Ашық сабақ Құлын мінген бала

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Құлын мінген балаБайқоныс жалпы орта білім беру мектебі










Тақырыбы: «Құлын мінген бала»

Бауыржан Момышұлы

















Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі:

Билялова Мадина Сарсекеевна




2014 оқу жылы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Құлын мінген бала» Бауыржан Момышұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақтың батыры туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау.

Дамытушылық: Сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, топтамалар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ерлікті паш ету. Сабақтың түрі: қайталау. Сабақтың әдісі: Сабақтың формасы: топпен жұмыс. Көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, далада күн сәулесі жарқырап, бізге сәулесін шашып тұр.

  • Ал, біз болсақ бір - бірімізге гүл сыйлау арқылы ізгі тілекті айтамыз. (сарғыш, ашық көк, сары, қызыл) (1,5 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (6 мин)

  • «Бейбітщілік, жеңіс, тыныштық» - деген сөздер кімдердің тілектері.

  • Жеңіс күніне қанша жыл толып отыр?

  • Өленің авторын ата. (Қайрат Жұмағалиев)

Батырлардың суреттері интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

ІІІ. Өткенді пысықтау. (2мин)

  • Жеңіс күні қай күні мерекеленеді?

  • Ұлы отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?

  • Біз бүгін сендермен төрт топқа бөлініп тапсырмаларды орындаймыз. Топ басшысын сайлаймыз.(1 мин)

1 - топ. «Балдырған» (сары түс)

2 - топ. «Ұлан» (ашық көк)

3 - топ. «Айгөлек» (сарғыш)

4 - топ. «Ботақан» (қызыл)

ІҮ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты ребус шешу арқылы табу.

(Құлын), (м)ысық, (ін), ше(ге), (н)ан, (бала).

Құлын мінген бала. (1,5)

  • Балалар, бүгін біз аты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының балалық шағымен таныса отырып, ол кісінің армандаған арманына қалай жеткеніне , өмір жолын оқып білеміз.

Оқушылар өтілетін тақырып бойынша Бауыржан Момышұлы туралы

INSERT әдісі: «Білемін», «Нені білдім?» «Білгім келеді», кестесінің бірінші бөлімін толтырады.

Бауыржан Момышұлы туралы презентация . (1 мин)

  1. Орындаушылық кезең.

  1. Мұғалімнің «Құлын мінген бала» мәтінін оқу.

  2. Оқушылардың оқуы.

  • Балалар, бұл мәтіді оқимыз. Жұппен және топпен талдаймыз.

Топтың өзі ішінара 1,2,3,4 - ке бөлінеді. «Джигсо» әдісімен. Сандары бірдей оқушылар бірге жиналып, мәтінді бір - біріне түсіндіреді.

  • Сергіту сәті -

Интербелсенді тақтамен жұмыс:

Бауыржан Момышұлының сүйікті жануары.

Төрт түліктің қалай шақырылуын білеміз бе?

Жылқы - құрау - құрау

Сиыр - Аухау - аухау

Түйе - көс - көс

Ешкі - шөре - шөре

  • Енді балалар,дәптерлерімізге ай - күнді жазамыз және Қ қ әрпін әдемі, көркем және үзбей жазып шығамыз.

1 - топ. Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді жазу.

2 - топ. Дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді жазу.

3 - топ. Жуан дауысты дыбыстарды тауып жаз.

4 - топ. Жіңішке дауысты дыбыстарды тауып жаз.

Тақтамен жұмыс. «Ағаштың алмасын терейік». (Әр алма жемісінің артында бір сөз жазылып тұарды. Сол сөзге сөйлем құрау.)

1 - топ. Алма: Бала

2 - топ. Алма: Отан

3 - топ: Алма: Көгершін

4 - топ: Алма. Астана

Ы

Д

Н

А

Л

Ы

Қ

О

БҮ. Қорытынды:

Н

А

ж

Б

Р

Ы

У

А

Л

Ы

Р

У

Б

Й

А

Т

Қ

Ұ

Л

Н

Ы

Н

Ұ

Р

В

О

Қ

Й

А

Ш


  1. Бауыржан Момышұлының үлгі тұтқан батыры.

  2. Аты аңызға айналған батыр.

  3. Құлынды қалай атады?

  4. Жылқының төлі.

  5. Мәтінің авторы.

ҮІ Бағалау.

Оқушылар бір - бірін смайликтер арқылы бағалайды.

ҮІІ Үй тапсырмасы:

  1. Мәтінді оқып, әңгімелеу.

  2. Сұрақтарға жауап.

  3. «Білгім келеді» кестесін толтыру.



© 2010-2022