Оқушыларға сапалы білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Ақши орта мектебі










Баяндама

Тақырыбы: Оқушыларға сапалы білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігі







Бастауыш сынып мұғалімі: Д.Б.Айтқұлова







2011 - 2012 оқу жылы


Оқушыларға сапалы білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігі


ХХ ғасырдың басында - ақ ақын Мағжан Жұмабаев «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы - ол мұғалім» деп атап көрсеткен болатын. Бұл сөз бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекет жағдайында да өз мәнін, өз қадірін жойған жоқ. Қайта ұстаздар қауымының мемлекет алдында жауапкершілігі бұрынғыдан да жоғары қойылып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Елдің ертеңін ойлауымыз қажет, ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бастауымыз керек» деп айтылған. Осы сөз біздің ұстанатын өмірлік темірқазық қағидамыз болу қажет. ҚР «Білім туралы» заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін демократияландыру баса айтылған. «Дамыта оқыту технологияларын» сабақ үрдісінде қолдану барысын сөз етуде, ең алдымен даму ұғымына тоқталайын. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да бөлек үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеге дәлелдеп береді. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орынын анықұтаған көрнекті психолог - Л.С.Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
  2. Бала дамуының қол жететін аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Л.С.Выготскидің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын нақтылау мақсатында зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс - тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады. Білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірлесе құрастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқанда» дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен , өзгешеліктерімен айқындалады.
  • оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
  • мақсаттағы айырмашылықтар;
  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
  • әдіс - тәсілдердегі ерекшеліктер;
  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
  • мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
  • мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым - қатынастар.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс - әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай - ақ ақыл, ерік - жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Тұтас алғанда барлық авторлардың «Даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі» дегенге тоқталады. Еліміз егемендігін алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде дамыта оқыту жүйесі алынып отыр. Мысалы: бірінші сыныптардың оқулықтары, жұмыс дәптерлері дамыта оқыту жүйесі арқылы жасалынған оқулықтар. Осы оқулықтардағы балаға берген тапсырмалары баланың ойлау қабілетін дамыта отырып атқарылатын жұмыстар. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білемін. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекшеліктер мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту баланың көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқыту. Бұл жүйенің басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру. Жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашылыққа қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп ойлаймын. Мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығадлы. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергенін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Мысалы: интерактивті тақтамен электронды оқулаықтар арқылы жұмыстар жүргізіледі. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып балада білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ үш бөліктен тұратын болады:
  1. Оқу мақсаттарының құойылуы;
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіру, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Мұғалім осы міндеттерін дұрыс орындаса баланың сабақты игеруі жеңілдей түседі. Мысалы: 1 - сыныпта «А» әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, пішіні қандай екенін сұрағанна көрі, алма туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланың ойын дамыту үшін тиімділігі зор. Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жүргізу оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұту. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін тапсырма беру. Сол арқылы ол да өз ойын мүмкіндік дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның да қателесуі, жаңылысуы мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілетін көмек, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп ойлаймын. Мысалы: математика, әліппе сабағында «Бағдаршам» ойынын пайдаланып: Қызыл түсті - өте жақсы оқушыларға; Жасыл түсті - орта деңгейдегі білетін оқушыларға; Сары түсті - төмен деңгейдегі оқушыларға таратып беремін. Бірақ оқушылар «жаман», «жақсы» оқушыларға бөлінгенін сезбеу керек. Оқушылар тарапынан олар «Бағдаршам» ойыны деп есептейді. Сонда күрделі тапсырманы қызыл көздерге, жай тапсырмаларды жасыл көздерге, жеңіл тапсырмаларды сары көздерге тапсырамын. Математика пәнінен математикалық диктант алып отырамын. Логикалық тапсырмалар орындатып отырамын.
  1. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 минут қажет. 10 жұмыртқаны пісіру үшін неше минут қажет?
  2. Тауық бір аяғымен тұрса 5 кг, екі аяғымен тұрса неше киллограмм тартады?
Үлестірмелік карточкалармен жұмыс. 3 сынып математика оқулығын талдау барысында көптеген жаттығулар дамыта оқыту әдісін қолдануға мүмкіндік туғызатынын байқауға болады. Мысалы: көбейтудің мәнін қосу арқылы табу, өзара кер есептерді салыстыру арқылы кер есептер құрастыру тақырыптарын қамтитын тапсырмалар мен жаттығуларды шешуде дамыта оқыту әдісін қолдануға болады. Көбіне 3 сынып оқушыларына кері есептер шығарту барысында олардың іскерлік, шеберлік, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға болады. Қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында оқушылардың ой өрісін дамытумен бірге сөздік қорын байыту, тілін дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты ойындар бұл сабақтарда белгілі бір орын алады. «Дыбыс таңдау» ойыны арқылы әр сөздің басқы дыбыстары бірдей дыбыстан басталатын сөз тіркестерімен сөйлем құрату. Мысалы: Талғат таңертең тұрып, тауға тартты. Бақыт бүгін бақшаға барды. «Қызық сөздік» ойынында оңынан да, солынан да оқысақ бір сөз: қазақ, қалақ, қабақ, ара, нан, кесек және т.б. «Сөз құра», «Сен аяқта», «Өз орныңды тап», «Жоғалған буын» т.б. ойын түрлері қолданылады. Бұл ойындардың барлығының мақсаты бір, оқушының ой өрісін дамыту, кеңейту. Қорыта айтқанда дамыта оқыту технологиясын сабақта пайдалану - өмір талабы. Сондықтан да сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым - қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңыз береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады. Дамыта оқыту технологиясының тиімді жақтары:
  1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.
  2. Оқушының жеке қабілеті анықталады.
  3. Бір - бірінен қалып қалмауға талпыланады.
  4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
  5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
Ойымды Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзімен аяқтағым келеді. «Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы». Ұсыныс: Әр бастауыш сынып мұғаліміне өз іс - тәжірибесінде дамыта оқыту технологиясын басшылыққа алу. Дамыта оқыту технологиясы негізінде құрастырылған сабақтарды өткізу арқылы іс - тәжірибе алмасуды жетілдіру.
© 2010-2022