Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Уақыты: 17. 10. 2012.

Сынып: 4

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз.( « Сырым шешен », « Балаби мен Сырым »)

Сабақтың мақсаты:

  1. Тарау тақырыбының мағынасын ашуға, шешендік сөзді ауыз әдебиетінің түрі ретінде еске түсіре отырып, асыл сөздерге мән беруге, маңызын, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

  2. Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктерінің кеңеюіне, сөздің құбылмалы ішкі мазмұнындағы ерекшеліктерді байқауға жағдай туғызу. Тосын мәселе тапсырмасы арқылы балаларды кез - келген қиындықтан шыға білуге баулу.

  3. Сөз және оның мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, бейнелілік арқылы, ойды көркемдеу үлгілерін байқату арқылы әсемдікке, әділеттілік пен жақсы қасиеттерді оқушының таңдау таразысына салу, салыстыру, бағалау мүмкіндігін беру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, маркер, плакат, топтау сызбасы, шығармашылық жұмысқа арналған проблемалы тапсырма.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.



  • Балалар, күнделікті өмірде біз өз ойымызды сөз арқылы жеткіземіз. Ал сөздер қандай болады?

( Интерактивті немесе жай тақтаға топтау сызбасы түсіріледі. )

Сөздің қандай болатынын оқушылар біле бермеуі мүмкін. Топтаудағы сөздердің барлығын айту міндетті емес. Дегенмен, оқушының сөз туралы барлық айтқандары тізбеге түсуі керек.

  • Балалар, өздерің айтқандай , тіліміздегі сөздер әртүрлі. Ал егер сөздерді асыл десек, ол өте жақсы, адамға жағымды мағынада айтылады. Біз бүгін сендермен « Арналы бұлақ - асыл сөз » деген тарауды бастаймыз.

шешендік

күлдіретін

өткір

қанатты

Жылататын

сөз

асыл

жаман

өлмейтін

қасиетті

Ақылды

көп

Түзу

қисық

Сүйектен өтетін

ұмытылмайтын

Бұл тарауда қазақ халқының ертедегі ата - бабаларымыздан бүгінгі күнге дейін жеткен асыл сөздерін оқып танысамыз.

Мынандай бір мәселе болып тұр. Мұқият тыңдаймыз.

« Дастан мен Асан » өзен жағасында кітап оқып отыр еді. Дастан кітапты жағадағы тас үстіне қоя бергенде, кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.

  • Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің, - деп ашуланды Асан.

  • « Кітапты алмай - ақ қояйық » дегенімде сен болмап едің, енлеше сен кінәлісің , - деді Дастан ренжіп.

Осы дауды қалай шешер едіңдер?

Қалпақ үшін сайыс ұйымдастырылады. Шарты:

  1. Қалпақ қалдық заттардан жасалуы керек. Яғни, қымбат мата, материалдардан жасауға болмайды.

  2. Қалпақ маңдайына бидің аты жазылады. Мысалы, « Асан би » .

Оқушылардың төрелігін тыңдау. « Мен бұл дауды былай шешер едім ...» деп бастап, ойын жеткізу.

- Балалар, өте белсенді жауаптарың мен қызықты ойларыңа рақмет!

Дегенмен, дауды шешу оңай болды ма? Ойды қорытындылау.оқушылардың дауысқа салуымен әділ шешім иесіне қалпақ кигізу рәсімін жасау.


  1. Мағынаны тану.

- Ал он үш жастағы Балаби шешеннің осындай даулы мәселені қалай шешкені сендерді қызықтыра ма?Онда шешендік сөзді:

( 1 ) іштей оқимыз;

( 2 ) мазмұнын түсініп, әңгімелеуге дайындаламыз.

- Бала бидің алдына келген дау оңай болды ма? Әрине, мәтіннің мазмұнын білмесе, бала сұраққа жауап бере алмайды. Әрі баланың оқиғаға байланысты көзқарасы, ойы айтылады.

- Бала бидің шешіміне сенің көзқарасың қандай? Мүмкін, сен осы даудың шешуін басқаша айтатын шығарсың? ( Бұл жерде оқушының ойлау қабілетіне, мүмкіндігіне байланысты жауаптар тыңдалады ).

- Ертеде шешен, ақылды адамдар көп болған. Тағы бір қызық сөз асылын оқығыларың келсе, « Балаби мен Сырым » сөзін оқимыз.

- Сендер отбасында неше ағайындысыңдар? - деп сұрасам, қалай жауап берер едіңдер? 1, 2 оқушыны тыңдап көру.

