Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ғ Мүсірепов «Байжан құдығындағы байлық»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ғ Мүсірепов «Байжан құдығындағы байлық»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру. Ой белсенділігін,сауаттылығын дамыту. Білімділікке, сауаттылыққа, тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ғ Мүсірепов «Байжан құдығындағы байлық»

Дүниеге келгені:

1902 ж. наурыздың 22 (112 жас)
Қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауылы, Жамбыл ауданы,Солтүстік Қазақстан облысы

Қайтыс болғаны:

1985 ж. желтоқсанның 31
Алматы

Ұлты:

қазақ

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.

Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

Оқулықпен жұмысы

Мәтінді оқу,талдау.

Сұрақтарға жауап беру.

Сөздік жұмысы.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

1-топ

Көмірді қалай өндіреді?

2-топ

Көмірді алғашқы рет кім тауып еді?

3-топ

Көмір өндірісі туралы әңгімеле

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ғ Мүсірепов «Байжан құдығындағы байлық»Пәні: әдебиеттік оқу. Тақырыбы: Ғ Мүсірепов «Байжан құдығындағы байлық»

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022