Даналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Даналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақДаналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақСабақтың тақырыбы: Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова

Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру. Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже. Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу. Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау. Тұлғалық нәтиже. Өз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ даналары» кестесі; АКТ; даналардың портреті,

топтастыру, СТО, Венн диаграммасы. Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық: Дөңгелене тұрамыз Керегені құрамыз, Уықтар болып иіліп, Киіз үй құрамыз. I.Қызығушылықты ояту а/ Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.Тыңдап болғасын сұрақтарға жауап береді. Әбу Сәрсенбаевтың «Халық кегінің күйшісі» мәтінімен таныстыңдар. Үй жұмысын «Лездеме сұрақтар» арқылы тексеру -Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған? - Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған ? -Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай? -Қай жылдар өмір сүрген? - Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің? -Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді ? -Қазіргі кезде күйшілерден кімдерді білесіңдер? -Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?

- Автор туралы мәлімет ; керекті дерек Күй атасы - Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Алғашқы ұстазы Хан Базар күйшісі-Ұзақ. Есейе келе Құрманғазы домбырашылықты кәсіби өнерге айналдырады. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке, озбырлыққа қарсы күресте өтті.Құрманғазы өзінің ыза-кегін домбырадан төгілген күйлері арқылы суреттейді. Сондай күйлерінің біреуі - «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан». Бұл күйлерді тыңдап отырып, халықтың ерлігін, ат шабысының дүрсілді ырғағын естисің. Күйшінің «Аман бол шешем, аман бол», «Ертең кетем», «Қайран шешем» күйлерінің музыкалық тілі адамның сөйлеу тіліне өте жақын. Сонымен қатар әрі сазгер, әрі күйші Құрманғазы «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілікті, көңіл шаттығын, халықтың асқақ үнін жеткізе білген. Сергіту сәті: «Кірпілер» биін билеу. (Ведиоролик арқылы) 4. Жаңа сабақ: - Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар. ДАНА сөзінің синонимін атаңдаршы. -Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер? . II. Мағынаны тану Автор туралы мәлімет беру. Керек дерек.Даналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім. Мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы болған.Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған. 1984 жылы қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.

Оқулықпен жұмыс: Қазаққа Алла жазып дана берген?

Дананы үш - үштен ғып дара берген.

Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,

Деген бе тақ тұрсыншы таман елден.

  • Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді?
  • Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.
  • Назарларын кестеге аудару. Кімнің аты аталмай қалды. Толықтыр.
  • «Т» кестесін құру арқылы топтармен жұмыс ұйымдастыру.
Өлеңді оқып түсіндіру : Түртіп алу жүйесі + мен үшін жаңалық. ? мен үшін түсініксіз Ү мен білемін ? мен үшін жұмбақ. Сөздік жұмысы: Өлеңнен түсініксіз ұғымдарға талдау жүргізу. Назы көп - араздығы,реніші көп Кер көру - қиыншылық көру Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай - елді жаңалыққа бастаған деген мағынада Дәптермен жұмыс:

-Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты - жөнімен дәптеріңе

жазыңдар. - Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. -Өлеңде есімі аталған адамдар туралы не білесіңдер? Интербелсенді тақтаман жұмыс: «Қазақ даналары» кесте






ҮШ БИ

ЕЛ КӨШІН БАҒДАРЛАҒАН

НАРЛАР БЕС АРЫС ҮШ БӘЙТЕРЕК Төле би



Әйтеке би

Қазыбек би Шоқан Уалиханов



Ыбырай Алтынсарин

Абай Құнанбаев Ахмет Байтұрсынов

Міржақып Дулатов

Жүсіпбек Аймауытов

Шәкәрім Құдайбердиев

Мағжан Жұмабаев
Ілияс Жансүгіров



Сәкен Сейфуллин

Бейімбет Майлин


Өлеңді мәнерлеп оқып беру. -Өлеңнің алғашқы үш жолын оқып соған жауап бер. 3 саны туралы не айта аласың? (тақ сан, есептік сан есім, киелі сан ...) -Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың? Керек дерек: Үш қуат: 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3.Тіл. Үш жүз: 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз. Үш адамның ниеті бұзық: 1.Өтірік айту. 2.Сөзінде тұрмау. 3.Аманатқа қиянат жасау. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет: 1.Ақыл. 2.Ұят. 3.Сабыр. Үш нәрсе аз болса да, көп болады: 1.Қайыр - садақа. 2.Сауап. 3.Дұға. Үш жұрт: 1.өз жұртың - күншіл. 2.қайын жұртың - міншіл. 3.нағашы жұртың - сыншыл. Сергіту сәті: Көңілді күн. (ведиоролик) Ойтолғаныс: -Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді? R А Ф Т әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.

R - рөлі (Төле би) А - аудиториясы (өзі) Ф - формасы (хат) Т - тақырыбы (өсиет) Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ:

БИЛЕР АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАР Даналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақДаналарым Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Рефлексия:

- Сабақтан алған әсерлерің қандай?

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, смайликтің

астына жабыстырады.

Дана сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

-Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

-Қандай сезімде болдыңдар ?

-Кімнің жауаптары ұнады ? - Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Бүгінгі сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? Үйге тапсырма беру:

ДАНАЛАР жайында мәліметтер біліп келу.(Өмір сүру кезеңдері мен еңбек-

теріне байланысты қосымша мәлімет беру)

Өлеңде есімі кездескен адамдар туралы мағлұмат жинау. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айту тапсырылады. Бағалау:Парақшалар арқылы бағалау.



© 2010-2022