме, күзде ме?

Қыста ағаш егіле ме? Неліктен?

Олай болса, С.Шаумахановтың «Ағаш ек» мәтінін оқып көрейік.

1,2-бзацты оқып, мазмұнын түсіну.

«Үйрендім» бөліміне өздері үшін жаңа ақпарат болған деректерді толтыру тапсырылады.

Нәтиже оқылып, талданады.

Ағаштардың мәтінде айтылған 2,3,4,5,6-қасиетін білмегендері жазылады.

Әрі қарай оқып, мазмұнын сұрау, кестеге не жазылғанын сұрау, талдау.

  • Соңғы абзацты қалай атар едіңдер? «Киелі ағаш»

  • Мәтінде кездескен өсиет сөздерді оқу. «Көзіңді қалдыр- бұлақ көзің аша жүр,...»

ІІІ.Ойтолғау.

Ағаш роліне кіріп, «Ауладағы ағаш не деп сыбырлайды» тақырыбында мысал жазу.

Биылғы жылы көктемде ағаш егу жоспарын жазу.

Ағашты қорғау заңын құрастыру. (Парламентке арнап шығару, ұсыну).

Оқушылардың оқығандарын оқытып, тыңдау, қорытындылау.

Балалар , бүгінгі сабақта өздерің үшін қандай жаңалық болған жайттарды оқыдыңдар?

Кестенің «үйрендім» бөлімін толықтыру.

Қандай мақал-мәтелмен түйіндейсіңдер?

Үйге тапсырма:

«Ағаш егуге үлесімді қосамын» тақырыбында шығарма эссе жазу.

© 2010-2022