3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Кеңес Одағының батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Ажар Кеңесқызының қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары



Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:1/Сан есімді қайталап, алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтап, іс жүзінде қолдана білу дағдыларын жетілдіру. 2/Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдаларын жетілдіру. 3/Білімге, құштарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, аралас сабақ.

Сабақтың типі: білімді пысықтау, қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, өзін-өзі тану пәндерімен б-ты.

Сабақта қолданылатын ЖПТ, әдістер мен тәсілдер:Интерактивті технология; СТО әдістері: Топтастыру стратегиясы,Венн диаграммасы, Сәйкестендіру стратегиясы; сұрақ-жауап,талдау әдістері.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақтада слайд-суреттер мен сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1/Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 2/Кіріспе:-Құрметті оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбаев өздерің сияқты мектеп оқушыларымен кездесу барысында «Сабақтан қалмай,сапалы да саналы білім алу керек» деген екен. Сендер бұл сөзімен келісесіңдер ме? Адам не үшін оқу оқып, білім алу керек? 2-слайд 3/ «Шаттық шеңбері»: 3-слайд-Күн нұрымен ерте тұрамыз,

Мектепке күнде барамыз.

Жақсы оқып сабақты,

Білімге білім қосамыз.

Қазақ тілі сабағына

Белсенді қатысамыз.

Бәрін дұрыс орындап,

5 пен 4-ті аламыз!

ІІ. Өткенді қайталап, үй жұмысын тексеру:4-5-слайдтар

1/ Сан есім жайлы білімдерін тексеру: -Сан есім дегеніміз не? - Сан есімнің қандай түрлері бар? -Реттік сан есім қалай жасалынады?

2/ 5-жаттығу :Сан есімдерді сөз құрамына талдау.Сан есім мен зат есім тіркестеріне сөйлем құрастырып жазу. Он алтыншы вагон, отыз бесінші автобус, бесінші ай, екінші жүлде.

ІІІ.Жаңа сабақ

*Дәптермен жұмыс: 6-слайд 1/Дәптерге күнді жазғызып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2/Көркем жазу сәтін өткізу: Жж, жиырма, жиырмасыншы

*Топтастыру стратегиясы:7-слайд Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға топтастырып жаз. Қалағануш-төрт сан есіммен сөйлем құрастыр.

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыЕсептік сан есім Реттік сан есім

*Өлеңмен жұмыс: 8-слайд 5-жаттығу: -Өлеңді мәнерлеп оқы.

-Сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырат.

«Мен - баласы даланың»

Бес жасында ат жалында ойнаған,

Ақ шабақша Ертіс суын бойлаған,

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,

Мен-баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

*Сергіту сәті:9-слайд 1, 2 , 3 - бойға жина күш!

4, 5, 6 - суға барып малты!

*Сәйкестендіру стратегиясы:10-слайд Сан есімдерге тиісті қосымшаны қос

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыЕкі -ыншы

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыТоғыз -інші

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыУш -ншы

Алты -нші

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыЖиырма бір -ыншы

Он -інші

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыТоқсан бес -ыншы

Алпыс -інші

*Қосымша мәлімет: 11-слайд Саны бар атаулармен танысу:

1қазан, тем2, к3ік, 4тік, дер5, 6бақан, 8көз, 9құмалақ.

Сабақты бекіту:Венн диаграммасы арқылы сан есім жайлы оқушылардың білімдерін жинақтап бекіту

3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары3-сыныпқа арналған «Сан есім» атты қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарыЕСЕПТІК РЕТТІК

Сабақтың қорытындысы:1/Рефлексия:-Сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер? Қазақ тілі өте бай тіл. Қазақ тілі сандармен байланысты.Саны бар атаулар өте көп. Қазақтарда қандай сандар қасиетті болып саналады? /3,4,5,7 сандарымен байланысты ұғымдар/

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық. Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

2/Үйге тапсырма беру: 73-бет 4- жаттығу

-Жұмбақтарды көшіріп жазу, шешуін табу. -Сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазу.

-Ережелерді қайталау

3/Оқушыларды бағалау

4/ «Жүректен - жүрекке» шеңбері бойынша оқушылар бір-біріне сан есімдермен байланысты тілектер айтып, сабақ аяқталады.

1/Ер бір рет өледі. Қорқақ мың рет өледі. / Ел қорғайтын батыр бол/

2/ Бір көрген -біліс, Екі көрген-таныс./Келесі кездескенде сәлеміміз түзу болсын/

3/Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

4/Жігітке жеті өнер де аз. /Өнерлі бол/

5/Жеті рет өлшеп, бір рет кес. /Не істесең де ойланып істе/

6/Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт бол.

7/Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар. /Жалықпай еңбек ет/

8/Бір тал кессең, мың тал егіп, табиғаттың қамқоршысы бол.

9/Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар./Сондықтан қысқа да нұсқа сөйлей біл/

10/Бірінші байлық-денсаулық. /Денің әрқашанда сау болсын/

11/Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бол, өз қатарыңның алды бол.

12/Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

13/Өтіріктің түбі-бір тұтам./Сондықтан әрқашанда шыншыл бол/

14/Елу жылда-ел жаңа./Еліміз әрқашанда көркейе берсін/

© 2010-2022