- Ал Сырым шешеннің қалай айтқанын оқып көрелік.

А) Шешендік сөзді түсініп, іштей оқу.

Ә) Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.

- Енді өз жауабың мен Сырымның жауабын салыстырыңдар.

Б) Мәтінді оқығанда « Шешеннің мына айтқанын түсінбедім...» деген оқушы ойы да тыңдалуы керек. Себебі, кейбір оқушыға көмек керек болуы мүмкін. Ол жағдайда менің айтқанымнан гөрі, сыныптағы оқушылардың пікірі пайдалы.

- Сырымның ең қымбат көретіні кім екен?

- Сөз анасы - неге құлақ?

- Ақылды деп қандай адамды айту керек деген екен?

- Адам үшін не тәтті дейді Сырым?

- Осы екі мәтінді оқығанда не нәрсеге таңдандыңдар?

- Асыл сөздерді айтқан адамға қандай мадақ айтар едіңдер?

- Қандай адамдар шешен бола алады деп ойлайсыңдар? ( Шешендік сөздер туралы үшінші сыныпта оқығандарын еске түсіру.) Қазақтың шешен, билері мен даналарын атап өту.

III. Ойтолғау.

- Бала би мен Сырымның шешендік сөздерінен кейін сабақтың басында төрелік айтқан кітап мәселесіндегі шешімдеріңді өзгертер ме едіңдер? Мүмкін кітаптың ағып кетуіне үшінші біреу кінәлі шығар? ( Оқушыларға ойлануға мұрсат беру. Егер үшінші біреу - жел немесе тас кінәлі болса, екі бала ренжіспей қайтар ма еді... Даудың мұндай шешімі оқушыларды кешірімді бола білу керек деген идеяға әкелер еді. Бірақ балаға мұндай шешімді еркінен тыс тануға болмайтынын білуіміз керек. Дегенмен, осындай ойдың шығуына негіз қаланса, тіпті тамаша. )

Қазақ халқы осындай асыл сөздерге құлақ түріп, жаттап алып, ауызша таратқандықтан, бұл сөздер ауыз әдебиетіне жатады.

Сабақ басындағы « сөз » топтамасына қайта оралып, асыл сөздің құнына қорытынды ой айтылуы керек. ( Яғни, сөз - асыл, ойлы, жұмбақ, терең ойлы, біз ойлағаннан да қиын ).

Шешендердің сөздерінен үйге жаттауға тапсырма беруге болады.

Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды мен өз жоспарлауыма қарай қолданамын.

Сабақтан біздің ұтқанымыз:

А) оқушылар өз беттерімен оқыды.

Ә) мазмұнын өздері түсінді.

Б) түсінбеген жерлері ескеріліп, талданды.

В) сөздің қуаты мен құдіреттілігі туралы сезімдері пайда болды т.б.

Бекітемін: Уақыты: 19. 10. 2012.

Сынып: 4

Пәні: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі ( «Талассаң, бағаң кетеді », « Кінәлі аяқтар»).

Сабақтың мақсаты:

1. Шешендік сөздердің мазмұны, ерекшелігі жайлы түсініктерін молайту. Шешендік сөздердің, данышпан билердің халық арасында алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.

2. Ой - өрістерін, сөздік қорларын молайту.

3. Тапқырлыққа, ұтымды сөз тауып, сөйлей білуге, сөзге тоқтай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер жазылған плакаттар, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қызығушылықты ояту.

Жақсы сөз көңіл - ойды идіреді,

Қыңыр сөз амлсыздан күйдіреді.

Әділ сөз пайдасы көп тебірентер,

Бәрі де қисық сөздің кері кетер,- деген Ж. Баласағұн бабамыздың даналық сөзіне көңіл бөліп, бір сәт ойланып көрелікші.

« Топтастыру » стратегиясы. Сөз тақырыбына тіркестер жазу. Аталған тіркестер арқылы топтарға бөліну - « Кубизм » бойынша.

Зерттеу жұмысы:

1 - топ. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

2 - топ. « Өнер алды қызыл тіл » деген мақалды қалай түсінесің?

3 - топ. Сөз - есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл - басына сор әр тұста.

Есепті сөз - ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді « жау » деп ұғын тартыста. ( А. Жүгінеки )

Осы сөзге қолдау немесе қарсылық білдіру.

4 -топ. Салыстыру: адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттердің жеткізер түбі не?

