Ашық тәрбие сағаты Жол ережесі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесіАшық тәрбие сағаты Жол ережесіАшық тәрбие сағаты Жол ережесіАшық тәрбие сағаты Жол ережесіАшық тәрбие сағаты Жол ережесіСабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.

3.Оқушыларды сақ болуға ,көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап .

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне арналған суреттер , слайд.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру.

Мұғалім: - Балалар бүгінгі сабағымызда біз жолда жүру ережесі туралы білетінімізді ортаға саламыз.

-Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды. Балалар : -Үлгілі, тәртіпті бала. Мұғалім: - Ал енді «Жолда жүру ережесі» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Кіріспе ; Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

КЖТжаяу жүргінші тротуар

жол белгілер

машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар

Бағдаршам -өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп тілін алуға міндеттіміз. Бағдаршам - жол элементтерінің ішінде ең ерте қолданыла бастағаны. Оның кескін - келбеті де, құрлысы да бірнеше кезек өзгертілді. Ол жол өозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Хормен: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға . Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін , жасқанба.

-------------- Шуақты өміріміз күндей күліп Жүрекке бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жолда жүру ережесін білмей тұрып

-------------- Арманға алға күткен асығармыз, Біз қалай толқын атпай жол бастармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

---------------- Ей балалар ,балалар Тәрбие сағатын біз бастайық. Тапсырманы қиналмай, Лезде шешіп тастайық.

Жолда жүру ережесін Білгеніңде бес саусақтай Сонда ғана жүре аласың Сен өзіңді сау сақтап.

Жаяу жүргіншіге арналған жадынама.

  1. Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл қарсы келе жатқан адамға бөгет жасамайтын болады.

  2. Жол өткелін жүгіріп өтуге болмайды. Өйткені жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады.

  3. Аялдамаға келіп тоқтаған көліктің алдынан да , артынан да өтуге болмайды. Көлік өтіп кеткеннен соң немесе жол өткелі болса , содан өту керек.

Көрніс.

-------------- Ал қанеки үйренейік , біз де жүру тәртібін, Ережені жақсы білер бар кімің. Кім айтады , жол белгісі неше түрден тұрады. Өздеріңе қойылатын алғашқы сұрағым.

Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесіТұрамын көшенің қиылысын тұрақтап Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан. Белгілі жолдардың ,төрт топтан тұрады. Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесіЕскерту белгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған. Аман-сау жүреді жаяу да ,көлік те. Мен берген белгіні сақтаған қолдаған.

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Ашық тәрбие сағаты Жол ережесіТыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақты.

Нұсқау белгісі: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым

Міндеттеу белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

-------------Жол жүру тәртібін Ережесін білеміз. Сақтағанда қатерден Сау-саламат жүреміз.

----------------- Тәртіп бұзсақ абайсыз Жағдай туар қолайсыз, МАИ қызметкерлерінен Сан кешірім сұраймыз.

Мұғалім: Жолда жүру ережесіне қатысты тақтадағы жұмбақтарды шешеміз.

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4) . Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек.

Ойын шарты

1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде
балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын
қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында
қозғалмай тұрып қалады.

Қорытынды:

-Ал , балалар,біз бүгін сабақта не үйрендік, немен таныстық?

-Жолда жүру ережесімен .

-Бағдаршамның тілін аламыз ба?

-Тілін алуымыз керек.

Балалар сендерге қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі.

-14 жастан бастап.



© 2010-2022