Баланың бас ұстазы ата анасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Талдықорған қаласыБаланың бас ұстазы ата анасы

Ш.Уәлиханов атындағы №10

орта мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Терезенова Бекзат Ордабекқызының

1сынып ата-аналарымен топтық жұмыс арқылы

өткізілген жиналысының жоспары


Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата анасы»

Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, презентация, видео ролик т.б.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», тест, топтық жұмыс

Жиналыс барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Танысу

Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату

Парақшаларға аты-жөні, жұмыс орны, мекен-жайы (телефон), қанша баланың анасы (әкесі) екенін жазып, танысу.

2. Кіріспе:

1. Жиналыс тақырыбы мен мақсатын айту
Кіріспе сөз.

Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы - дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұрса, ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырса. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

3. Баяндама.

Баланың басты ұстазы ата-анасы

Тыңдайды, талқылайды

4. Әлем өзгеруде

Білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталу

Талқылау

5. Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

Топтық жұмыс Топ ережесімен таныстыру.

Ата-анамен жаңаша жұмыс түрлері.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.
1 - топ Әкелер тобы «Бала тәрбиесіндегі әке рөлі» кластер құру

2 - топ Аналар тобы «Бала тәрбиесіндегі ана рөлі» жазу

3 - топ Балалар тобы «Мінсіз бала» «БАЛА» КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек. (Әр топтың бір мүшесі өз постерлерін қорғайды)
4 - топ Ұстаздар тобы. «Ұстазбен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек?»

Ата-аналар топ ережесімен танысады, бірлесе жұмыс атқарады.

Жасаған жұмыстарын қорғайды, пікір алмасады

6. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест. Олар балалармен қарым - қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет. - Мен саған қанша рет айтамын? - Маған кеңес бере қойшы, айналайын! - Мен сенсіз не істер едім?! - Бұл не тағы? - Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? - Кімге тартқан бәлесің өзің? - Мен сендей кезімде.. - Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! - Сенің жаныңдағы қандай достар осы? - Сен не ойлап отырсың? - Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… - Ақылдымсың ғой сен менің! Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді

Жауаптары: 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ.

11 - 12балл - Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру.

13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз.

7. Психологиялық - педагогикалық 14 кеңес Кеңестермен таныстыру

Өз ойларын ортаға салады

8. Сауалнама Бала тәрбиесіне қатысты сауалнама аламын

Берілген сауалнама парақшаларын толтырады.

9. Әр түрлі мәселелер Мектеп ережесі, балалардың сабаққа деген ынтасы, ыстық тамақпен қамтамассыз ету т.б.

Ата-аналармен пікір алмасу

10. Кері байланыс Топқа бөлгендегі геометриялық фигураларға ұсыныс, тілек пікірлерін жазу ұсынылады

Екі жұлдыз, бір тілек Қорытынды бөлім: Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.
Баланың бас ұстазы ата анасыБаланың бас ұстазы ата анасы




Баланың бас ұстазы ата анасыБаланың бас ұстазы ата анасы

© 2010-2022