Өз ойыңды Ж. Баласағұн ұстанымымен салыстыр.

Бірі - жаман тоңмойындық, құлықсыз,

Бірі - жаман сөзбен лағу құрықсыз.

Тағы бірі - ең жарамсыз, надандық,

Үшеуі де - надан ісі қараңдық.

Мінез - құлық болса ұшқалақ - жер етер,

Барлық ісі құт болса да кері кетер.

Ашық көңіл құтқа бейім жанасар,

Салмақтылық білімтарға жарасар.

Ізгі мінез көрсетеді келісті ер,

Оның ісі күнде жанып өрістер.

Ендеше бүгінгі сабағымызды осындай шешендік сөздердің бірін түсініп, талқылаудан бастаймыз.

  1. Мағынаны тану.

Мәтінді оқып шығу.

- Басты кейіпкерлер кімдер?

- Өлеңдегі негізгі ой айтылған шумақты оқып бер.

Мән - мағынасын түсіндіру.

Сздік жұмысын жүргізу.

Ел басшылары неліктен Күдеріге жүгінді?

- Күдерінің шешендігі неде болып тұр?

Осы аталған жауаптары бойынша сыныпты жаңа топтарға бөлу: Тапқырлық, алғырлық...

- Шешеннің жүрек ой - толғауы жүгінушіге маңызды ма? Неліктен?

Топтық жұмыс. Ойтолғау.

Топ жұмыстарын тыңдау.

- Дәлел ретінде өздерің оқыған немесе үшінші сыныпта өткен шешендік сөздерді еске түсіре аласыңдар ма?

- Осындай бір дау - дамайдың басын ашып берген Төле би бабамыздың басынан өткен уақиғалардың біріне құлақ салайық:

« Төле бидің жастау кезінде осындай бір қақтығысты жағдай екі ел арасында өтіпті деседі: « Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын елінің белді дектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген 15 жасар Төле билік айтушылардың бірде - біріне көңілі толмай:

Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар!

Өзегі талса ел біткен

Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай бергенде: « Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без » деуші еді. Мына бала кім өзі? » дейді төрдегі би.Төле қасқая қарап тұрып былай дейді:

О, би аға! Он үште отау иесі емес пе?

Кінәлімін бе келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Ала көз болу ағайын адамға лайық па?

Содан кейін Төле қатты толғанып, іштей тебіреніп біраз тұрады. Міне, осы кезде баяғы төрдегі Төле би балаға қарап: « Қысылма, шырақ », - деп, сәл сүйеу - демеу болыпты. Осы кезде өз ойын жұптап үлгерген Төле аңқылдап соққан ақ самалдай:

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз?

Жасы кіші демеңдер,

Жасырынып жауымыз,- деп екпіндете тоқтағанда, әлгі би баланың сөзіне дән риза болып, бар ынта пейілімен:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақса, сақа ғой.

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса, аға ғой, - деп, барлық сонда отырған игі жақсылардың назарын Төлеге аударыпты. Содан кейін әлгі би сөзін қайта сабақтап:

  • Балам, ағалық билікті саған бердім, - деді. Бал Төле жұлып алғандай:

  • « Сары табақтан сарқыт қайтады » деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, солжағын Арғын жайласын, - деп билік айтады.

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, ел арасы жарасып, бітім - берекеге келіпті. Сонда бағанағы аға би:

Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің,

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін,

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайындағы бағы бол! -

деп, бала Төлеге бата берген екен. »

- Бұл жағдайдағы Төле бидің шешендігі неде? Қандай даудың шешімін тауып берді?

- Қазіргі таңда дау - дамайды кім шешеді деп ойлайсың?

III. Ойтолғау.

Шешендік сөздің мән - мағынасына, адам өмірінде алатын орны туралы түсініктеме береді.

« Көп тыңдап, көп сөйлеме, көріп отыр,

Сөзіңді білімменен өріп отыр », -

деген Ж. Баласағұн шешен сөзі бойынша өзіндік пікірлерін қорыту.

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Сабақты қорытындылау мақсатында « Бес жолды өлең » стратегиясы.

  1. Зат есім - 1

  2. Сын есім - 2

  3. Етістік - 3

  4. Мағыналас сөз - 1

  5. Мәндес сөз - 1

Оқушылар білімдерін, жауаптарын бағалау.

Үйге тапсырма. Шешендік сөздерді түсініп оқу. Бірлік, ұйымшылдық туралы мақал - мәтелдер жазып келу.

© 2010-2022