Қазақ тілі тест 2 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Зат есім -

А) Заттың іс - қимылын, әрекетін білдіретін сөздер ә) Заттың сынын білдіретін сөздер б) Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

в) Заттың атын білдіретін сөздер

2. Зат есімдер сұрағы

а) Кім? Кімдер? Не? Нелер? ә) қанша? Неше? Нешінші?

б) Не істеді? Қайтті? в) Қандай? Қай?

3. Жалқы есім

а) Кісінің аты - жөні, жер - су аттары, жан - жануарға қойылған атаулар ә) Жалқы есімдерден басқа жалпы есімдер б) Адамдардың және аң - құс атаулары в) Оқу құралдарының атаулары

4. Зат есімнің көпше түрі жалғаулары

А) лар, лер, дар, дер, тар, тер ә) мен, бен, пен б) да, де, та, те, на, не в) дың, дің, тың, тің

5. Жалқы есім бар сөйлемді тап:

а) Жабайы аңдар орман, тоғайда болады

ә) Атам мен әжем кеше қалаға кетті.

Б) Кеше Таразда қатты дауыл болып, ағаштар құлады.

В) Балалар оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауы керек.

6. Жалпы есімдер бар сөйлемді тап:

а) Балалар еңбек сабағына қайшы, желім, түсті қағаз алып келді.

ә) Әттең, қанатым болса алысқа самғап кетер ме едім.

б) Астана, Алматы қалалары жылдан - жылға көркейіп келеді.

в) Арнұр мен Жаннұр егіз туылған.

7. Зат есімнің жекеше түрінің сұрақтары

а) Кім? Кімдер? Не? Нелер? ә) Кім? Не? б) Қандай? Қай? в) Қанша? Неше? Нешінші?

8. Жалқы есімнің астын бір, жалпы есімнің астын екі сыз:

Дала, бала, Ермек, Алатау, Жарқын, төбе, көкек, аң, Сарыарқа, жаз 9. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жаз:

10. Мына сөздердегі ұяң дауыссыз дыбыстардың астын сыз:

Кемеңгер, тамаша, жайлау, Қарағанды, Шонжы, дәреже

11. Дұрыс тасымалданған сөзді тап:

а) ө - шіргіш ә) өш - іргіш б) өшір - гіш в) өшірг - іш

12. Дұрыс жазылған сөзді тап:

а) құрлысшы ә) құрылсшы б) құрылысшы в) құрысшшы

13. Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

а) үтір, сызықша, қос нүкте ә) леп белгі, нүкте, сұрау белгісі

б) нүкте, сызықша, үтір в) қос нүкте, сұрау белгісі, нүкте

14. Ұяң дауыссыз дыбыстарды жаз:

15. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөздер:

а) шаттық, таста, қарт, шөп ә) шелек, көбелек, терек, шыны

б) мақал, шөбере, кереге, тозаң в) қара, тары, тамақ, дәптер

16. Бірыңғай жуан дауысты дыбысы бар сөздер:

а) көгер, жем, нәзік ә) Әдемі, арай, апорт, көже

б) ата, ана, ара, орақ, тоғыз в) әжем, апа, аға, су

17. Жалпы есім деп

а) Жер - су, адам, жануарларға қойылған аттарды айтамыз

ә) Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді айтамыз

б) заттың атын білдіретін сөздерді айтамыз

в) Зат есімнің жекеше және көпше түрін айтамыз

18. Бір буынды сөздер қатары:

А) кеме, кер, дыбыс, дос ә) ант, айт, қант, су, сай, көл

Б) тарақ, рас, қала, бал в) әтеш, әке, ана, апа

19. Заттың іс - әрекетін білдіретін сөздер қатары:

а) тары, тамақ, қол, айна ә) жеді, көрді, жылады, құлады, үрді

б) бес, он, тоғыз, жиырма в) көк, жасыл, қызыл, ақ

20. Заттың санын білдіретін сөздер қатары:

а) ұлыды, мөңіреді, күлді, мияулады ә) бала, жаз, ара, мал, қора

б) ащы, тұщы, дәмді, асау в) жиырма бес, отыз, қырық

© 2010-2022