Сабақ: Анам және мен

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кумисбаева Гулсара Сапархановна

Қарағанды қаласы №6 ЖББОМ

Тақырыбы: « Анам және мен» сайысы.

Мақсаты: 1. Өзін - өзі таныстыра білуге, сұраққа толық жауап беруге, өлеңдерді мәнерлеп оқуға, ою - өрнектердің түрлерін айыра білуге үйрету.

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін , тілін дамыту. Мектеп пен ата - аналардың байланымын нығайту.

3.Әдептілікке , сыпайылылыққа , әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер жазылған сөздер, үлестірмелі қиындылар.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

Әуезі ән, жаны раушан, күй жүрегі,

Шел басқаг сезімді де идіреді.

Келгенде арулардың мерекесі,

Гүл майысып, аспанымда күн кереді.

- демекші Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне толтырып, әйел - аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз да ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді шуақты , құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық , отбасыларыңызға амандық тілей отырып сіздерге арналған «Анам және мен» деп аталатын мерекелік сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Ендеше ортаға аналарды ару қызларымен шақырайық.

  • Дилназ анасы Индирамен

  • Айзере анасы Араймен

  • Ақерке анасы Мақпалмен

  • Айнура анасы Эленорамен

Бұл сайыс 6 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру

  2. «Қолөнер - зор өнер» сайысы

  3. «Кім көп біледі?»

  4. «Құпия сөз» ойыны

  5. «Қолаң қара шашы бар жібек талды...»

  6. «Даланың дарқан дастарқаны»

САЙЫСЫМЫЗДЫ БАСТАМАС БҰРЫН ӘДІЛ - ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫМЕН ТАНЫСТЫРЫП ӨТЕЙІН

Әркімнің де өмірден аласы бар ,

Аласы бар адамның анасы бар,

Мерекесін құттықтап аналардың

Би жолдайтын аналардың баласы бар.

Би: «Қара жорға»

1 кезең. «Таныстыру»

Сайысқа келіп жетті танысуға

Сыпырды тамақ асын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппен, ізетпенен танысуға

(Әрқайсысы өзлерін таныстырады.)

Ұпай сандарын көрсетіп жіберсеңіздер.

2 кезең. «Қолөнер - зор өнер»

Шеберлерім өнер тамып қолынан

Жанылмаған ата - баба жолынан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан - деп кезекті ою оюға береміз.

(осы аралықта балаларды өз өнерлерін көрсетіп жатады)

Ұпай сандары

3 кезең. «Кім көп біледі?» әр ана карточка таңдайды. Ондағы 2 сұраққа жауап береді, әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. (Көмектесуге болмайды.)

Ұпай сандарын сұрау.

4 кезең «Құпия сөз» ойыны

Аналары сыртқа шығып тұрады. Балаларынан қандай тамақты ұнататындығы сұралады. Аналарын кіргізіп, балалары қандай тамақты ұнататындығын сұраймыз. Дәл тапса , жоғары ұпай беріледі.

Ұпайларыңыз.

5 кезең

«Қолаң қара шашы бар жібек талды...»

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Камшат бөрік , ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? - деп Абай атамыз айтқандай әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі - шаш деп есептеген, олай болса кезекті шаш өру үлгісіне берейік.

Тақпақтар айтқызу.

Ұпайларыңыз.

6 кезең Қазақтың өжет қыздарының бірі атақты Біржан салға

Жақсының жейтін асы - жая мен жал.

Шығады шын қырсықтан нақ сендей сал,

Дәмнен үлкен дүниеде еш нәрсе жоқ,

Ас көрсең кекіреймей ерніңді мал дегендей астан үлкен дүниеде еш нәрсе жоқ екенін ескере отырып, келесі кезекті аналарымыздың үйден дайындап акелген ас мәзіріне берейік.

Ұпай сандарыңыз

Жалпы ұпайды есептегенше , «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Келді міне сынауға

Сын алып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға - деп әділқазыға сөз береміз.

Марапаттау рәсімі.

Той тойлап дала мен қалаларым

Мерекең құтты болсын аналарым.

Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтап жатыр міне балаларың.

Балалардың аналарына жасаған сыйлықтарын табыстау.

Мерекелік кешіміз осымен аяқталды. Келіп көргендеріңіз үшін рахмет.

Бағалау.

Аналардың аты-жөні

1 кезең

2 кезең

3 кезең

4 кезең

5 кезең

6 кезең

Жалпы ұпайы

орын

1


2


3


4


5



© 2010-2022